Оқушының таным жолы – нақты дидактикалық принцип құбылыстарды сезінуі. Бұл таным көзі ретіндегі заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұруымен байланысты. Ол оқытуды сол күйінде аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан келіп оқытудың көрнекілік принциптері шығады.
Педагогика тарихында ең алғаш принциптің бірі көрнекілік принципі.
Я.А.Коменский өзінің дидактикадағы белгілі алтын ережесінде тура анықтама береді.
«Қабылдауға болатынның барлығы сезім арқылы болады. Көрнекіліктерді көру арқылы, естілетіндерді құлақпен, иістер иіс сезумен, дәм дәм сезумен, сипап сезу қолмен, ұстау, сипап көру жолымен жүзеге асады». Бұл оның «Ұлы дидактика» және «Суреттегі сезімдік заттар әлемі» атты кітаптарында баяндалған.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шындау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізу үшін қолданылытын ережелерді атап өтейік:
- «Алтын ереже»: көруге болатынды- көрсету, есте алатынды- естіру, сезіне алатынды- оқушылардың сезім мүшелеріне сездіру, түйсік туғызу.
-Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көоу арқылы әрі тез есте сақтайтының қамтамасыз ету;
-Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын қамтамасыз ету;
-Көрнекілік көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылады;
-Оқушылар заттарды қолмен ұстап, көлемін түр-түсін байқап, көзімен көруге және әртүрлі дыбысын естуге жағдай жасау;
-Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ыниасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады;
-Көрнекілік бақылау білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады;
-Көренекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным ерекшеліктерін ескере отыра пайдалану.
К.Д.Ушинский көрнекілік мәселесіне көп көңіл бөлген. Көрнекілік деп ол барлық сезім организммен қабылдап түсінеді. Ол: көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді. Балалар заттардың пішінін, дыбыстарды бояуы арқылы ойлайды ,- дейді.
Көрнекілік принципі мұғалімнің әртүрлі көрнекі оқу құралдары мен оқыту, техникалық құралдар, кітаптар, карталар, кестелер және басқа да ашық бояулы анық та айқын өрнектеліп баспадан шыққан оқыту құралын пайдалануда өз көрінісін табады.
Мектепте көрнекілік принципінің төмендегі түрлі пайдаланылады:
1. Табиғи көрнекілік коллекциясындағы кепкен өсімдіктер, минералдар, ылғалды препараттар жатады.
2. Заттар мен бейнелеу көрнекілігі, геометриялық фигуралар, магниттер, портрет, мүсін үлгілері т.б.
3. Символикалық көрнекіліктер, карта, картограмма, схема, кестелер жатады.
Кесте түрлері:
Тақырыптық
Графикалық
Хронологиялық.
4. Экранды динамикалық көрнекілік шындық бейнені көрсетеді: диафильм, диопозитив, оқу киносы, оқу теледидары.
5. Дыбысты техникалық көрнекіліктер: магнитафон, радиоқабылдағыштар, грампластина.
Көрнекілік оқу материалын, әсіресе теориялық мәселелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады. Оны оқу процесінің барлық кезінде пайдалануға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алып отыру қажет.