Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу



бет23/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
диплом Лаззат

1 тапсырма.

  1. Келесі атомдардың Li, N, Cl электрондық формуласын жазыңдар және энергетикалық диаграммасын сызыңдар.

  2. Осы элементтердің Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде орналасуын көрсетіңдер.

2 тапсырма.

  1. N2, LiCl, Ca заттарындағы химиялық байланыстың типін анықтаңдар және оның түзілу механизімін сызыңдар.

3 тапсырма.
Келесі орналасқан бес элементтерде “—>” белгісімен металдық байланыс-тың әлсіреп, бейметалдықтың күшеюін көрсетіңіз. Белгілер қандай негізге сүй-еніп қойылғанын түсіндіріңіз.



ІІІ. “Аналитиктер” сайысы


Мүғалім. Химиктер логикалық тұрғыдан ойлана алуы керек. Сендерге келесі тапсырма ұсынылады.
Бірінші топқа тапсырма.
Пергамент Элюар пергаменті.
Париждегі антикварлы лашықтың иесі Жан Элюар археологиялық табыстың бағасы жоғары екендігін біліп, баюға шешім қабылдады. Ол химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ежелгі пергамент фрагменттерін ендідіп, оны ескіртті. Одан соң ол египеттік пирамидалардың жанына құмның ішіне көміп қойып, американдық туристтердің көзінеше оны тауып алу көрінісін жасады. Бірақ, манускрипитті бағалауға шақырған эксперт оның жалған екендігін жариялады. Эксперт өзінің жұмысын қорытындылағанда ол неге сүйенді? Жан Элюрдің қателігі неде?

Жауабы. Алғаш рет 1814ж. И.Я.Берцелиус химиялық элементтердің символын қолданысқа ендірді. Символдар алдындағы сандар – реттік нөмірлер кейінірек ендірілген болатын. Ежелгі Египит ғалымдары өздеріне белгілі металдар мен бейметалдарды қандай белгімен белгілегені белгісіз болатын.
Екінші топқа тапсырма
Лабораториялық жұмысты жүргізу барысында, оқушы абайсызда жұмыс дәптеріне қышқылды тигізіп алуы салдарынан тесттегі кейбір сөздер өшіп кетті. Жоғалған сөздерді табыңдар.



Атом ядро мен электрон бұлтынан тұрады. Электрон қабатшасындағы электрондардың саны протон санына және элементтің реттік номіріне тең. Энергетикалық деңгей саны период нөмірімен анықталады. Сыртқы деңгейдегі электрондар саны негізгі топша элементтерінің топ нөмірін анықтайды.



Жауабы. Атом ядро мен электрон бұлтынан тұрады. Электрон қабтшасындағы электрондардың саны протон санына және элементтің реттік номіріне тең. Энергетикалық деңгей саны период нөмірімен анықталады. Сыртқы деңгейдегі электрондар саны негізгі топша элементтерінің топ нөмірін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет