Химия факультеті


Термореактивті және термопласты фенолформальдегид шәйірлерін алу



бет30/33
Дата18.12.2023
өлшемі0,61 Mb.
#140654
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
УМК хим и физ полим каз2 курс

Термореактивті және термопласты фенолформальдегид шәйірлерін алу



Реактивтер:







фенол
формалин (40% ерітіндісі)
тұз қышқылы (ρ=1,19г/см3)






Қажетті құралдар:







Сынауық (пробирка)
Кері тоңазытқыш
Су қыздырғыш
Петри табақшасы

1 дана
1 дана
1дана
1дана

Реакция жүргізілетін сынауыққа фенол мен формалин ерітіндісін құйып араластырады, фенол еріген соң катализаторды қосады. Реакциялық қоспаны біртіндеп су қыздырғышта 90-95 0С қыздырып, реакцияны керек уақытына дейін жүргізеді. Реакция біткен кезде, сұйық екі қабатқа бөлінеді. Реакция біткеннен кейін реакциялық массаны петри табақшасына құяды, суытқан соң май қабатының үстіндегі сұйықты төгіп, полимерді сумен нейтралдық ортаға дейін жуып, нейтралданғанын лакмус қағазымен тексеру қажет.


Полимер кепкен сайын мөлдірлене бастайды. Полимердің сызықты құрылымын анықтау үшін әр түрлі (ацетон, спирт-бензол қоспасы, бензол) еріткіштерде ерігіштігін анықтайды.
Кептірілген полимерді кептіргіш шкафта, біртіндеп 60-120 0С толық қатқанша қыздырады, яғни резитке айналдырады.



N

Фенол, моль

Формальдегид, моль

Катализатор, %фенол бойынша

Қыздыру уақыты, мин

НCl

Н2SO4

1

1,12

1

1,0

-

40-60

2

1,14

1

-

0,3

40-60

3

1,16

1

1,5

-

40-60

4

1,18

1

-

0,3

40-60

5

1,2

1

1,0

-

40-60

6

1,42

1

1,0

-

40-60

Тапсырма:



  1. Конденсация реакциясының бастапқы және соңғы өнімдерін (резол және резиттерді) алу реакцияларының теңдеулерін жазу.

  2. 1 және 2-ші сатыдағы алынған полимердің ерігіштігін анықтау.

9 жұмыс
Фенолсульфоқышқыл мен формальдегид негізіндегі катионалмасқыш шәйір синтезі



Реактивтер:







Фенол
Н2SO4 конц.
Формалин 40/
Сода



4,7 г
0,3 мл
4,15 мл



Қажетті құралдар:







Араластырғыш
Кері тоңазытқыш
Термометр
Үш түтікті колба
Сулы қыздырғыш
Химиялық стакан
Шыны таяқша



1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана
1 дана

Жұмыс істеу әдісі
Араластырғышпен, кері тоңазытқышпен және термометрмен жабдықталған, сиымдылығы 250 мл үш мойынды колбаны сулы қыздырғышқа қояды. Содан кейін араластырғышты қосады да,колбаға алдын ала балқытылған 4,7 г фенол мен 0,3 мл концентрлі күкірт қышқылын құяды /аз-аздап/. Қоспаны 3 сағ. бойы 950С ұстайды.
Алынған п-окси – бензолсульфоқышқылын 500С дейін суытып, химиялық стаканға ауыстырып құяды, содан кейін сақтықпен араластырып тұрып стаканға 4,15 мл 40/ формалин енгізеді. Қоспаның температурасы тез көтеріледі, стакандағы зат қоңыр-қызыл түсті гельге айналады. Гельді ұсақ бөлшектерге уатып қаныққан сода ерітіндісімен нейтралдаймызда, кептіргіш шкафта 1050С-та 12 сағат бойы қатайтады.
Ұнтақты сүзіп алып, фарфор табақшаға ауыстырып, ылғал ұнтаққа 1 мл. сірке қышқылын қосып,табақшаны асбест торында біртіндеп 130-1400С қыздырады.Реакция экзотермиялық, көбіктеніп кетуі мүмкін. 30-40 минут қыздырғаннан кейін қоспа балқып сары, сонан соң, алқызыл түске боялады. Балқығаннан соң мөлдір полимер алынады, бірақ қаттылығы әлі де төмен. Қаттылығын көбейту үшін полимерді осы температурада әліде 2-3 сағ.қыздырып, әрбір жарты сағат сайын сынама алып, қатырып, сынамалардың балқу температурасын анықтаймыз, яғни қаттылығын тексереміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет