Хіі ғасыр ғалымы әз замахшаридің Өмірі және шығармашылығы елеужан Серімов



Pdf көрінісі
бет27/28
Дата16.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#93486
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Муккадимат

 
Омонимдер. Сөздікте дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр басқа 
сөздер де жеткілікті. «Мукаддимат» омонимдерін екі бөлікке топтастыруға болады. 
Біріншісі – лексикалық немесе толық омонимдер, екіншісі – лексика-
грамматикалық немесе жартылай омонимдер. 
Мәселен, от (94а) – бірде жанатын от мағынасында берілсе, екінші бір 
қолданыста от (101а) шөп немесе жайылым мағынасында беріледі. Омонимдік 
қатарды құрастырушы сыңарлар бір ғана сөз табына қатысты болып, қалай 
түрленсе де, ол сыңарлар барлық формаларында бір-бірімен сәйкес келіп, толық 
омонимді құрап тұр. Сол сияқты йер (96а) – ер; ай (112б) – астрономиялық атау әрі 
ай башы (183а) – ай басы мезгілді білдіріп, толық мәнге ие болып тұр.
Ал кейбір тіші (103б) – адамның тісі, тіші (103а) – ұрғашы; сары (105а) – 
пайдасы, сары (105а) – сары түс, бурун –мұрын (634-284а), бурун – бұрын (317-
366а) үстеу мағынасында қолданылған омонимдік құрастырушы сыңарлар әр басқа 
сөз табына қатысты болып, олар бір-бірімен негізгі формасында ғана сәйкес келіп, 
басқа формасында ажырасып кетіп, лексика-грамматикалық немесе жартылай 
омонимдік қатар түзеді. 
 
Антонимдер. «Мукаддиматта» мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер 
мейлінше көп. Бір сөзді антонимдер де, мысалы: қатық (295а) – ауслаут 
позициядағы иэлизия құбылысына ұшыраған) – йумшақ (133а) – қатты-жұмсақ, екі 
сөзді антонимдер де (мысалы: оң сары (112а) – сол сары (112а) – оң жақ – сол жақ), 


Elevjan SERIMOV 
үш не одан да көп сөзді антонимдер де (мысалы: күн барт йер (245а) – күн тоғар 
йер (245а) – батыс – шығыс) жеткілікті дәрежеде кездеседі. 
Түбір антонимдер: зат есімді антонимдер: тағ (272б) – йазы (218а) – тау – 
жазық, күн ай (136а) – күн мен ай, йер су (173б) – жер мен су; Түбір сын есімді 
антонимдер: кең (108а) – тар (160а) – кең – тар, көп (264а) – аз (136а) – көп – аз, 
түбір үстеулі антонимдер: кече дағы күндүз (173б) – түн мен күндіз. 
Туынды антонимдер: бұның көп бөлігі сын есімді болып келетінін 
аңдаймыз: ағыр (227а) – йенгіл (223а) – ауыр – жеңіл, арық (105б) – арықсыз (125а) 
– таза – лас, аһісте (98а) – чапық (403б) - әсте – шапшаң, біліклік (119а) – білік. 
Айта кетет нәрсе, екі ұдай мағына беретін сөздердің түркішесімен 
моңғолшасын қатар беріп отырады. Мысалы: ғар – қар – (блудница) – кейінгі 
тілімізде «мұңдар қар» деген тіркесте кездеседі, бұл тіркес батырлар жырында 
мейлінше жиі ұшырайды. «Уй» – сиыр (бұқа) – 143 б. «Ғушр қойды» – қусырып 
отыр – 393 б.
«Бұ тәңір діні» деген тіркестің өзі сол кезеңдерде ислам мен тәңіршілдік те 
қатар болғандығының айғағындай. «Екі қат қылған» (сделанның вдвое больше) – 
(304 а) тіркесіндегі «қат» сөзі тілімізде «жеті қат көк» деген сзінде кездеседі. «Йар» 
– (261 а.) – друг – «дос» кейінгі нұсқасы парсыдан енген.
«Аяғын тартты» (222 б.) – абайлады деген мағынасында айтылған сөз әдеби 
тілге тән белгі десе де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет