РОДАНОМЕТРИЯ
Жұмысты орындау
1. 0,1н аммоний роданиді (калий роданиді) ерітіндісін (титрант) дайындау үшін мына формуламен үлгі массасын анықтайды:
m (NH4SCN) = Cн . mэ. V/1000;
Саналған үлгі массасын техникалық таразыда өлшеп, 100 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, жақсылап араластырады.
2.Аммоний роданиді ерітіндісін стандарттау үшін 10,00 мл 0,1н стандартты АgNO3 ерітіндісін титрлейтін колбаға құйып, 5мл 2н НNO3 қосып, 2-3 мл темір-аммоний (NH4[Fe(SO4)2] . 12H2O) ашудасының қанық ерітіндісін қосып, ашық алқызыл түске дейін NH4SCN (КSCN) ерітіндісімен титрлейді де, оның титрін және нормальдылығын анықтайды:
СNH4SCN ∙ VNH4SCN = C АgNO3. VАgNO3
ТNH4SCN = СNH4SCN . mэNH4SCN /1000
Индикатор ретінде темір-аммоний (NH4[Fe(SO4)2] . 12H2O) ашудасының қанық ерітіндісін алатын себебі ол гидролизге аз ұшырайды.
Бромидтерді Фольгард әдісі арқылы (кері титрлеу) анықтау
Роданометриялық әдіс арқылы күміс тұздарын, бромидтерді және иодидтерді анықтайды. m(КВг) = СКВг . mэ. V/1000 формуласы арқылы КВг үлгісін алдымен техникалық таразыда, сосын аналитикалық таразыда өлшеп, 100 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізіп, жақсылап араластырады. Титрленетін колбаға 10,00 мл дайындалған ерітіндіні құйып, бюреткадағы стандартты 0,1н АgNO3 ерітіндісінен 20,00 мл құйып, 5 мл 2н НNO3 ерітіндісінен 20,00 мл құйып, 5 мл 2н НNO3 ерітіндісін, 2-3 мл индикатор ерітіндісін (NH4[Fe(SO4)2] . 12H2O) қосып, АgNO3 ерітіндісінің артық мөлшерін 0,1н NH4SCN ерітіндісімен тұнбаның үстіндегі ашық алқызыл түске дейін араласытра отырып, титрлейді.
Сынамадағы КВг мөлшерін (%) мына формуламен санайды:
Достарыңызбен бөлісу: |