Парафинді таңдамалы еріткіштер қолдану арқылы майсыздандыру.
Таңдамалы еріткіштерді қолдану арқылы гачтар мнен петролатумдарды майсыздандырудың үздіксіз процесі майларды парафинсіздендіру процесіне ұқсас.Айырмашылық тек температуралық режимде болады.Төменде өнімділігі 260 т/тәулік болатын парафинді майсыздандыру қондырғысы жұмысының режимі келтірілген:
Ара қатынасы
еріткіш:сүзгілеуден бұрынғы шикізат (4,5-5):1
еріткіш:I сатыдағы парафин.........................4:1
Температура,°С
ерітінді..............................................................80
сүзгілеу..............................................................
I сатыдағы........................................................0-1
II сатыдағы.......................................................5-6
Ерітінді қысымы,МПа....................................1,2
Гачты майсыздандыру қондырғысының материалдық балансы [%(масс.)] Түскен Алынған
Гач......................100 Парафин ерітіндісі
Еріткіш...............500 парафин тазартылған....56
еріткіш...........................132
Май ерітіндісі
Барлығы...600 май қалдықтары............44
еріткіш.........................368
Барлығы............................600
Майлардың парафинсізденуі мен гачтың майсыздану процестері көбінесе бір қондырғыда жүргізіледі.Майларды парафинсіздендіру қондырғысының I саты сүзгісінде гачты алғаннан соң,оны II және III саты сүзгілерінде майсыздандыруға жібереді.Майларды парафинсіздендіру мен гачтарды майсыздандыру процесін құрамдастыру еріткіштерді регенерациялаудың бір бөлімін ғана жасауға,құрал-жабдықтар мен қызмет көрсетушілердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Майсызданған шикі парафин түсі,иісі,ароматты көмірсутектер мен шайырлы заттарының мөлшері боынша ГОСТ талаптарын қанағаттандырмайды,сондықтан да оны келесі әдістердің бірімен қосымша тазалау қажет:
күкірт қышқылдық тазалау,оны одан ары қарай ағартқыш топырақтармен перколяция әдісімен тазалайды;
алюмосиликатты катализатор ұнтағында үздіксіз адсорбциялық тазалау;
4 МПа қысым мен 330ºC температура кезінде алюмокобальтмолибден катализаторында гидротазалау.
Тауарлық парафин сапасын жақсарту үшін қоспалар қолданады,мысалы полиэтилендік балауыз.
Дайын парафинді (сұйық,сіріңкелік) арнайы формалағыш машиналардың плиталарына құйған соң,темір жол цистерналары арқылы немесе қағаз қаптарда тасымалдайды.Парафинді автоматты құю және буып-түю линиясы болады.