2.1«Атом құрылысы. Химиялық байланыс» тақырыбындағы сабақты ойын әдісімен оқыту әдістемесі
№6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында педагогикалық іс-тәжірибе кезінде дипломдық жұмыстың практикалық бөлімі жүргізілді.
Практикалық бөлім келесі кезеңдерден құралған:
8 сыныпта «Атом құрылысы. Химиялық байланыс» тақырыбын-дағы сабақты ойын әдісімен оқыту әдістемесі, 11 сыныпқа арналған «Химиялық байланыс» тақырыбын сыни тұрғыда ойлау технологиясымен оқыту, «Химиялық байланыс. Зат құрылысы» тақырыптарына әдістемелік нұсқау жоспарын жасау;
жасалынған әдістемелік нұсқау негізінде экспериментальдық сыныпта сабақ жүргізу;
эксперимент нәтижелерін алу және алынған нәтижелерді сараптау;
Білімнің сапасын көтеру, оқушылардың кәсіби біліктілігін, ойлау мәдениетін қалыптастыру, жеке адамның ішкі әлемін, өзіндік түсінуін, өзіндік дамуын қамтамасыз ету, оқытуда белгілі бір нәтижеге жету мақсатында педагог-ғалымдар оқу процесін «технологияландыруда», яғни «оқытуды кепілді нәтиже беретін өндірістік-технологиялық процеске айналдыру» мәселесін көтеруде. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту?», «Не үшін оқыту?», «Қалай оқыту?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Әдістеме ғылымы теорияның қосымшасы, оны іске асырудың амалы болса, оқыту технологиясы – дидактикалық мақсатқа жетудің жолын көрсететін сызба, үлгі болып табылады. Оқыту технологиясы жоба, үлгі ретінде берілгенде ғана тиімді. Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.
Оқыту технологиясының құрылымын:
-оқытудың мақсаты;
-оқытудың мазмұны;
-оқытудың әдістері мен тәсілдері;
-оқыту құралдары;
-оқытудың нәтижесі айқындайды.
Ұсынылып отырған оқытудың әдістемелік жүйесі бойынша, мақсатқа сай тақырыптың таңдалып алынған мазмұнын оқу процестерінің мазмұндарына жүйелеп бөлдік. Мазмұнды жүйелеп бөлу қойылған мақсатқа жетуге ыңғайлы жағдай жасайды, оқушылардың игеруге тиіс білім көлемі игеруге қолайлы болатындай сабақтарға шоғырландырылады.
8 сыныпта «Атом құрылысы. Химиялық байланыс» тақырыбына сабақ ойын сайысы түрінде жүргізілді. Ондағы ойын сайысы 5 кезеңнен тұрады. Сыныптағы оқушылар 3 топқа бөлініп, білім деңгейлері, ойлау қабілеттерінің жүйріктілігі бойынша сайысқа түседі. Ең көп ұпай жинаған топ жүлдегер атанады. «Химиялық байланыс. Зат құрылысы» тақырыбын қайталау және қорытындылау сабағы дәстүрлі әдіспен жүргізілді.
11 сыныпқа арналған «Химиялық байланыс» тақырыбы сыни тұрғыда ойлау технологиясымен оқытылды. «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идея-ларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Бүгінгі таңда жаңа технология бойынша оқытудың ерекшелігі – оның білімді меңгерумен қоса, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.) ойлау-ды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу мен танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталады.
«Атом құрылысы. Химиялық байланыс» тақырыбындағы сабақты ойын әдісімен оқыту әдістемесі