Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ (СҮТ, АЙРАН, СОРПАНЫҢ) ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ИОН АЛМАСУ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТӨМЕНДЕТУ



бет154/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   271
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ (СҮТ, АЙРАН, СОРПАНЫҢ) ҚЫШҚЫЛДЫҒЫН ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОНЫ ИОН АЛМАСУ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТӨМЕНДЕТУ


Жұмыстың мақсаты: жұмысты жасау әдісін және ерітіндінің рН-ын анықтауды рН-метрде үйрену, сүттің рН-ының жоғарылауы және төмендеуі кезіндегі ион алмасу процесін, АВ-17 анионитінің регенерациясын түсіндіру және олардың теңдеулерін жазу. Тура потенциометрияны және ион алмасу хроматографиясын қолдануды үйрену.
Жұмысты орындау:

    1. рН-метр 20-30 минут қыздырылады. «Температура» деген шкала арқылы қажет температура қойылады, бұл кезде рН-метрдің «t» деген кнопкасын басады.

    2. Буфер ерітінділер арқылы рН-метрдің дұрыс көрсетуін қадағалайды.

    3. Электродтарды алдын ала жақсылап дистильденген сумен жуып, фильтр қағазымен құрғатады.

    4. Сүттің қышқылдығын рН1 анықтайды.

    5. рН1 мәнін жазып алған соң, электродтарды сүттен алып, жақсылап жуып, дистильденген суы бар стақанға салып, рН-метрдің «t» кнопкасын басып қою керек.

    6. АВ-17-ОН- түріндегі аниониттің бетіндегі суын төгіп тастап, оған сүтті құйып, екеуін 1 сағаттай араластырады.

    7. АВ-17 анионитінен сүтті бөліп, сүттің рН2 мәнін рН-метрде өлшейді, сонда рН2 ˃ рН1 (Неге?).

    8. рН-метрді өшіріп, электродтарды жуып, стақандағы дистильденген суға салып қояды.

    9. АВ-17 анионитінің регенерациясын жүргізеді: оны 20мл 1М натрий гидроксиді ерітіндісімен 15 минуттай шайқайды да сілті ерітіндісін төгіп тастап бірнеше рет дистилденген сумен жуады. Сумен жуылып болғанын метилоранжбен тексереді, яғни түсі сары болғанша. Аниониттің үстіне су құйып, лаборантқа өткізеді.

    10. Алғашқы және АВ-17 анионитімен контактта болған сүттерді жеке-жеке қайнатып, нәтижесін салыстырыңдар.

БІР НЕГІЗДІ ҚЫШҚЫЛДЫ КОНДУКТОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ

Концентрациясы анықталатын қышқыл ерітіндісін өлшегіш колбаға құйып (50мл), колба белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізіп, жақсылап араластырады. 10мл аликвот алып, титрлейтін стаканға құйып, магнит араластырғыш салады. Электродтарды араластырғышқа кедергі жасамайтындай биіктікте стаканның ортасына орналастырады.


1-2 минут ерітіндіні араластырған соң ұяшық кедергісін анықтайды. Бюреткадан 1мл сілтінің стандартты ерітіндісін құйып, ерітінді кедергісін өлшеу керек. Эквиваленттік нүктеге дейін ерітінді кедергісі өседі, эквиваленттік нүктеден соң сілті құйған сайын кедергі азаяды.
Титрлеу қисығында эквиваленттік нүктеден соң тағы 4-5 нүкте болу керек. Титрлеуді кемінде үш рет жүргізу керек. Эквиваленттік нүкте маңында сілті ерітіндісін 0,1мл-ден құяды. Титрлеу нәтижесін кестеге жазады.


V мл, NaOH




R, Ом




Тәжірибе нәтижесін графикке түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет