Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және қазақ әдебиеті


Ұлы Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі



бет78/110
Дата12.05.2023
өлшемі345,76 Kb.
#92378
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   110
Байланысты:
19ғ әдебиеті. 1-164 (1)

129. Ұлы Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі.
Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ қоғамының шын сырын ашты. Абайдың шығармалары — өз дәуірінің келелі мәселелерін реалистікпен суреттейтін, мазмұнға бай, ізгі ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.
Абай шығармалары қолдан көшіріліп, қолжазба күйінде не жатқа айтылу арқылы ғана таралды. Ақын өлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 жылы Кәкітай Ысқақов бастырған еді. Ал одан кейін 1917 жылы Құрманов дегеннің редакциясы бойынша Абайдың таңдамалы өлеңдерінің шағын жинағы Орынборда басылып шыққан-ды.
Россия географиялық қоғамы Абай туралы мәліметтерді ерте кезден-ақ бере бастады. 1906-1907 жылғы “Хабарларында” ақынның суретін және ол туралы мақала жариялады.
Абайтану қазір өз алдына бөлек бір ғылым болып қалыптасты. Бұл ғылымды негіздеудегі аса көрнекті ғалымымыз М.О.Әуезовтің еңбегін ерекше атап көрсету қажет. Ол қазақтың классик ақыны Абайдың көркем образын жасаумен қатар, терең ғылыми-зерттеу жұмысын да жүргізіп, абайтану ғылымының негізін салды. Ақын шығармаларын жинастырып, оның тұңғыш толық жинағын шығарды, Абайдың өмірі мен творчествосы туралы фактілерге бай, ғылым тұжырымдары дәйекті де терең , көлемді монография жарияланды.
Абайды зерттеу ісі қазір тек қазақ ғалымдарының ғана шұғылданар ісі болмай, бүкіл Одақ ғалымдарының төл ісіне айналып кетті. Абай шығармаларының басқа тілде басылулары мен ақын жайында шыққан жеке мақалалар мен кітаптар оны қалың қауымға бұрынғыдан да танымал ете түсті.
130. Абайдың жас шағындағы өлеңдері («Сап-сап көңілім»,»Физули-Шәмси», «Тайға міндік» т.б.).
Абайдын, бала кезінде жазған өлеңдері төңірегінде бір кездерде қызу айтыстар да болған еді. Бірақ Абайдың жас шағында жазылды деген шығармаларына күдік туғызған қайсыбір сыншылардың көкейге қонарлық ешбір дәлелі болмаған соң, біз оларға арнайы тоқтап жатуды мақұл көрмедік. Ақынның қалған асыл қазына толық жетпеген соң ол жөнінде талас пікірлер, субъективті жорамалдар, батыл топшылаулар тууы заңды нәрсе. Абайды тану ғылымының қазіргі жай-күйіне келсек, классик ақынның әдеби мұрасын ғылыми жүйеге келтіруге байланысты он шамалы ұсақ өлеңдер мен экспромттарды 1858—1880 жылдардың арасында жазылған деп санап жүрміз, кейде бұл топқа Абайдың белгілі шығармасының бірі «Сап, сап, көңілімді де» қосып қоямыз. Ең алдымен айтатын бір сөз: бұл шығармалардың әлеуметтік мәні мен көркемдік қасиеттерінің деңгейіне қарамастан көпшілігіне тән бір ерекшелігі бар. Бұлар, сөз жоқ, жазба әдебиетінің туындылары (бұл арада біз Абайдың шығыс ақындарына еліктеп жазғандарын айтып отырмыз. Ы. Д.) Демек, ауызша айтылып, бірден-бірге жатқа орындау арқылы таралып жүрген шығармалар емес.
Әдетте Абайдың шығыс ақындарына еліктеп жазған өлеңдерін сөз еткенде ең алдымен үш шығармасын («Иузи-рәушан, көзі-гәуһар», «Фзули, Шәмси, Сәйхали», «Әлиф-би») атаймыз. Бұл өлеңдерді 1933 жылы ақын жинағына түңғыш рет енгізген—Мұхтар Әуезов. Үстірт қарағанның өзінде де бала ақынның шығысқа сырттай еліктегені ап-айқын көрініп тұр. Жас Абай шығыс дегенде белгілі классиктердің поэзиядағы өзіндік өрнегі мен үздік шеберлігінің байыбына барып жатпайды, бүкіл шығыс әдебиетінде эталон ретінде қолданылатын үйреншікті теңеулерді сол қалпында қабылдап, шығыс өлеңнің ырғағын, ритмикасын сақтауды ғана мақсат етіп қояды. Мысалы, «Шығыс ақындарынша» деген шағын өлеңінде жүзді-рәушан, көзді-гәуһәр, бетті-лағил деп теңесе, бір шумақ екінші өлеңінде сол шығыстың ұлы ақындарының есімдерін тізіп, оларды өзіне пір тұта сиынады, «мәдет» тілейді. Бұл тұста бала шәкірт шығыс әлемінің тарихынан өзінің, хабардар екендігін білдіргендей Сүлеймен, Ямшид, Ескендір секілді патшалардың есімдерін атап өтеді («Иузи-рәушан…» өлеңінде).
Жоғарыда аталған екі өлеңге қарағанда «Әлиф-би» көлем жағынан үлкенірек болғанмен айта қаларлық жаңалығы аз. Мұнда да Абай шығыс ақындарына тек сырттай еліктеп отыр. Жас ақын шығысқа тән ерекшеліктердің бәрін жинап, осы өлеңінде толығырақ көрсетуге тырысса да, ақырғы екі жолын мүлдем басқаша бітіреді:
Үтір мен асты-үстілі жазу да бар.
Болуға асты-үстілі көнсең өзің!..
Демек, «ай йузиңе ғибрат еттімнен» бастап, шығарманың аяқ шенінде аузына құдайды алып «Лә илаһа иллаллаға» басқан ақын ақыр соңында сүйікті сұлуына жолдаған хатын тұрпайылау, нақтылау тілек айтып бітіреді. Өзінің дін жолын тұтуға міндетті шәкірт екенін ұмытып, әншейін жүрген ауылдағы қалжыңшыл бозбаланың бірі боп шыға келеді. Екінші сөзбен айтқанда, жас Абайдың, сезімі сергек, ойы дінге уланбаған, шығыс түрін сырттай қабылдаса да, мүлгіп отырып сарнаудан аулақ екенін анық аңғарамыз. Ол тек бір сәтке жаңа түрдің әлеміш бояуларына, яки араб сөздерінін, үнділігіне қызыққан болар, немесе өзінің ақындық өнерін жетілдіру жолындағы мұны да жаттығудың бір саласы деп таныған шығар.
Абайдың осы жылдардағы жазылды деген басқа өлеңдері мен экспромттары ішінен екеуін ғана бөліп алып, ерекше тоқтауға болар еді. Олар: ажуа-сықақ өлең «Абралыға» мен ақынның жастық шағымен қоштасуының поэтикалық айғағы «Сап, сап, көңілім…» деп аталатын әйгілі шығармасы. Әркездерде таныс, кейде тіпті жақын деген адамдарды сықақтап-ажуалаған, сынап-мінеген Абайдың өлеңдері көп екені мәлім. Ақын осы әдетінен өмір бойы танбаған. Бұған дәлел ретінде Көкбайға, Күлембайға, Көжекбайга, Қыздарға, Жақсылыққа, Дұтбайға, тағы басқа адамдарға арнаған бір шумақтан тұратын экспромттан бастап, ел билеуші әкімдердің ұсқынсыз суретін беретін сатираға дейінгі көлемді шығармасын келтірсек те жеткілікті.


131. Абайдың лирикалық өлеңдері. Азаматтық көңіл күй, философиялық толғаныстар. («Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сенбе жұртқа» т.б.).
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.
Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Сондықтан, өмір құбылыстарын суреттегенде оған өз қарым-қатынасын көрсетпей қала алмайды. Өз шығармасында сәулелеңген өмір шындығы туралы өз кесімін айтып, өз «үкімін» шығарады. Абай да өз лирикасының керекті жерінде кейбір қоғамдық қатынастардан белгі бере отырып, өзінің өмірге көзқарасын, таным-тапғамын, идеялық бетін айқындайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет