Араб сөздері. Араб сөздерінің көпшілігі абстракты мағынада қолданылған.
Себебі араб сөздері діни ұғымдарды білдіреді: ант – 102а, асыл – тек 362 б, аһд –
талап ~ шарт ~ міндет – 102б, аманат – 105б, азад – азат – 109б, амин – әумин,
осылай болсын - 100б, арайы – 104а, арал – 104а, суннет – 361а, намаз – 373а,
ақшам – 373а, баракат – берекет – 117а, борч – борыш – 120б, бахт – бақыт – 114б,
варах – парақ – 251б, васиет - өсиет – 216б, вақт – уақыт – 199а, вафа – опа – 373б,
давлат – дәулет – 126б, дад – дат – 137б, деліл – дәлел – 95б, дін – 159б, дуға – дұға
– 147б, дүнийа – дүние – 157а, факир – заңгер – 168б, иджазет – шешім – 196б,
һүкум – үкім – 157б, джебаб – жауап – 254а, зекет – зекект – 314б, залым – 262б,
талақ – 339б, ғаріб – ғаріп – 178а, ғибрет – ғибрат – 392б, ғашық – 360б, кесб –
кәсіп – 209а, садақа – 268б, қағба – 196а, залым – 202б, кафир – кәріп – 212а, хағад
– қағаз – 131б, қалам – 383а, һаджет – қажет – 225а, һүкүм – үкім – 157а, һерекет -
әрекет – 373б, феріште – періште – 100б, дестүр – 139а, ғакреб – ақырап – 404а,
лайик – лайық – 232б, мүшкүл – мүшкіл – 147а, муһаббат – махаббат – 241а,
мусулман – мұсылман – 242а, мусафір – мүсәпір – 241б, муса – Муса – 241б,
қыйамат күні – қиямет күні – 297б, құрбан айы – 186а, сабыр – 227а, селем – салем
– 320а, сафар – сапар – 208б, сағат – 252б, сыр – 107б, сыфат – сипат – 223б, табиғт
– 317а, фил – піл – 199а, хабер – хабар – 229а, халқ – халық – 203б, һыдмат –
қызмет – 204а, хайанат – қиянат – 157б, шікер – шекер – 333а, һаджі – қажы – 210а,
шайтан – 353б, т.б.
Парсы сөздері. Парсы сөздерінің қомақты бөлігі конкреттік мағынада:
абруй – абырой – 258б, азад – азат – 109б, азар – азар ~ ызы – 109б, ашқара -
әшкере – 195б, баға – баһа – 402б, базар – базар – 115б, бағ – бау бақша – 402б,
бағчы – бағбан – 402б, бела – бәле – 334а, девһер – гауһар – 172а, гүр – көр, мола –
188а, гүл – гүл – 110а, 172б, дайым – дәім, әрдәйім – 380а, данишменд – данышпан
– 383б, дар – дар ағашы – 403б, дава – дауа – 274б, дағва – дау (тяжба) – 403б, дост
– дос – 103а, душман – дұшпан – 344а, джефа – жапа – 244а, джан – жан – 101а,
джиһан – жаһан, жиһан – 304б, джаванмард – жуанмәрттік – 203б, зийан – зиян –
302б, йар – жар – 261а, нишан – нышан – 117а, пешіман – пұшайман – 284а, наурыз
– 274а, наһақ – 247а, наиб – наиб – 196б, назір – нәзір – 208б, неджіс – нәжіс – 248а,
сарай – 93а, тазе – таза – 159а, чырағ – шырақ – 169б, шеһер – шахар – 109а,
сешенбе күні – сейсенбі күні – 180а, пеншенбе күні – бейсенбі күні – 338а,
иекшенбе күні – жексенбі күні – 252б, дүшенбе күні – 305а, т.б.
Тіліміздегі мағынасы тарылған сөздер: дад (дат), бетүт күн (соттасар
күн), есір (тұтқын), мүкетеб (еркіне жіберілген), дар (дар ағашы), т.б.
ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
Тіліміздегі мағынасы кеңейген, қазіргі тілдік қолданыста жиі кездесетін
сөздер: адаб (әдеп), аманат, ант, азад (азат), бахт (бақыт), бисмиллаһ, дуға (дұға),
китап (кітап), сир (сыр), сурат (сурет), һыдмат (қызмет), һүджеджет (құжат),
мүһүр (мөр), шакар (шекер), ғашиқ (ғашық), т.б.
Бұл айтылғандарды жинақтай келе мына мәселелерге назар аударамыз:
- біріншіден, араб, парсы-иран сөздері сонау «Мукаддимат» заманынан
бермен қарай түркі тілдерінің лексикалық құрамына еніп, мағынасы, тұлғасы
жағынан біртіндеп игеріле бастаған;
- екіншіден, араб, парсы-иран сөздерінің түркі лексикасында, барлық
салаларында актив топтары қалыптаса бастаған.
Түркі тілінің, оның ішінде қазақ тілінің сөзжасам процесіне араб, парсы-
иран сөздерінің қатысы бірдей дәрежеде деуге болмайды, оларға тән мынадай
ерекшелікті атап көрсету керек:
1. Бірқатар араб, парсы-иран сөздері түркі (қазақ) тіліне туынды түрде
(жұрнақтармен) кірген. Мысалы: аманат, хийанат, залым, шарахат, т.б.
2. Түркі тіліндегі араб, парсы-иран сөздері құрамына ешбір жұрнақ
қабылданбай-ақ, жеке сөз ретінде қолданылатын сөздер аз емес. Мысалы: аһд, ант,
дост, гүл, аспан, шарт, зина, т.б.
3. Кейбір араб, парсы-иран сөздері тек көмекші етістіктермен тіркесіп
келіп қосылады: ант ічті, дад берүр күн, кең манқышлық болды, сешенбе күні,
пеншенбе күні, иекшенбе күні, дүшенбе күні, т.б.
4. Кейбір сөздер бөлігі белгілі бір түбі түркі сөздермен не араб, не парсы-
иран сөздері өз ара тіркесіп, қосарланып келеді. Мысалы: қаулы-қарар, талан-
тараж, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |