Алынған мәндерді өңдеу
Ерітіндінің меншікті тұтқырлығының рН байланыстылығының қисығы тұрғызылады. Желатинаның изоэлектрлік нүктесі анықталады.
Тапсырма:
Ерітіндінің рН-ына полимерлі амфотерлі электролит ерітіндісінің тұтқырлығының тәуелділігін түсіндіріңіз .
Полиамфолиттің изоэлектрлік нүктесіне анықтама беріңіз.
№ 5 жұмыс
Полиамфолиттің (желатин) изоионды нүктесін анықтау
Керекті құралдар: Универсалды иономер
Өлшегіш цилиндр 1 дана
Стакан 50 мл 6 дана
Реактивтер: Желатина
HCІ судағы 0,01 н ерітіндісі.
Жұмыс істеу әдісі
рН – тары 6,5; 6,0; 5,5; 5,0; 4,5; 4,0 болатын алты ерітінді дайындалады. Ол үшін, әрбір стаканға 20 мл дистилденген су құйып, әрқайсысын жеке-жеке HCІ-дың 0,01 н ерітіндісін қосу арқылы қажетті рН-қа келтіп рН-ді өлшейміз.Сонан соң осы ерітінділерден 1-тік ерітінді алу үшін әр стаканға желатинаның есептелген мөлшері салынады. Желатинаны 40С температурада араластыра отырып ерітіп, ерігеннен кейін бөлме температурасында суытып алып барлық ерітіндінің рН-ын өлшейміз, яғни (рН). Алынған мәндер кестеге жазылады.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
рН1
|
|
|
|
|
|
|
рН2
|
|
|
|
|
|
|
рН рН1 - рН2
|
|
|
|
|
|
|
Алынған мәндерді өңдеу.
Кестедегі мәндер бойынша, (рН)-тың бастапқы рН1-ге байланыстылығының өрнегі салынады (желатинасыз). рН дегеніміз желатинасыз ерітіндімен желатина қосылған ерітінділерінің рн-тарының айырмашылығы. Изоиондық нүкте анықталады.
Тапсырма:
1. Полиамфолиттің изоионды нүктесі (ИИН) дегеніміз не?
2. Оны қалай сипаттаймыз?
3. ИИН қандай факторларға тәуелді?
№ 6 жұмыс
Метилметакрилат-стирол жүйесінің радикалды сополимерленуінің кинетикасын зерттеу
Реактивтер:
|
Метилметакрилат (ММА)
|
|
Стирол (Ст)
|
|
Азоизомайқышқылының динитрилі
|
|
Этанол 150 мл
|
Қажетті құралдар:
|
|
Термостат
|
1 дана
|
|
|
Ампула
|
3 дана
|
|
|
Өлшегіш цилиндр
|
2 дана
|
|
|
Пипетка 10 мл
|
2 дана
|
|
|
Жалпақ түпті колба
|
3 дана
|
|
|
Стакандар
|
3 дана
|
|
Жұмыс істеу жолдары:
Ампулаларды толтырудан бұрын төменгі кестені толтырыңыздар
№
|
Қоспаның мольдік ММА-Ст құрамы
|
Көлем, мл
|
ММА
|
Ст
|
1
|
3:1
|
|
|
2
|
1:1
|
|
|
3
|
1:3
|
|
|
ММА (М тығыздығы 0,936 г/см3
Ст(М тығыздығы 0,906 г/см3
Таза нөмірленген ампулалардың әрқайсысына 5 мл ММА-пен Ст қоспасын құяды (қоспалардың әрқайсысында 0,01 г ДАҚ ерітілген), ампулаларды тығындармен жауып, 600С температурада термостатта 1,5 сағат ұстайды. Уақыт өткен соң ампулаларды алып, бөлме температурасына дейін суытып, полимерлерді этанолда (30 мл) араластыра отырып тұндырады.
Тұнбаны декантация әдісімен жуып, кептіргіш кебежелерде тұрақты салмаққа дейін кептіріп, шығымын анықтайды. Сополимерлердің құрамын көміртегінің (элементтік талдау) мөлшері арқылы анықтайды.
Алынған мәндерді өңдеу
ДАҚ-ың қатысында ММА пен Ст-дың сополимерлену реакциясының теңдеуін жазыңыз.
Сополимердің шығымын аныөтап, соның нәтижесінде мономерлердің бастапқы құрамдарының (мөлшерінің) реакция жылдамдығына байланыстылығын анықтап көрсетіңіз.
Сополимердің құрамын көміртегінің мөлшерін элементтік талдау арқылы анықтау нәтижесінде (мәндерін оқытушы береді), төменгі теңдеулерді қолданып, сополимерлердің құрамын анықтаңыздар:
С-сополимердегі көміртегінің салмақтық пайызы (элементтік талдау).
С1, мен С2 – бастапқы мономерлердегі көміртегінің мөлшері, г.
Х1 мен У1 – сополимерлердегі М1 және М2 мономерлерінің мольдік мөлшері.
m 1 және m2 - М1 және М2 мономерлерінің молекулалық массалары.
4. Бастапқы молекулалық қоспалармен сополимерлердің құрамын біле отырып, процестің бастапқы қолданылатын Майо-Льюис пен Файман-Росс дифферинциалды теңдеулерін қолдана отырып, сополимерлердің константасын есептеңіздер.
Майо-Льюис теңдеуі
Мұнда [m1] және[m2]-мономерлік буындардың сополимерлердегі мөлшері (анықталған Х1 мен У2);
[M1] және [M2]- мономердің бастапқы қоспадағы мөлшері.
Осы теңдеуді түрлендірсек төмендегідей өрнек аламыз:
мәні -дан сызықты байланыста болады, [m1], [m2], [M1], [M2]-параметрлер. -ға әр түрлі мәндер бере отырып және жұмыс кезінде есептелінген [m1] және[m2], [M1] және [M2] мәндерін қолданып, - шамасын табуға болады.
Бір тәжірибе нәтижесінде және мәндері арқылы координат жүйесінен түзу сызық алуға болады. Осындай есептеулер басқа да өлшеулерге қолданылады. Осының нәтижесінде 2-ші немесе 3-ші түзулер алынады да, графиктен мен болады-ау деген мәндерді табуға болады.
Файман-Росс әдісі
12F; [m1]/[m2]=f деп белгілеп,
,
теңдеуін қарапайым өзгертіп, келесі теңдеу аламыз:
Тәжірибе нәтижелерінең У= f(x) тәуелділігінің графигін тұрғызады, мұнда
У= F/f(f-1), X=F2/f.
әрбір тәжірибе осы графиктен нүкте береді, ал көптеген тәжірибелерден координат өсін қиып өтетін түзу аламыз, ордината кесіндісі -мәнін көрсетеді, ал сызықтың еңкею бұрышының таңгенсі tg -ның мәнін береді.
№ 7 жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |