Мақсаты: -берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін қамту және қамту және қайталау; -меңгерген материалдың дәрежесін білу; -атомдардың электрондық формулаларын жаза білу, химиялық байланыс түрлерінің сызба-нұсқасын сыза алу; -шығармашылық есептерді шығару. Көрнекі-құралдар: -Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің кестесі;
-Д.И.Менделевтің суреті;
-ойындары, тапсырмалары бар үлестірмелер;
-сұраныс қағазы;
-ойын шарттары жазылган кесте;
Сабақ барысы: Сабаққа дайындық бір апта бұрын басталады. Оқушылар көріністің негізгі бөлімімен танысады да, оқулық бойынша қай тақырыпты қайталау керектідігі ұсынылады. Ойын сайысы 5 кезеңнен тұрады. Осы сабаққа үй тапсырмасы Сөзжұмбақ құрастыру және оны көрнекі безендіру
«Химия өмірімізде» және «Сен білесін бе?» тақырыптарына 1-2 хабарлама дайындау.
Мұғалім: Саламатсыңдар ма, балалар! Бүгін біз, сабақта атом құрылысы, химиялық байланыс тақырыбын қайталап және қорытындылаймыз. Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлемізде, олар өзара бір-бірімен сайысқа түседі. Әрбір тапсырманы дұрыс орындаған топқа бір ұпайдан беріледі. Сайысты жюрилер бағалайды. Ұпайлар саны сұраныс қағазына ендіріледі.
.
І. “Химиялық ұғымдар” сайысы
Мұғалім тақырып бойынша химиялық ұғымдарды оқиды – қатысушылар химиялық диктант жазады, ал оқушылар қағазға рет-ретімен терминдердің атауын жазады. Диктант біткен соң ассистенттер жұмыстарды жинап, жюри мүшелеріне тексеруге береді.
Тапсырма: Протондар, нейтрондар, электрондардан құралған күрделі электробейтарап жүйе.
(Атом)
Ядро заряды бірдей, бірақ нейтрондар саны әртүрлі бір химиялық элементтің түрі.
(Изотоп)
Ядро заряды бірдей атомдардың жиынтытығы.
(Химиялық элемент)
Атомдар электрондарын бергенде немесе қосып алғанда түзілетін, зарядталған бөлшектер.
(Иондар)
Химиялық байланыс түзуге қатысатын қос электрон жұбын атомның өзіне тарту қабілеті.
(Электртерістілік).
Бір элементтің - бейметалдың өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген химиялық байланыс
(Ковалентті полюссіз байланыс)
Атомның планетарлық модельін ұсынған, атақты ағылшын физигі.
( Э. Резерфорд)
ІІ. Капитандар сайысы
Тақтаға әр топтың «ең үздік» оқушылары шығарылады да, үлестірмедегі тапсырмаларды орындайды.