Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


ГОМОГЕНДІ ЖҮЙЕДЕГІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТАҚЫРЫБЫНА



бет83/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

ГОМОГЕНДІ ЖҮЙЕДЕГІ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ТАҚЫРЫБЫНА
ТЕСТІК ТАПСЫРМА

1. Ерітінді рН 2,0 тең болса , [H + ] және [OH-] қаншаға тең болады?


А [H+]=10-2, [OH-]=10-12
B [H+]=10-3, [OH-]=10-11
C [H+]=10-12,[OH-]=10-2
D [H+]=0,1, [OH-]=0,2
E [H+]=0,1, [OH-]=0,2
2. 0,1М Н2СО3 ерітіндісінің рН-ын есепте (К1 = 4,8∙10-7):
А 9,4
В 8,5
С 6,9
D 0,1
Е 0,5
3.0,5н H2SO4 ерітіндісін n(1/2 H2SO4)=0,1г/моль фиксаналынан дайындау
үшін қандай ыдыс алу керек?
А өлшегіш колба 50мл
В өлшегіш колба 200мл
С цилиндр 100мл
D цилиндр 1000мл
Е өлшегіш колба 1000мл
4. 0,3н Al2(SO4)3 ерітіндісінің молярлығы нешеге тең(M)?
А 0,54
В 1,02
С 0,05
D 0,3
Е 0,5
5. 10% ( =0,958г/мл) NH3 ерітіндісінің молярлы концентрациясын есепте:
А 8,8
В 5,6
С 8,4
D 10
Е 6,3
6. рН=13 ерітіндінің 1мл-де қанша сутегі ионы бар?
А 6,02∙10-10
В 10-13
С 6,02∙1013
D 6,02∙1023
Е 1,5∙1021
7. Мына тұз гидролизге түседі:
А натрий хлориді
В калий сульфаты
С натрий фосфаты
D калий нитраты
Е калий хлориді
8. Калий карбонаты тұзының гидролизін былай азайтады:
А қыздырып және сұйылтып
В хлорлы сутек қышқылын қосып
С 1 және 2 пункттегі жағдай
D натрий гидроксидін қосып
Е сұйылтып
9. 0,1М СН3СООН және 0,01М СН3СООNa ерітінділерінен пайда
болған буфер ерітіндісінің [H+] есепте (моль/л) (КД=1,82∙10-5, рК=4,75):
А 1,78∙10-2
В 1,54∙10-2
С 1,82∙10-4
D 1,65∙10-4
Е 1,42∙10-3
10. 0,5М Н3РО4 ерітіндісінің нормальді концентрациясы (н):
А 1,5
В 2,7
С 2,5
D 1,3
Е 2,3
11. 0,1М HCN ерітіндісінің диссоцация дәрежесі (Кд=7,2∙10-10):
А 4,5∙10-2
В 8,5∙10-5
С 4,5∙10-3
D 1,5∙10-4
Е 2,5∙10-3
12. Сутегі ионының концентрациясы [H+]=10-4 моль/л болса, ерітіндінің рН-ы:
А 4
В 10-4
С 1014
D 14
Е 10
13. Мына ерітіндінің рН-ы жоғары:
А 1М HCI
B 0,1M HCI
C 0,01M HCI
D 0,1M CH3COOH
E 1M CH3COOH
14. 5л 2н фосфор қышқылының (fэкв(H3PO4)=1/3) ерітіндісін дайындау үшін қанша
көлем 30% (ρ=1,18 г/мл) H3PO4 алу қажет (мл):
А 800
В 400
С 922
D 500
Е 563
15. 0,1М аммоний гидроксидінің диссоцация дәрежесі 0,0133 болса,
ОН- -ионының концентрациясы мына санға тең болады (Кд=1,76∙10-5) (моль/л):
А 1,33∙10-3
В 1,33∙10-1
С 1,33∙10-2
D 1,76∙10-2
Е 1,76∙10-4
16. 0,001М хлорлы сутек қышқылының рН-ы:
А 3
В 2
С 1
D 0,1
Е 0,001
17. 0,01М натрий гидроксиді ерітіндісінің рН-ы:
А 2
В 0,01
С 12
D 11
Е 10
18. 0,01М құмырсқа қышқылының диссоцация дәрежесі 0,01 болса, ерітінді рН:
А 2
В 3
С 4
D 0,01
Е 0,001
19. Электролиттік диссоцация теориясын ұсынған ғалым:
А С.Аррениус;
В П.Дебай;
С Е.Гюккель;
D Вант-Гофф
Е Нернст
20. Диссоцация константасы деген ұғым мына заттарға қолданылады:
А күшті электролиттерге
В әлсіз электролиттерге
С электролиттердің бәріне
D иондарға
Е қоспаларға
21. Судың иондық көбейтіндісі мына формуламен көрсетіледі:
А pH = -lg[H+]
B pOH = -lg[OH-]
C Kсу = [H+]∙[OH-]
D Kсу = -lgKHOH
E Kсу = -lg[H+]
22. Cудың иондық көбейтіндісі температура өскен сайын:
А өседі
В кемиді
С өзгермейді
D өседі, сосын кемиді
Е кемиді, сосын өседі
23. Сутектік көрсеткіш:
А pOH = -lg[OH-]
B Kсу = [H+]∙[OH-]
C Kсу = -lg[H+]
D pH = -lg[H+]
E pH+pOH
24. Судың иондық көбейтіндісінің мәні:
А 10-7
В 10-14
С 10-10
D 7
Е 14
25. Сутектік және гидроксидтік көрсеткіштер байланысы мына формуламен көрсетіледі:
А рН+рОН=10-11
В рН+рОН=10-14
С рН+рОН=14
D рН-рОН=14
Е рН+рОН=1014
26. Ерітіндінің нейтрал (бейтарап) ортасын сутегі ионының [H+] мына
концентрациясымен көрсетеді (моль/л):
А 0,1
В 10-7
С 10-8
D 0,7
Е 10-14
27. Сілтілік ерітіндіні сутегі ионының [H+] мына концентрациясы көрсетеді (моль/л):
А 7
В 14
С 10-3
D 10-11
Е 10-14
28. Қышқылдық ерітіндіні сутегі ионының [H+] мына концентрациясы
көрсетеді (моль/л):
А 14
В 7
С 3
D 10-3
Е10-14
29. Ерітіндінің рН-ы 1-ге азаюы үшін қосылатын зат:
А су
В КОН
С NaOH
D сілті
E HCI
30. Мына тұз гидролизге ұшырайды:
А натрий хлориді
В калий хлориді
С кальций хлориді
D натрий карбонаты
Е калий нитраты
Дәріс 18-19. Титриметриялық анализ.
Стандартты заттар, олардың ерітінділерін дайындау
Титриметрияда қолданылатын ыдыстар


ТИТРИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ



  1. Стандартты заттар. Олардың ерітінділерін дайындау. Титранттар дайындау.

  2. Ерітінділер концентрациясын есептеу. Титриметрлік анализдегі есептеулер.

  3. Қышқыл-негіздік титрлеу, әдістің мәні және оның қолданылуы.

Гравиметриялық әдіс бойынша затты өте жоғарғы дәлдікпен анықтауға болады, бірақ бұл әдіс көп уақытты керек етеді.
Титриметрлік әдіс тез орындалады, яғни анализдің нәтижесін тез алады.
Титриметрлік анализ әдісі анықталатын затпен реакцияға түсуге кеткен реактивтің мөлшерін өлшеуге негізделген. Титр – ерітіндінің концентрациясын көрсетеді, яғни титр – 1мл ерітіндідегі еріген заттың грамын көрсетеді – Т,г/мл.
Егер ерітіндінің титрі дәл анықталған болса, ондай ерітінді титрленген (не стандартты ерітінді) деп аталады, оны титрант дейді.
Титрленген ерітіндіні анықталатын заттың ерітіндісінің эквивалент мөлшеріне дейін қосса, оны титрлеу дейді.
Титрант қосқанда оның мөлшері титрленетін заттың мөлшеріне дәл келсе, ол эквивалент нүктесі (э.н. ) деп аталады.
Кез келген химиялық реакция титриметрлік әдіске қолданылмайды.
Титриметрлік әдісте қолданылатын реакциялар мынандай талаптарды қанағаттандырулары керек:

  1. Реакция аяғына дейін жүруі керек, яғни реакцияның тепе-теңдік константасы өте үлкен болуы керек;

  2. Реакция өте үлкен жылдамдықпен жүруі керек;

  3. Керек реакция жүрген кезде қосымша реакциялар жүрмеуі керек;

  4. Реакция аяқталғанын анықтайтын әдіс болуы керек.

Бұл талаптардың біреуіне ғана жауап бере алмаса, ол реакция титриметрлік әдіске қолданылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет