Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы


Дәріс №13 Мектеп химия курсының мазмұны Химия курсының мазмұнын таңдауга және оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар



бет20/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Химия дидактикасы кешен

Дәріс №13 Мектеп химия курсының мазмұны


Химия курсының мазмұнын таңдауга және оқытуга қойылатын дидактикалық талаптар. Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады жэне оқытылады: ғылымилыгы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.

  • · Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сэйкес келіп, заттар мен қүбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізу тиіс. Ол үшін жетекші теориялардың орны дұрыс анықталып, жеткілікті деректі материалдың негізінде енгізілуі керек.

  • · Жүйелілігі. Оқу материалы ғылым логикасына сэйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастыралады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, эсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі. Ол үшін деректі материалдарды заттар және химиялық реакциялар туралы ұғымдар жүйесіне біріктіреді.

  • · Түсініктілігі. Бұл ғылыми негізге- кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалдарының түсінікті болуы көлеміне жэне ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дэрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп согады. Оқушылар химиялық қосылыс жэне қоспа ұғымдарымен нақтылы мысалдар арқылы танысқан соң ерітінділер өтіледі. Осыған орай оңайлату үшін ерітінді ұғымына қосылыс деп те немесе қоспа деп те анықтама беру жөнінен химиялық қосылысқа (еріген зат жэне еріткіш бөлшектерінің өзара эрекетессуі), екіншілері бойынша қоспаға (құрамы тұрақсыз) ұқсайды.

  • · Саналылық және белсенділік негізі - оқыту барысында мү_ғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пэнге қызығуын жэне білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.Ғылым тілін меңгеруге байланысты саналылық негізінің маңызы арта түседі. Оқушылар термин арқылы берілетін ұғымның негізгі белгілерін, қажет жағдайда, зат атауының шығу төркінін, химиялық символиканың мәні мен магынасын түсінуі, солар арқылы белгіленген заттар мен қүбылыстарды елестете білуі керек. Мүның өзі оқушылар білімінің жаттанды жэне үстірт болмауын қамтамасыз етеді.

  • · Көрнекілік принципі - дидактикалнық ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызы орын алады. Оқушылар білімді заттар мен химиялық эрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс. Бүл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула қүрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суреттерін, сызбанүсқаларын пайдаланады. Осының бэрінде оқушылар жан-жақты бақылау жасауға, эр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нэтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.

  • · Теорияның сарамандыққа байланыстылығы. Бүл -оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін омірмен, қоғамдық қүрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың ондіріске енгізілуін, ал химия онеркәсібінің қажеттілігі ғылымның дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн. Мәселен откен ғасырда азот тыңайтқыштарын молынан ондіру, оқ-дэрі жасайтын нитрат алу қажеттігі туғанда химиялық байланыстырудың мәселесі қойылды. Осыған орай аммиак синтезінің жағдайларын, химиялық тепе-теңдікті қалаған жағына қарай ығыстыру шарттары, әрекетті жүзеге асыру қүралдары мен негіздері жан-жақты зерттелді.Соз болып отырған принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алган теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда жэне өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп құрастырылады.

  • · Орта мектептегі химия курсының мазмүның сүрыптау негіздері. Химияны оқыту эдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген: мазмүнынның түтастығы; ғылыми дэлдігі жэне қүндылығы; оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен үйлесімділігі.Бүлар оқу пэндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі химия курсының мазмұнын іріктеудің кейбір өзіндік негіздері химиядан сабақ беру әдістемесінде талданған. Енды соларға тоқталып отейік.

  • · Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қазіргі ғылыми-техникалық даму дәуірінде жеке ғылым салалары қорыштап дамыды. Қайсыбір топшылауларға қарағанда, әр 7-10 ғылыми ақпараттың көлемі екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін-дүркін қайта қарап, жаңалықтармен толықтырып отырып отыруды қажет етеді.Оқу пәні ретінде химияның мазмұнына деректі материалдар, Жетекші теориялар мен заңдар, өңдірістік материалдар енгізіледі. Осылардың әрқайсысы соны деректермен, химиялық технологияның жаңалықтарымен, жаңа иедялармен толысуы керек.Химия курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда таңдаған жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ешінен ең іргелі білім мен біліктері іріктеліп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады, олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан түсіндіреді.Демек теория мен деректі тәжірибелік білімнің арақатынасын тиімді анықтау - аса маңызды әдістемелік міндеттердің бірі.Деректер теориялық көзқарарсты жетік меңгеретін дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері көбейіп кетсе, кері нәтиже береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет