Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Модуль 5. Электрохимиялық процесстер



бет48/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Модуль 5. Электрохимиялық процесстер
5.1 Тотығу-тотықсыздану реакциялары;
5.2 Гальваникалық элементтер, электродтық потенциалдар;
5.3 Электролиз, заңдары;
5.4 Коррозия, металдарды коррозиядан қорғау
Дәрістер № 12-13
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ

Бейорганикалық химиядағы реакциялардың барлығын екіге бөлуге болады: 1) реакцияласушы элементтердің тотығу дәрежесі өзгермей реакцияласу, 2) тотығу дәрежесі өзгеріп реакцияласу. Біріншісіне жататыны түрлі иондар арасындағы алмасу реакциялары.Екіншісіне жататыны қосылу, ығыстыру, көбінесе, күрделі болып келетін, химиялық реакциялар.


Атомдардың, молекулалардың, иондардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакцияларды тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.
Тотығу - атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі. Мысалы: а) атом электронын берсе, оң зарядты ионға: Cl - 7e → Cl7+ айналады. б) теріс зарядты ион электрон берсе, бейтарап атомға: Cl1- e → Cl, немесе оң зарядты ионға Cl- 2e → Cl+ айналады,
в) оң зарядты ион электрон берсе, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі: Cl+ - 4e → Cl+5
Тотықсыздану - атомның, молекуланың, ионның электрон қосып алу процесі. Мысалы: а) атом электрон қосып алса, теріс зарядты ионға айналады: Cl +e  Cl; б) оң зарядты ион электрон қосып алса, заряд саны кеміген оң зарядты ионға: Cl5+ + 4e → Cl+, немесе бейтарап атомға: Cl5+ + 5e→ Cl, немесе теріс зарядты ионға: Cl5+ + 6e → Cl айналады. Тотықтырғыш – электрон қосып алушы бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион). Тотықсыздандырғыш – электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион). Сонымен, тотықтырғыш реакция кезінде тотықсызданады, ал тотықсыздандырғыш реакция кезінде тотығады.
Демек, электрон көшуімен байланысты әрбір реакция қарама-қарсы екі процестің – тотығу мен тотықсызданудың – бірлесуі.
Элементтер атомдарының электрон беру не алу қабілетіне әсер ететін жағдайлар: периодты жүйедегі элементтің орны, атомының радиусы мен ядросының оң зарядтарының саны. Атомның, ионның радиусы үлкен болған сайын, электронның ядроға тартылуы аз болады, сондықтан атомның электрон беруі оңай болады, демек атомның тотықсыздандырғыштық қабілеті күшті болады. Атомның (ионның) радиусы кішкене болған сайын, электронның ядроға тартылуы күшті болады, атомның электронды беруі қиындайды, демек атомның тотықсыздандырғыштық қабілеті кемиді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет