Кірме сөздер (араб, парсы, монғол тілдерінен енген сөздер). Араб- парсы сөздері. Тілдердің өзара қарым-қатынасы, бір-бірімен байланысының
зерттелуі көбінесе тіл білімінің лексика саласына тән. Басқа тілдердің
элементтері араласпаған бірде-бір “таза” тіл жоқ деген қағидаға сүйенсек, түркі
тілдерінің ішінде өзінің тазалығын, тұтастығын, өзіне тән ерекшелігін өз бойына
көбірек сақтап келе жатқан қыпшақ тілі де шет тіл элементтерінен ада емес.
Талайғы ғасырлар бойына қыпшақ лексикасы басқа тілден енген кірме сөздер
арқылы да толығып, үздіксіз байып отырды. Міне, осындай қыпшақ тілдік
қорында әр заманда қабылданып, қыпшақ сөздерімен мидай араласып кеткен, бір
қарағанда тіпті төркіні ұмыт болып, төл қыпшақ тіліне айналып кеткен кірме
сөздер “Мукаддиматта” да көптеп кездеседі.
Түркі тіліне елеулі әсер еткен, оның мағыналық қорында айтарлықтай із
қалдырған тілдерге араб, парсы-иран және моңғол тілдері жатады.Түркі тілдеріне
енген араб және иран тілдерінің элементтері моңғол тілімен салыстырғанда
көбірек зерттеліп келеді.
Түркі халықтары иран тілдес халықтармен ежелден қоныстас болып,
әлеуметтік-қоғамдық өмірдің түрлі салаларында жан-жақты қатынас жасап,
араласып-құраласып тұрған. Яғни бұл тілдердің бір-біріне әсер етуі әріден
басталған. Оның бер жағында арабтар Орта Азияны жаулап алып, өз мәдениетін,
ислам дінін насихаттап, ғылыми еңбектерде, шаруашылық, сауда, әкімшілік-
басқару жұмыстарында араб тілі кең тарап, етек ала бастайды. Міне, осы кезеңде
түркі халықтарының тіліне жүздеген, мыңдаған, араб сөздері енеді. Алайда, бұл
жерде мынаны ескерген жөн. Түркі тілдеріне тікелей енген араб сөздерінен гөрі
парсы тілі арқылы енген араб сөздері әлдеқайда басым. Яғни, парсы тілі аралық
тіл есебінде қызмет еткен. Оған қоса түркі халықтарының әдебиеті өткен дәуірде
арабқа қарағанда парсы әдебиетінің ықпалына көбірек ұшыраған. Айта кетерлік
жайт: иран (жазба әдебиеттегі иранизмдер негізінен парсы сөздері)
элементтерінің араб элементтерінен аз болу себебі: парсы тілі араб сөздерін
барынша көп қабылдап алған. Осылайша, араб, иран тілдерінің элементтері түркі
халықтарының ауызекі тіліне де, жазба әдебиетке де енген. Бірақ зерттеушілердің
айтуына қарағанда
36, 158
. ауызекі тілден енген кірме сөздерден жазба
әдебиетке енген сөздер әлдеқайда көп.
Орта ғасыр жазба мұралары – Құтбтың “Хусрау уа Шырын”, Сейф
Сарайидің “Гүлстан бит-түрки” шығармаларындағы кірме элементтерге
лексикалық-грамматикалық талдау жасаған белгілі ғалым Б. Сағындықов: “Жаңа
тілдің қарауына көшкен сөздер сол тілдің дамуының ішкі заңдылығына
бағынады. Соның салдарынан оның дыбыстық құрамы, грамматикалық қасиеті
кейбір жағдайда семантикалық мағынасы өзгеріске ұшырайды. Мұндай сөздер
бірте-бірте сіңісіп кетеді, шет ел сөзі екені аңғарылмайды да. Алайда бұл
айтылған ерекшеліктер негізінен ауызекі тілге енген сөздерге ғана тән. Жазба
әдебиетке енген сөздерден мұншалықты өзгерістер байқала қоймайды. Көп
жағдайда, тіпті түгелдей дерлік, төл тілдегі қасиеттерін сақтап қалады”
37,158
– дейді. Кезінде А.А.Реформатский де: “При втором – книжном – пути
заимственные слова и позвуковому виду и по значению ближе к оригиналам, но
Elevjan SERIMOV зато они дольше остаются неосвоенными варваризмами в заимствующем языке
сохраняя некоторые черты чуждые фонетике и грамматике заимствующего
языка”
38,483
– деген болатын. Жалпы араб, иран элементтерінің лексикалық-
грамматикалық сипаты және олардың қолданылу жай-күйі барлық орта ғасыр
әдеби мұраларында бірдей болса, жоғарыда келтірілген Б. Сағындықовтың сөзіне
алып-қосарымыз жоқ.