Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Титрлеу нәтижесінде тұнба түзіледі



бет141/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   271
Титрлеу нәтижесінде тұнба түзіледі.

АРГЕНТОМЕТРИЯ
Жұмысты орындау

  1. 0,1н 100 мл күміс нитраты ерітіндісін (титрант) дайындау үшін мына формуламен үлгі массасын анықтайды:

m (AgNO3) = Cн . mэ . V/1000; mэ (AgNO3) =170 г/моль, V=100 мл, саналған үлгі массасын техникалық таразыда өлшеп, 100 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, жақсылап араластырады. Осы ерітіндінің титрін және нормальды концентрациясын санау керек.

  1. 0,1н стандартты заттың (КСI, NaCI) 100 мл ерітіндісін дайындау үшін

m (NaCI, КСI) ) = Cн . mэ. V/1000 формуласы бойынша есептелген массаны аналитикалық таразыда өлшеп алып, 100 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, жақсылап араластырады. Осы ерітіндінің титрін және нормальды концентрациясын санау керек.

  1. Күміс нитраты ерітіндісін стандарттау. Титрлеу колбасына 10,00 мл КСI (NaCI) стандартты ерітіндісін құйып, 2-4 тамшы 0,02M- К2СгО4 ерітіндісін тамызып, бюреткадағы АgNO3 ерітіндісімен араластыра отырып КСI (NaCI) ерітіндісін қызыл түсті тұнба түзілгенге дейін титрлейді. Титрлеуді кемінде 3 рет жүргізеді (титрлеу мәні бір-бірінен тек 0,1мл айырмашылықта ғана болу керек). Тәжірибе нәтижесінен АgNO3 ерітіндісінің нормальды концентрациясын және титрін анықтайды:

САgNO3. VАgNO3 = CКСI . VКСI; ТАgNO3 = mэ(AgNO3)/1000.
4.Калий хроматы ерітіндісі – индикатор K2CrO4 – 0,02M.
Мор әдісінің бірнеше кемшіліктері бар:
1. Иодидтер мен роданидтерді анықтауға болмайды, тек хлоридтер мен бромидтерді ғана анықтайды;
2. Қышқыл және күшті сілтілік орталарда анализді жүргізуге келмейді, себебі хромат бихроматқа ауысады, ал күшті сілтілік ортада күмістің оксиді және гидроксиді түзіледі;
3. Хроматпен тұнба беретін иондар анализге кедергі келтіреді;
4. Мор әдісі арқылы түсті ерітінділерді де титрлеуге болмайды;
5. Күміс ионымен тұнба беретін көптеген аниондар да анализге кедергі жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет