Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет262/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   271
Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Көмірсулардың жіктелуі.


2. Көмірсулардың химиялық қасиеттері.
Мына көмірсулардың структуралық формулаларын жазу керек: альдогексоза, кетогексоза, моносахарид, полисахарид, дисахарид, мальтоза.
3. 3,6 грамм альдоза ( жалпы формуласы CnH2nOn) мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде, 2,86 грамм Cu2O түзілген болса, альдозаның формуласы қандай болады? Жауабы: C6H12O6.
4. Мына жауаптардың қайсысы глюкозаға тән: а. Феллинг ерітіндісімен тотығады; б. оптикалық активті; в. қант тобына жатады, қанның құрамына кіреді.
5. 38 грамм 90% сахарозаны қышқыл катализатор қатысында гидролизге ұшыратса, неше грамм глюкоза түзіледі? Жауабы: 18грамм.

15 Зертханалық сабақтың тақырыбы


Көмірсулар. Моно-, ди -, полисахаридтердің химиялық қасиеттері


Жұмыстың мақсаты: көмірсулардың химиялық қасиеттерін зерттеу.
Реактивтер мен жабдықтар: глюкоза, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі, Фелинг сұйықтығы, мальтоза, сахароза, күкірт қышқылы, сілті ерітіндісі, лактоза, крахмал, йод ерітіндісі, пробиркалар, спирт шамы, су моншасы, термометр.
1 – тәжірибе. Күміс айна реакциясы (Толленс реакциясы)
Жұмыс барысы: Таза пробиркаға 1мл күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісін және 1мл глюкозаның ерітіндісін құйып, су моншасында
60–700С–да бірнеше минут қыздырады. Реакция нәтижесінде күміс тотықсызданып жеке күйінде пробирка қабырғасына қонады.

СН2ОН –(СНОН)4–СНО +Аg2О → СН2ОН – (СНОН)4 – СООН + 2Аg




2 – тәжірибе. Фелинг сұйықтығымен реакция
Фелинг сұйықтығын мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі мен сегнет тұзының сілтілік ерітіндісін бірдей көлемде әрекеттестіріп алады. Фелинг сұйықтығының түсі қара – көк, келесі реакциялар жүреді:
А) СuSO4 + 2NаOH → Cu(ОН)2 + Nа24 Фелинг сұйықтығы – шарап қышқылының калий-натрий тұзы (сегнет тұзы) мен мыс гидроксидінің қоспасы, ол альдегидпен әрекеттескенде, альдегид карбон қышқылына айналады, ал Cu(ОН)2 мыс(І) оксидіне дейін тотықсызданады.
Жұмыстың барысы: Алынған Фелинг сұйығына 1мл глюкоза ерітіндісін құйып, қоспаны су моншасында қыздырады. Глюкозаның глюкон қышқылына дейін тотығуынан, Фелинг сұйықтығы мыс (І) оксидіне дейін тотықсызданады.
Реакция нәтижесінде қызыл түсті мыс (І) оксидінің тұнбасы түседі. Реакция теңдеуін жазу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет