Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет63/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   271
ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
1.Салыстырмалы молярлық масса дегеніміз не және оны қалай анықтайды? Екі мысал келтіріңдер.
2.Молярлық масса дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі, 3-4 мысал келтіріңдер.
3.Авогадро заңы және оның салдары.
4.Газдың молярлық көлемі деген не?
5.Менделеев-Клайперон формуласын келтіріңдер.
3 - зертханалық сабақ. Химиялық заттардың энергетикасы


Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция энергетикасын калориметрмен өлшеп және термодинамикалық есептеу арқылы анықтау
Зертханалық жұмыс бойынша сұрақтар:
1.Калориметрдің құрылысы.
2.Термохимияның негізгі заңы.
3.Бейтараптау реакциясының энтальпиясының мәні.
4.Гесс заңының салдары.
Жұмысты жүргізу:
Бейтараптау реакцияның энтальпиясын калориметр деген құрал арқылы өлшейді. 1- сыртқы стакан, 2- реакция жүретін стакан, 3- қақпақ, 4- воронка, 5- ерітінді араластыратын құрал, 6-термометр.
№4 – сурет. Калориметр.
Күшті қышқылды күшті негізбен бейтараптау реакциясының энтальпиясы және реакцияның Гиббс энергиясын есептеу. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша күшті қышқыл мен күшті негіз арасында мынадай реакциялар жүреді:
NaOH + HCl = NaCl + H2O;
NaOH + HNO3 = NaNO3 + H2O
Бейтараптау реакциясының термохимиялық теңдеуін былай жазуға болады:
Н+ + ОН-2О: ΔН= - 57 кДж
Нейтралдау(бейтараптау) реакциясы үшін бірдей көлемдер алу керек, мысалы: 100мл қышқыл, 100мл негіз.
Реакция жүретін стаканға (2) негіздің белгілі көлемін (20мл концентрациясы 1М) құйыңдар да температурасын 0,10К дәлдікке дейін өлшеңдер (Т1), оны зертханалық дәптерге жазыңдар. (Қышқылдыңда температурасын осындай дәлдікпен өлшеңдер, екі температура тең болуы керек). Сондай көлем (20мл) қышқылды кұйып (1М) араластырып, ең жоғары температураны өлшеңдер (Т2).
Тәжірибе нәтижесін кестеге жазыңдар:



Жүйе

Стакандағы жалпы көлем, V мл

Т1, К

Т2, К

∆Т = Т2- Т1

NaOH
HCl













NaOH
HNO3













Тәжірибе нәтижесінен мыналарды анықтаңдар:
1.Температуралар айырмашылығын ΔТ = Т2- Т1
2.Стакандағы ерітіндінің массасын (m) (ерітінді тығыздығын бірге тең деп алыңдар).
3.Реакция нәтижесінде бөлінген жылуды (Q): Q = ΔT·∑C.
Жүйенің жылу сыйымдылығы - ∑C=c1m1+c2m2; ∑C – жүйенің жылу сыйымдылығы калориметриялық ыдыстың жылу сыйымдылығы мен ондағы(ыдыстағы) заттардың жылу сыйымдылықтары қосындысы бойынша анықталады.
Мұндағы с1 – реакция жүретін шыны ыдыстың меншікті жылу сыйымдылығы, ол с1=0,753Дж/г·К;
m1 – реакция жүретін шыны ыдыстың массасы,г;
с2 – калориметрдегі сұйықтықтың (судың) меншікті жылу сыйымдылығы
с2 = 4,186Дж/г·К; m2 – калориметрдегі сұйықтың (ерітіндінің) массасы
m2 = ρерітінді ∙Vерітінді; Ерітінді тығыздығы (судың) ρ = 1г/мл;
Vерітінді = Vқышқ. +Vсілті.
Тәжірибе нәтижесінде табылған жылу мөлшері 0,1моль сілтіні нейтралдағандағы (бейтараптағандағы) жылу мөлшері болып табылады.
4.1 моль үшін нейтралдау энтальпиясы (кДж/моль);
ΔНнейтралдау = - Q/0,1кДж/моль
5.Теория бойынша нейтралдау энтальпиясы ΔНнейтралдау = -57 кДж/моль болса, салыстырмалы қате %қате = ((ΔНтеор. – ΔНтәж.)/ΔНтеор.)∙100
6.Энтропия мәндерін кестеден тауып, нейтралдау реакциясының энтропиясының өзгеруін табыңдар.
7.Нейтралдау реакциясының Гиббс энергиясын есептеңдер.
ΔG = ΔH + TΔS
Күшті қышқыл мен күшті негіз әрекеттескенде неге энтропия азаяды, соны түсіндіріңдер.
Табылған ΔН, ΔS, ΔG мәндеріне сүйеніп, нейтралдау реакциясы өздігінен жүретіндігі туралы қорытынды жасаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет