Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Реакция теңдігін жазу және оны теңестіру



бет49/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Реакция теңдігін жазу және оны теңестіру:

1.Реакцияға алынатын және реакция нәтижесінде түзілетін заттардың формулаларын жазу. Мысалы: HСlO + Br2 → HBrO3+ HCl


2.Реакция кезінде тотығу дәрежесін (т.д.) өзгертетін элементтерді тауып, олардың үстіне т.д. жазу: HСl1+O + Br2 → HBr5+O3 + HCl
3.Тотықтырғыштың молекуласы қосып алатын, ал тотықсыздандырғыштың молекуласы беріп жіберетін электрондардың санын есептеу.
4.Негізгі коэффициенттерді, яғни тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың коэффициенттерін тауып формулаларының алдына жазу. Тотықсыздандырғыштың беретін жалпы электрон саны тотықтырғыштың алатын электрон санына тең болуы керек. Коэффициент болатын санды табудың ең оңай жолы тотықтырғыштың қосып алатын электронын көрсететін санды тотықсыздандырғышқа коэффициент етеді, тотықсыздандырғыштың беретін электронын көрсететін санды тотықтырғышқа коэффициент етеді. Сонда: 10HСlO+2Br2 → HBrO3 + HCl
5.Енді жай теңдіктердегідей әрбір элементтің екі жақтағы атомдарының санын түгелдеп, теңдіктің оң жағына коэффициент қою арқылы теңестіреді. Алдымен сутек пен оттекті теңестіреді: 10HСlO+2Br2 → 4HBrO3 +10HCl
6.Реакция сулы ортада жүрсе, реакцияға қатынасатын су молекулаларының санын тауып, оны теңдікке жазады: 10HСlO+2Br2 +2Н2О→ 4HBrO3 +10HCl
7.Бұл теңдіктің коэффициенттері үлкен сан болып кеткендіктен, екіге қысқартуға болады: 5HСlO+Br2 2О= 2HBrO3 +5HCl Теңдікті алты рет көшіріп жазудың керегі жоқ, бір теңдікте осы айтылғанды, бірақ осы тәртіппен жасап шығады. Көп жағдайда химиялық реакцияның жүруіне ортаның реакциясы үлкен әсер етеді. Мысалы, егер галогендермен тотығу процессі қышқыл ортада жүрсе, онда галогендердің тотықсызданған өнімдері галогенсутек қышқылдары (HF, HCl, HBr, HJ) болады, ал сілтілік ортада жүрсе – бұл қышқылдардың тұздары түзіледі, яғни металдар галогенидтері. Күкірт жоғары температурада сутегі мен металдарға қатысты тотықтырғыш болып, күкірт сутек және металдар сульфидтерін түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет