Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы



бет18/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
Химия дидактикасы кешен

Дәріс №11 Химия дидактикасы оқу пәні және ғылым ретінде дамуы

Химиялық дидактика – бұл орта және жоғарғы мектептегі химияны оқыту үдерісіндегі білім беру (оқыту, тәрбиелеу және дамыту) туралы интегративті ғылым. Ол химиялық білім берудің мақсатын, мазмұнын, технологиясын, ерекшеліктері мен жүйелілігін ескере отырып оның нәтижесін бағалау әдістемесін анықтайды. Химия дидактикасының басқа жеке химияның әдістемесінен айырмашылығы барлық білім беретін оқу орындары үшін химиялық білім берудің жалпы жүйелілігін ашады.


Заманауи мектептегі химиялық білім беру үдерісі химиялық дидактиканың объекті болып саланады.
Химиялық білім беру әдіснамасы, теория және тәжірибесі химиялық дидактиканың пәні болып табылады. Олар мынадай үш сұрақтың шешімімен байланысты:
1. Химияны не үшін оқу және оқыту керек?
2. Нені оқу және оқыту керек?
3. Қалай оқу және оқыту керек?
Пәнмен байланыстыра отырып химиялық дидактиканың негізгі міндеттерін құрастыруға болады:
1) Химиялық білім берудің мақсаты мен міндетін анықтау;
2) Химиялық білім берудің мазмұнын анықтау;
3) Химиялық білім беру үдерісінің жүйелілігін анықтау және жүзеге асыру,
4) Білім беру үдерісінің шарттарын, құралдарын, формаларын, әдістерін, технологияларының мазмұнын жасау;
5) Химиялық білім беру үрдісінің нәтижелерін және сапасын бағалау, студенттердің химия пәнін игеру үдерісінсін оқыту және жетілдіру.
Дидактиканың негізгі функциясы химиялық білім беру оқыту мен техниканың үздік жолдарын, студенттер химиялық білімді, тілді, химия ғылымының әдістерін, нақты дағдылар, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін меңгеру әдістерін табу және іске асыру болып табылады.
Химиялық дидактиканың ғылым ретіндегі маңызы ол химиялық білім беру үдерісінің жүйелілігін анықтау, яғни білімсіз химиялық білім берудің оңтайлы әдістемесін және теориясын анықтау мүмкін емес, сонымен қатар қатысушыларға химияны оқытуда, тәрбиелеу және дамытуда айтарлықтай табысқа жету.
Химия дидактикасының ең тиімді әдістемесі дұрыс химиялық білім дидактикалық тәжірибесін, химияны оқытудың қазіргі жай-күйін түсіндіру үшін және оны одан әрі дамыту перспективаларын болжау қабілеті, интегративті әдістемесі, оның функциясы интегративті тәсілді жетекші жүзеге асыру инфрақұрылым болып табылады. Интеграциялық тәсіл - әдістемелік тәсіл, бір мезгілде бұрын шашыранды және әртүрлі компоненттерін тұтас бірігуі. Мұндай компоненттер ретінде химиялық білім берудің мақсаттары, мазмұны, құралдары, технологиялары, әдістері, нысандары, шарттары, сондай-ақ әдістемелік тәсілдер, жетекші идеялар, заңдар бола алады. Интеграциялық тәсіл – бұл жүйелі және кешенді тәсілдердің бар жақсы қасиеттерін бірлестірген әдіснамалық тәсіл. Интеграциялық тәсілдің әдіснамасын интеграциялық әдіснамадан ажырата білу керек.
Химия дидактикасында қолданылатын ғылыми зерттеу әдістерін мынадай түрде топтастыруға болады:
жалпы ғылыми (әдеби бастауларды тарихи-логикалық және теориялық талдау, жүйелендіру, моделдеу);
жалпы педагогикалық (педагогикалық тәжірибе, анкета жүргізу, педагогикалық бақылау, мұғалымдермен және оқушылармен сұхбаттасу);
арнайы (мектептегі химиялық білімді жүзеге асыру үшін химия ғылымынын мазмұнын қайта құрылымдау, химиялық білім беру мазмұнынның сараланған критерилерін жасау, инвариантты және варивтивті оқу материалдарын саралау, демонстрациялық және лабораториялық химиялық тәжірибелерді жаңғырту және қайта жасау, көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңасын жасау, жаңа химиялық құрылғыларды жасау, химиядан факультативті арнайы курстар мен сыныптан тыс сабақтар үшін өзіндік жұмысқа арналған дидактикалық материалдар).
Химия дидактикасы ғалым ретінде басқа көптеген ғылымдармен (биология6 математика, информатика, физика, экология және т.б.) тығыз байланысты, әсіресе (1-сызба) педагонһгикалық (П), психологиялық (Пс), химиялық (Х) ғылымдармен және химиялық дидактиканың жеке әдістерімен (ХОӘ) тығыз байланыста. Химия дидактикасының (Д) тетраэдрлық моделі химия дидактикасының маңыздылығын ғылыми білімнің (Д, П, Пс, Х) төрт негізгі жүйесін интегралдау үдерісінде көрнекі түрде бейнелейді. Бұлардың әрқайсысы арнайы қызметтер (білім беру, тәрбиелеу, дамыту және пәндік-ақпараттық) атқарады.
Химия дидактикасында ең алдымен қазіргі заманғы химия пән мұғалімінің кәсібилігі қарастырылады.Оның ішіне химия білім берудің мақсаты мен міндеттері, осыған байланысты білім мен біліктің кәсіби мағынасының дәрежесі мен көлемі белгіленді және осыған сүйеніп жаңа ұрпақтың білім беру стандартына сәйкес маман дайындаудың кәсіби қасиеттерін жоғарылату көзделеді.
Сонымен қатар дидактикада химия пән мұғалімінің қазіргі заманғы мамандандырылған мінездемесі қарастырылады. Бұл міндеттеменің болуы - мамандандырылған мінездеме мұғалімнің білім берудегі маңызды мәселелерді шешуге дайын болуына мүмкіндік береді. Химия пән мұғалімінің қазіргі заманғы мамандандырылған мінездемесі функционалды - құрылысына негізделген. Осы квалицикацияға байланысты химия дидактикасы он бес негізгі топтардың білім беру мәселесін шешуге бағытталады. Олар:
1. Қазіргі заманға сәйкес негізгі, орта мектептің химия білім берудегі арнайы және негізгі мақсаттарын реттеу;
2.Әрбір білім алушыға, білім беру топтарына, сол мектептің ерекшеліктеріне байланысты химия оқулығын негізгі мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып ондағы мәліметтерді іріктеу;
3.Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтарда химияның білім беру мазмұнының түрлі жолдары мен сабақтың үлгілерін құрылымдау;
4.Химияны оқытуда қазіргі заманға сай оқыту технололигиялары, дәстүрлі және инновациялық технологиялардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап білім алушыларға тәрбие, білім беру;
5. Білім беру шарттарын түрліше қолданып, жобалау; (білімді - мәліметті, санитарлы - гигиеналық, эргономикалық, моральді - психологиялық, экологиялық және т.б. )
6. Еңбектің ғылыми ұйымымен (ЕҒҰ) сәйкес білім алушының бейімділігін, химия пән мұғалімінің сонымен қатар лаборанттың жеке педагогикалық қызметін, оқыту сыныбының жұмысын ұйымдастыру;
7. Ынталандыру және бағыт беру арқылы химия сабағын үйретуде оқушыға тәрбиелеу және дамыту, есептерді шешу жаттығуларын шешуді үйрету;
8. Әртүрлі білім ордасында (лицейлер, колледждер және т.б.)химияны оқыту үрдісінде білім алушының оқыту - бейімділігін басқару;
9.Химияны оқытуда күтілетін нәтижелер мен шынайы нәтижелерді жүйелеу;
10. Тек білім алу мен еңбектенуді ғана біліп коймай, субъективті қарым - қатынас жасауды да ұйымдастыру;
11. Тұлғаның шығармашылық белсенділігін арттыруға арналған мәселерлерді шешу және зерттеуді қажет ететін жаттығуларды сабақта, сабақтан тыс және қосымша сабақтарда да ұйымдастыру;
12. Оқушының химия сабағын оқыту үрдісінде интерсоциалды қасиеттерге тәрбиелеу: шыншылдық , білім мен тәрбиеге талап, табиғатқа, шығармашылық белсенділік.
13. Оқушылардың бізді қошаған химия туралы түсініктерін, химияға деген эмоционалды - ерікті қасиеттерін, бейімді қызығушылықтарын дамыту.
14. Химияны оқытудың нәтижелерін бағалау: химиялық білімінің құрылымының дәрежелері, химия ғылымына деген көзқарасы мен сабақтағы мүмкіндіктері, табиғатқа, химиялық технологияға, химиялық өнеркәсіпке және т.б.
15. Химия пән мұғалімінің жұмысының тәжірибесін дамытып отыру, өзінің жұмысына үнемі анализ жасау, өзін - өзі бақылау, педагогикалық шеберлікке жету үшін өзін - өзі үнемі шыңдап отыру, білім беру саласында жоғары дәрежедегі кәсібилік пен инновациялық стильді меңгеру.
Кәсіби біліктілікті құрылымдаудың негізі және мұғалімнің дидактикалық дайындығының ядросы - химия дидактикасы туралы теориялық білім болып саналады.
Химия дидактикасының мазмұны интегративті амалдың әдістемесі арқылы,білім мен тәрбие, білім беру құралдарын кешенді қолдану, пәнаралық интеграция ішінде,теория мен практика бірлестігі, сонымен қатар химия білім берудің жан - жақты бағыттылығы арқылы ашылады.
Өзін - өзі бағалау жұмыстары кәсіби мағыналы және шығармашылық білікті құрылымдау,дидактикалық білік пен көптеген күрделі жалпы педагогикалық өңдеу үшін керек.Қазіргі заманғы химия білім беру концепциясына сай мұғалім сбақ жоспарын сараптай алу, химия дидактикасы туралы түрлі әдебиеттерді оқу, химия білім берудің мақсаттары мен міндеттерін анықтап, құрылымдай алу (оқыту, дамыту,тәрбиелеу), оқу материалдарын таңдап алу, қолданысқа келетін технологияларды жүзеге асыру, нәтижелерін жүйелеу және қорытынды жасау, оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау, білім беру практикасының қажеттіліктерін теориямен ұштастыра білуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет