Химия дидактикасы пәні бойынша химия мамандығы докторанттары үшін ДӘрістердің қысқаша курсы


Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі



бет5/25
Дата09.12.2022
өлшемі142,34 Kb.
#56138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Химия дидактикасы кешен

Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі.Бұл принцип философияның «тәжірибе – танымның бұлағы» қағидасына негізделген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, анықтайды; тәжірибе- ақиқаттың көрсеткіші , тәжірибе өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен тәжірибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне, түрлеріне тәуелді.
Осыған орай мұғалім орындайтын ережеледі атап өтейік:
- оқу өмір қажеттілігі екенің оқушыға түсіндіру, сездіру; үнемі теориямен тәжірибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми білімдердің манызын ашу;
- оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім ғана алып қана қоймай, сол алған білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету;
- оқушыларға өз алған білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету;
- тәжірибелік сабақтардың көмегімен оқушылар теориялық қағидаларды, заңдар, мен ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіншіліктерін жасау.
Саналылық пен белсенділік принципі.
Саналылық пен белсенділік принципі дегеніміз білімді саналылық пен белсене қабылдап, оның өмір мен практикамен байланысын тереңдету, оқылатын факторлармен құбылыстардың мәнін түсіну болады.

Оқушылардың барлық қабылдаулары ойланып, ұғымдар алуы. Белсенді түрде ой елегінен өткізбейінше білімді меңгеру мүмкін емес. Міне осыдан келіп оқушылардың оқудағы саналылық пен белсенділік принциптері шығады.


Саналылық пен белсенділік принципі деп жұп тіркесте педагогтар Б.П.Есипов пен М.А. Данилов қолданды. Бұл тіркес терең мағынаны білдіреді, Саналылық ұғымдарды көрсетсе, белсенділік – білімге деген құштарлық. Зерттеуші Т.И.Шапова белсенділік оқыту кез келген принципті таратудың негізі деп атап көрсетеді. Саналылық тек білімді ғана емес, сондай-ақ іскерлік пен дағдыны қолдануда болуы қажет.
Бұл пинципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады, оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.
Саналылық пен белсенділік принциптерін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелерін басшылыққа алады:
- оқушы алдында тұрған мақсатпен міндеттер анық түсінуі саналы оқытудың шарты екендігі білу;
- оқушылар оқу материалын тек жаттап қана қоймай, олардың мән- мағанасын терең түсінуін қамтамасыз ету;
- әрбір сөзбен, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушылардың білімі мен тәжірибесін негізге алу;
- оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенің ұмытпау;
- бас және қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет