Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет85/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   271
Байланысты:
Ã. Ê. Èñêàêîâà 4 18. 09. 2013 æûë?û ¹1 áàñûëûì îðíûíà åíã³ç³ëãåí

Өлшегіш колбаларды анықталатын зат бар ерітіндіні белгілі көлемге дейін сұйылтуға және титрленген ерітінділер (титрант) жасауға қолданады. Өлшегіш колбаларды жақсылап жуады, бірақ оларды пипеткалар мен бюреткалар сияқты анықталатын заты бар ерітіндімен шайқауға болмайды. Өлшегіш колбаға алдымен ерітіндіні воронка арқылы құйып, соңынан пипетка арқылы тамшылатып құйып, белгісіне дейін жеткізу керек. Ерітінді көлемі өлшегіш колбаның белгісіне дейін жеткізген соң, ерітіндіні жақсылап шайқау керек, ол үшін колбаны жауып, 4-5 рет төнкеріп, шайқайды.
Өлшегіш цилиндрлер титриметрлік әдісте дәл көлем алу үшін қолданылмайды. Олардың көмегімен тек қосымша керек ерітінділердің көлемін өлшейді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Титр, титрлеу, эквивалент нүкте, титрант деген не?

  2. Титриметрия әдісінде қолданылатын ыдыстар және оларға қойылатын талаптар.

  3. Титриметриялық әдістің жіктелуі.

ТИТРЛЕУ ӘДІСІНІҢ ТҮРЛЕРІ



  1. Тура титрлеу. Мысалы, сілтіні қышқылмен (не керісінше) титрлеу. Бұл жағдайда анықталатын зат бірден титрантпен титрленеді, яғни бір ғана стандарт ерітінді керек. Егер қышқыл-негізді титрлеуде (нейтралдау әдісі) қышқылдың мөлшерін анықтаса, онда ол әдіс алкалиметрия (титрант – негіз) деп, негіз мөлшерін анықтаса –ацидиметрия (титрант – қышқыл) деп аталады.

  2. Кері титрлеу, не қалдық бойынша титрлеу. Бұл жағдайда екі титрленген ерітінді керек: бірі негізгі, екіншісі қосымша. Мысалы, қышқыл ортадан хлорид-ионын кері титрлеу. Анализге түсетін хлорид-ионы бар ерітіндіге алдын ала титрленген күміс нитратының ерітіндісінің белгілі мөлшерін құяды (Vж) (негізгі ерітінді): Бұл кезде мына реакция жүреді: Ag+ + Cl- = AgCl.

Реакцияға түспей қалған күміс нитратының артық мөлшерін (Vа) аммоний тиоцианат ерітіндісімен (қосымша ерітінді) титрлейді: Ag+ +SCN- = AgSCN. Хлоридтің мөлшерін ерітіндіге құйылған күміс нитратының жалпы көлемінен реакцияға түспей қалған күміс нитраты ерітіндісінің көлемін алып тастау арқылы анықтайды, яғни хлорид-ионымен реакцияға түскен күміс нитратының көлемін V деп белгілесек, ол
V= Vж -Vа болады. Кері тирлеу әдісін көбінесе анықталатын затты титрлеуге қажет индикатор болмаса, не негізгі реакция баяу жүретін болса, қолданады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет