Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы



бет21/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Химия дидактикасы кешен

Ұгымдарды дамыту негіздері. Химия ғылымьшың, даму барысында теориялық деңгейінің көтерілуіне байланысты, негізгі ұғымдарының мағынасы кеңейіп, тереңдейді. Мектеп курсында әр ұғымның ғылым тарихындағы қалыптасу жолын айнытпай қайталау міндет емес. Дегенмен, оқушылардың әзірлігін, жас ерекшелігін ескеріп, ұғымның мағынасын біртіндеп ашып, дамытуға тура келеді. Мәселен, зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сәйкес дамытылады; физикалық дене —►заттар элементтік құрамы—► элементар бөлшектер—► иондық құрамы—► материяның бір түрі.
Сызбанұсқаға қарағанда зат туралы алғашқы ұғым тәжірибе жүзінде бірнеше физикалық денелердің ортақ белгілерін табу арқылы қалыптасады (1). Бұдан соң атом молекулалық теорияның (2), электрондық теорияның (3), электролиттік диссоциациялану теориясының (4), жалпы материалистік көзқарастың (5) тұрғысынан дамиды.
Қиыншылықты бөлу негізі. Бұл негіз химия курсының мазмұнын анықтауда әр қилы шешім тапты. Мұндағы негізгі мәселе -оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орнын тиімді анықтау. Оқушылар тікелей бақылауға негізделмеген теориялық материалдарды игеруге қиналады. Сондықтан оларды бір жерге топтастырмай, қиыншылықты бөлу негізіне сәйкес кластарға бөліп орналастырады. Деректі материалдар теорияның алдынан және соңынан қарастырылады да, бірінші жағдайда теорияны түсіндіру, екінші жағдайда бекіту, нақтылау жэне дамыту мақсатын көздейді.
Қиыншылықты бөле білу негізі ұғымдарды дамытуға тығыз байланысты. Негізгі химиялық ұғымдар теориялық деңгейіне қарай курстыц әр жерінде өтіліп дамытылады. Мәслен, валенттілік ұғымының VII сыныпта эмпирикалық түсінігі, VIII сыныпта электрондық тустнігі беріліп келді. Эмпирикалық ұғымның өзі, алдымен қосылу, соңынан орын басу реакциялары арқылы эр тақырыптарға белініп беріледі.
Қиыншылықты бөле білу негізіне сәйкес терминдердің мағынасы да біртіндеп ашылады. VII сыныпта атом - химиялық бөлінбейтін заттың ең кішкене бөлшегі деп анықталады да, VIII сыныпта атомның элементар бөлшектерден тұратын күрделі құрылысы түсіндіріледі.
VIII сыныпта электрондардың атомдағы күйі, периодтылықтың себебі туралы күрделі материалды толық және терең қарастыру мүмкін еместігінен, бұлардың негізгі бөлігі XI сыныптағы жалпы химия курсына көшірілді.
Политехнизм негізі. Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия курсының мазмұнына енгізілетін материалдар: 1) алдыңғы қатардағы химия өндірістерінің жэне негізіне химиялық эрекеттер жататын кейбір ондіріс орындарының шикізаттары, онімдері, технологиялық барысы, қажет болған жағдайда қондырғылары мен аппаратары; 2) ондірістің жалпы және химияға тән ғылыми негіздері; 3) халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары, басқа пндірістермен байланысы, ауыр индустриядағы алатын орны; 4) химия өнеркэсібінің дамуы, қазіргі жайы, өркендеу перспективалары; 5) химия өндірістерінің экологиялық мәселелерін шешудегі мәні; 6)кәсиптік бағдар беретін материалдар.
Келтірілген материалдар оқушылардың ғылыми-техникалық ой -орісін дамытуға бағытталған. Бұлардан басқа гюлитехнизм пкушыларды сарамандық іске бейімдеу, тұрмыста жэне табиғатта жиі кездесетін заттармен жұмыс істей білу біліктері мен дағдыларын қалыитастыру мақсатын көздейді.
Тарихи негіз. Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз – химия ғылымын дамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі және болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру. Тарихи негіз екі бағытта жүзеге асады: біріншісі - орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылысын анықтағанда ғылымның тарихи даму логикасын ескеру, екіншісі - химия элементтердің заттардың, химия гылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың өмірі мен еңбектерінен мәлімет беру.
Бірінші бағыттың негізінде теориялық козқарастардың орналасу реті.анықталады, Мұнда оқушыларды ғылым тарихындағы адасулар мен қателіктерге соқтырмай, тура жолмен алып жүру максаты көзделеді,Екінші бағыт бойынша оқу материалыньвд мазмұнына кіретіндер,Кен таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы оттегі мен суттегінің ашылу тарихы жөнінде мағлұматтар беру; 2) атом-молекулалық ілімінің негізін қалаған М.В. Ломоносов, Дж,Далтон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) массаның сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов жэне А. Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет