ТВ/А =СN,BmЭ,А /1000 – анықталатын зат бойынша титр (3).
Анықталатын заттың mх мөлшері бар Vк мл ерітіндінің жалпы көлемінен титрлеуге кеткен Vх мл алынды. Бұл көлемге VЕ1 мл бірінші стандартты ерітіндінің артық мөлшері құйылды. Бұл ерітіндінің белгілі мөлшері анықталатын затпен әрекеттессе, қалған бөлігіне VЕ2 мл екінші стандартты ерітіндінің көлемі кетеді. Сонда анықталатын затты мына формуламен есептейді: mх,г=[С(ЭЕ1)]VЕ1 -С(ЭЕ2) VЕ2]М(Эх)/1000Vк/Vх (4). Сонымен белгілі көлемде Vк нормальды концентрациясы белгілі ерітінді дайындау үшін керек сынама массасы мына формуламен есептеледі: mx=С(Эх)М(Эх)Vк/1000 (5). Егер сынамада С% негізгі зат болса, онда сынама массасы мына формуламен есептеледі: mx=C(х)М(Эх)Vк .100/(1000 . С%) (6). Ал егер тығыздығы (ρ) белгілі және сынамадағы заттың процентті мөлшері С% болса, онда сынама көлемі мына формуламен есептеледі
V= С(Эх)∙ М (Эх)∙ V.100/(1000∙ ρ∙ C%) (7). Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: Кері титрлеу әдісі қай уақытта қолданылады?
Орын басу реакциясын қолданып титрлеуді қай жағдайда жүргізеді?
Титрлеу әдісінде қолданылатын есептеулерді көрсету керек.