Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы


Дәріс №3 Оқытудың заңдары, заңдылықтары және принциптері Дәріс жоспары



бет4/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Химия дидактикасы кешен

Дәріс №3 Оқытудың заңдары, заңдылықтары және принциптері


Дәріс жоспары:
1.Оқытудың заңы,заңдылықтары және ұстанымдары түсінігі
2.Оқытудың негізгі заңдарына, заңдылықтарына шолу
3.Оқыту ұстанымдары және ережелері.

Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы обьектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар обьектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.


Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке болып бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттарын , саяси әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
- Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейлеріне тәуелді.
- Білім беру, тәрбиелеу өзара байланысты.
- Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқу сапасы жоғарлайды.
- Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әркетіне тәуелді.
- Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
- Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдеріннің өзгеріп, жаңартып, толықтыруы.
- Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
- қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырас тәрбие мен оқыту жүйесін қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң;
- білім алу, іс-әркет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысты туралы заң;
- оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң;
- оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланыс туралы заң.
Заңдылықтар мен заңдарға ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді.
Принцип(латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида, негізгі бастапқы деген ұғымды білдіреді. Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұның, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықталатын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категогрияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің принциптері деп атайды. Олар оқу пәндерін оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар болып табылады.
Дидактика принциптері оқу мақсаттарымен және оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің заңдылықтарымен тығыз байланысты. Принциптердің тұжырымдамасының негізгі қайнар көзі – оқыту практикасы, мұғалімнің іс-тәжірибесі мен ізденісі. Бұл кейіннен таратылып бір ұғымға келтірілді, жинақталды.
Дидактикалық принциптерге ең алғаш негіз салған Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Пестолоцци еңбектерінен көруге болады. Олар принциптің бірігуін басты деп санап, соның негізінде дидактикалық принциптің бүкіл жүйелерін құруды ұсынды. Оқыту принциптерін жасауға неміс педагогы Ф.А. Дистерверк (1790-1866) және орыс педагогы К.Ушинский үлкен мән берді, көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп көрнекілік – балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды дейді.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйсі:
-ғылымилық;
- саналылық пен белсенділік;
- көрнекілік;
-жүйелілік пен бірізділік;
- беріктілік;
- тиімділік;
- теория мен тәжірибенің байланысы.
Осы принциптерді қарастырмас бұрын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогикалық қызметінің бейнеленуі. Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшеу жолдарын айқындайды. Заңдылықтар мен принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қортындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады.
Жүйелілік пен бірізділік принципі
Білімнің меңгерілуі үшін ол тек қана түсінікті ғана болмауы керек сонымен бірга тәртіпке келтірілген және білім жүйесіне біртіндеп енгізілген болу қажет. Таным іс-әрекетінің бұл тұжырымдамасы жүйелілік пен бірізділік принциптерінен көрініс табады.
Оқыту процесінде, оқу бағдарламасы мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырып бойынша теориялық және практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік пен бірізділік принципі оқушыларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге, оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды сабаққа күнделікті дайындықпен келуге үйретеді.
Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады, оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардын тұлғасын дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.
Мұғалім сабақ барысында немесе оған дайындалуда жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін мына ережелерді ескеруі керек:
- оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану;
- оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін қамтамасыз ету;
- оқу пәні – ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану;
- бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру, қысқа қортындылауды сабақтың барысында және аяғында өткізу;
- оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, білік, жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я.А. Коменскийдің «бүгінгі оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады» өміршең идеясын нақтылай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет