Беріктілік принципі.Егерде білім терең болса есте қалмаса, берікте негіз меңгерілмеген болса, білімді меңгеру мүмкін емес. Осыдан келіп білімді берік меңгеру принципі шығады.
Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұның меңгеруі мен танымдық дамуы, оқу процесінің өзара байланысты екі жағы, білім беріктігі оқушының мұғалімге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субьективті қатынасына тәуелді, оқушылардың білім беріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі, әдістері, уақыты арқылы қамтамасыз етіледі, қызықты және маңызды материал ұзақ әрі берік есте сақталады.
Осы принципті іске асыру үшін мұғалім бірнеше ережелерді орындауы қажет:
- оқушыла білімдерін сабақтар барысында: тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда, тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемі ұйымдастыру;
қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне байланысты оқушыларды білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды үйрету;
- басты негізгі идеяларды мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшін оқушыларды анықтамалармен энциклопедиялармен жұмыс істеуге машықтандыру;
- оқыту жүйесінде түрлі (ауызша, жазбаша, лабораториялық –практикалық жұмыстар) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру;
- білімнің беріатігіне кедергі жасайтын сабаққа кешігу, келмеу, сабақ кезінде бос не басқа нәрселермен шұғылданып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.
Сәйкестілік принципі. Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тәжірибеге негізделіп, оқушыларға жеке -дара қарауды талап етеді.
Бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді, ақыл –ой дамуымен алғашқы білімдерді жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мінез-құлқына, қабілетінің қалыптасуына, білімінің сапасы мен нәтежиелілігіне оң ықпал етеді.
Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:
-оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге еөшіп оқыту;
-білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше екенін ұмытпау;
- балалардың ақыл-ойы қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлілігін ескере оқыту;
- оқуда барлық оқушылар табысқа бірдей жетуін талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейіне сүйену;
- оқушының жас ерекшелігіне сәйкес әдістерді анықтау;
- оқушылардан мүмкін еместі талап етпеу, иапсырма өте жеңіл де, өте қиында болмауын ойластыру;
- оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, әлсіз оқушыны ілгері тарту мақсатын көздеу;
- сәйкестілік мұғалімнің әңгімелеу, сөйлеу, тіл анықтылылығына тәуелділігін ұмытпау;
- сәйкестілік- жеңілдік емес, оқушы еңбегін жеңілдету мақсат емес, барлық оқушыға өздігінен білім табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу қажеттілігін қамтамасыз ету.
Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланымты білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы шарт.