Qқышқыл = (NNaOH ∙ VNaOH ∙ mэкв. қышқыл ∙ Vk)/(1000∙Va), Va –аликвот көлемі, мл.
СУДЫҢ ЖАЛПЫ КЕРМЕКТІГІН АНЫҚТАУ
Әдіс комплексон III-пен сәйкес катиондардың әрекеттесуі нәтижесінде кальций және магний комплексонаттарының түзілуіне негізделген. Титрлеуді аммонийлі буфер ерітіндісі ортасында (рН=9-10) жүргізеді. Анықтауға алюминий иондары бөгет болмайды, егер олардың концентрациясы 20мг/дм3 аспаса және темір (III) иондарының да концентрациясы 100мг/дм3 аспаса.
Жұмыс мақсаты – комплексонометриялық әдіс бойынша кондуктометриялық титрлеу дағдысын игеру.
Аппаратура, химиялық ыдыстар, реактивтер:
Кондуктометриялық титрлеуге арналған құрылғы.
25см3 көлемді бюретка.
10см3 көлемді тамшуыр.
Аммонийлі буфер ерітіндісі.
Комплексон III ерітіндісі, С = 0,05моль/дм3.
Жұмыс барысы.
Электрлік ұяшыққа тамшуырмен 2-ден 10см3-қа дейін су енгізеді (судың кермектігіне байланысты). 0,5см3 аммонийлі буфер ерітіндісін және 50 см3-ге дистилденген су қосады. Буфер ерітіндісін судың біраз мөлшерін құйғаннан кейін барып қосады, себебі суда магний тұздары көп болса, тұнба түзіледі (магний гидроксиді). Алынған ерітіндіні электрлік ұяшыққа енгізіп, комплексона III ерітіндісімен титрлейді.
Титрлеу қисығын χ – Vтитрант координаталарында тұрғызады. Графиктегі сынық бойынша титрлеуге кеткен комплексон III ерітіндісінің көлемін табады.
Есептеу.
Су кермектігін (Ж, моль/дм3) мына формуламен есептейді:
Ж = 0,05∙V1∙K∙1000/V2 = 50∙V1∙K/V2
мұнда, V1 – титрлеуге кеткен комплексон III ерітіндісінің көлемі, см3; К – С = 0,05моль/дм3 комплексона III ерітіндісі үшін түзету коэффициенті; V2 – зерттеуге алынған су көлемі, см3.
Достарыңызбен бөлісу: |