Пластикалық майлағыштар Көп жылдар бойы машиналар мен механизмдердегі үйкеліс пен тозуды азайту үшін,сонымен қатар,металдарды коррозиядан қорғау үшін пластикалық майлағыштарды қолданып келеді.Біздің эрамызға дейінгі 3400 жылдардың өзінде ежелгі Египетте қоюланған майлағыштарды қолданғаны белгілі болған.Бірақ та,тек соңғы жылдары пластикалық майлағыштар өндірісі қарқынды дами бастады және олардың ассортименті айтарлықтай ұлғайды,ал олардың әлемдік өндірісі мен тұтынуы 2-3 есеге дейін өсіп,миллион тоннаға жетті.Бұл әрине,айтарлықтай дәрежеде техниканың дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуымен түсіндіріледі.
Пластикалық майлағыштарға деген ерекше қызығушылық майлағыш майлар жұмыс істей алмайтын,күрделі тұтыну жағдайларында жұмыс жасауға жарамды түрлі қасиеттері бар майлағыш композицияларды алу мүмкіндігімен ынталандырылады.Мұндай жағдайларға жоғары динамикалық жүктемесі бар (тісті және шынжырлы берілісті) немесе үйкеліс түйінінде май тұрмайтын,айналу жылдамдығы жоғары механизмдерді,коррозиялайтын орталарды,вакуумды,сонымен қатар,майлағыш майларды жеткізу қиын механизмдердің жұмысын майлағыштар қамтамасыз етуі тиіс жағдайларды жатқызады.
Пластикалық майлағыштар – мазь тәрізді өнімдер,кәдімгі температуралар кезінде аққыштығы жоқ,майлағыш майларға арнайы,негізінен майлардың аққыштығын шектейтін қатты майда дисперсті қоюландырғыштарды қосу жолымен дайындалатын,майлағыш материалдардың ерекше класы болып табылады.Майлағыштар – қоюландырғыш бөлшектерінен түзілген,кеңістіктік құрылымы бар,коллоидтық жүйелер.Сұйық фаза қатты бөлшектердің тартылыс күші әсерінен жартылай қатты күйде ұсталады,сонымен бірге механикалық түрде қоюландырғыш кристалдардың ішіне кіреді.Электрондық микрофотография,сонымен қатар,рентгеноструктуралық анализ нәтижесінде көпшілік майлағыштардың талшықты құрылымды болатындығы анықталды.Тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) деп аталатын кейбір заттар (су және басқалар) коллоидты құрылымның беріктігін анықтайды.
Майлағыштар дайындау үшін қажетті шикізаттар Майлағыштарды өндіру үшін сұйық фаза ретінде негізінен мұнай майларын пайдаланады,сонымен қатар,синтетикалық майларды және мұнай мен синтетикалық майлар қоспасын пайдаланады.Синтетикалық майлардан көбінесе,күрделі эфирлерді, полиалкиленгликольдерді,кремнийорганикалық сұйықтарды қолданады.Синтетикалық майлардың кең қолданылуы олардың таптырмайтындығымен және қымбаттылығымен шектеледі. Бензотөзімді майлағыштар үшін сұйық фаза ретінде майсана майы қолданылады.
Пластикалық майлағыштардың қасиеттері қоюландырғыш табиғатына айтарлықтай байланысты болады.Осы белгісі бойынша майлағыштарды 3 негізгі типке бөледі.
1.Қоюландырғыш ретінде қатты заттар болып табылатын,майда балқу температурасына жақын температурада еритін және майлармен балқу температурасы кезінде шын ерітінділер түзетін майлағыштар.Мұндай қоюландырғыштарға қатты көмірсутектер:парафин,церезин,петролатум,балауыз жатады.Негізінен қорғағыш майлағыштар ретінде қолданылатын бұл майлағыштардың пластикалық шегі салыстырмалы түрде аз,қоюландырғыштың балқу температурасы шектелген болып келеді.
2.Қоюландырғыш ретінде қатты заттар қолданылатын, майлармен әрекеттеспейтін,бірақ оларда коллоид түзіп, диспергирленетін майлағыштар.Мұндай қоюландырғыштарға сабын жатады.Бұл типке қазіргі кезде қолданылатын және жасалатын барлық майлағыштардың 85-90%-ы жатады.Сабынның катионына байланысты майлағыштардың бірнеше топтары бар.
Бірнеше топқа сілтілік металдар (Na,Li) сабындарынан дайындалатын майлағыштар жатады.Бұл майлағыштар тіпті қоюландырғыштың жоғары емес концентрацияларында [5-6% (масс.)] да тұрақты.Қоюландырғыш концентрациясына және сабынның органикалық радикалының табиғатына (қаныққан немесе қанықпаған май қышқылдарынан,өсімдік немесе жануар майларынан,синтетикалық май қышқылдарынан) байланысты бұл майлағыштар 100-ден 200ºC-ге дейінгі және одан жоғары температуралар кезінде аққыш күйде болады.Балқығаннан соң және салқындағаннан кейін олар қайта пластикалық құрылымына келеді,яғни олар термиялық қайтымды деген сөз.Литийлік майлағыштар аязға төзімді болады.Натрийлік майлағыштардың кемшілігі олардың суға төзімділігінің нашарлығы болып табылады.
Екінші топқа сілтілік-жер металдар (Ca,Ba) сабындары негізінде дайындалатын майлағыштар жатады.Олар сабынның мөлшері 8-10% (масс.) болған кезде аса тұрақты болады.Егер бұл майлағыштардың негізгі тұрақтандырғышы су болса,онда 100ºC дейін қыздырғанда, олар суды жоғалтып,бұзылады.Мұндай майлағыштың мысалы,кальцийлік майлағыш – солидол болып табылады.Бұл майлағыш суға төзімді,оны ылғал ортада қолдануға болады.
Алюминийлік,қорғасындық және мырышты сабындардан жасалған майлағыштар өте сирек қолданылады.Сабындық майлағыштар негізінен антифрикциялық майлағыштар ретінде,сопымен бірге қорғағыш қасиеттері де бар.
Майлағыштардың қасиеттерін жақсарту үшін бір уақытта сілтілік және сілтілік-жер металдар (Na,Ca) катиондарында дайындалған сабындарды қолдануға болады.Сонымен қатар,құрамында бір түрлі катионы бар жоғары және төмен молекулалық май қышқылдарының комплексті сабындары да қолданылады.Мысалы,комплексті кальцийлік майлағышты минералды майларды стеарин және сірке қышқылдарының кальцийлік сабындарымен қоюландыру арқылы алады.
Қоюландырғыштар ретінде термиялық тұрақты және бейорганикалық өте майланған заттар болып табылатын майлағыштар.Мұндай заттарға мочевина, күйе, слюда, силикагель,күкіртті молибден жатады.Бұл майлағыштар қазіргі уақытта сабындық және көмірсутектік майлағыштарға қарағанда,айтарлықтай қымбат және сабындық майлағыштар қолданылмайтын жағдайларда , мысалы,агрессивті орталарда,қолданылады.
Майлағыштардың сапасы қоюландырғыштың қасиеттері мен концентрациясына,сонымен қатар,қоюландырылатын майдың қасиеттеріне:оның тұтқырлығы мен химиялық құрамына байланысты.Майлағыштардың коллоидтық құрылымының беріктігін тұрақтандырғыштар – су, сілтілер, жоғарғы және төменгі молекулалық органикалық қышқылдар және олардың тұздары,спирттер,эфирлермен жақсартуға болады.Майлағыштардың қасиеттерін жақсарту үшін сонымен қатар,қоспалар да пайдаланылады.
Майлағыштарды өндіру процесі периодты немесе үздіксіз болуы мүмкін.Майлағыштарды көп ассортиментте,бірақ ірі емес партиялармен шығаратын зауыттарға периодты,яғни кезеңді қондырғылары болғаны тиімді;майлағыштардың бір сортын ірі партиялармен өндіруді үздіксіз етіп жасағаны тиімді.
Жұмыс жағдайындағы майлағыштардың жұмыс істеу жағдайы туралы жақсы мәліметтерді құрылымдық-механикалық қасиеттері береді:шекті жылу кернеуі немесе аққыштық шегі – майлағыштың пластикалық деформациясын,яғни оның аққыштығын тудыруға қажетті күш.Шекті жылу кернеуі температураға тәуелді және жоғарғы температуралар кезінде майлағыштардың жұмыс қабілетін,тамшы таму температурасына қарағанда дәл сипаттайды.
Ауа оттегісінің,қыздырудың және басқа да факторлардың әсері қоюландырғыштың да,майдың да тотығуын және бұзылуын тудырады.Сабындық майлағыштарда тұрақтылығы аз компонент сабын,ал қорғағыш майлағыштарда – май болып табылады. Майлағыштарда металды коррозиялайтын қышқылдар, сонымен қатар шайырлы және көмірлі шөгінділер пайда болады.