Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу


Полюсті және полюссіз байланыстар, тотығу дәрежесі тақырыбын оқыту әдістемесі



бет20/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
диплом Лаззат

Полюсті және полюссіз байланыстар, тотығу дәрежесі тақырыбын оқыту әдістемесі
Ковалентті байланыстың түрлерімен танысуды қайталау түрінде тақтаға шақырылған оқушыға атомдардан сутек пен хлорсутек молекулалары түзілуінің электрондық теңдеулерін жазуды ұсынудан бастауға болады. Бұдан кейін оқушыларға бірдей және әр түрлі атомдардан түзілген молекулалардың электрондық құрылысының бір-бірінен айырмашылығы айтылады: бірінші жағдайда оларды байланыстыратын электрон жұбы атомдардың екеуіне де бірдей дәрежеде қатысты; екінші жағдайда электрон жұбы екі атомның біреуінё қарай ығысады. Сөйтіп ковалентті байланыстың екі түр өзгешелігі: полюссіз және полюсті байланыстары бар. Мұғалім кейде оқулықтағы суретті тақтаға көшіріп салып, электрон жұбының ығысуын бейнелейтін әдістердің біреуін айтып береді. Бұдан соң сол символды бейнелеудің жәрдемімен натрий хлоридінің иондық қосылуының түзілуін бейнелеуді ұсынады. Мұғалім бұрын бейнеленген сутек пен хлорсутек молекулаларының схемаларына оқу-лықтан салынған тақтадағы бейнені аяқтай отырып, натрий хлоридінің электрондық схемасын қосады, осы жағдайда түзілетін химиялық байланыстың иондық табиғатын айқынырақ түсіндіру үшін хлор ионының схемасын квадрат жақшамен қоршап, және — белгілерімен таңбалай отырып, суретті толық тырады. Әңгімелесу формасында схеманың барлық үш түрін салыстыру арқылы химиялық байланыстың барлық түрлері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды қадағалауға мүмкіндік береді, олар мыналар: 1) полюсті және полюссіз бай ланыс арасындағы ұқсастық байланыстырушы электрондық жұптардың екі атомға да ортақ болуы; 2) полюссіздің полюсті байланыстан айырмашылығы — екінші жағдайда электрондық жұптардың бір атом жағына ығысуы; 3) ковалентті полюсті байланыс пен иондық байланыс арасындағы айырмашылық бірінші жағдайда электрондық жұп тек ығысады, ал екіншіде бір атомнан екінші атомға толық өтеді. Электрондық схемалар ды салыстыруды аяқтау ретінде полюсті-ковалентті және ион дық байланыстардың түзілуінің шешуші ұқсастығына анықтама беріледі. Екі жағдайда бір элемент атомының сыртқы электрон дық қабатының басқа элемент атомынан электрондарды өзіне тарту арқылы аяқталуы жүріп жатады. Дегенмен қорыта кел генде мұғалім полюсті және иондық байланыстар арасында кенет өзгеретін ешқандай шек болмайтынын айтады[25].
Мұндай шектің болмауы кейіннен валенттілік ұғымын алмастыратын тотығу дәрежесі ұғымын енгізуге тікелей жол аша-ды. Мынаны еске үстау қажет: 1) VII класта валенттілік ұғымы жай заттарға емес, тек қосылыстарға қолданылған; 2) бұдан бұрын да, кейін де молекуласында полюссіз байланысы бар қосылыстар анорганикалық химия курсында оқылмайды. Сондықтан «тотығу дәрежесі» ұғымын оның анықтамасын осы қосылыстарға қолданы-латын «ережелерімен» қоса түсіндірудің қажеті жок. Соның салдарынан анорганикалық химияның мектептегі курсы көлемінде кез келген элементтің кез келген қосылысындағы валенттілігінің сандық мәні мен тотығу дәре-жесі әрқашан бірдей болады.
Оқулықта ионды және оң немесе теріс поляризацияланған атомды белгілеудің әр түрлі әдістері келтірілсе де VIII класта (электролиттік диссоциация теориясымен танысқанға дейін) электронды иондық теңдеулер құрған кезде барлық жағдайда (ион үшін де) тотығу дәрежесін белгілегенде, мысалы, Mg2+-тің орнына Mg+2-MeH ғана белгілеу ұсынылады.
Тотығу дәрежесі туралы ұғым енгізу мыналарды түсіндіруге мүмкіндік береді: 1) жұптаса қосылысқан элементтер формула ларындағы химиялық таблицаларды орналастырудың қабыл данған реті: элементтердін қосылыстарында, химиялық таңбаларды белгілі ретпен орналастыру: бірінші орынға электрон беретін, ал екінші орынға электрон алатын элемент таңбасы қойылады; тек кейініректе оқушылар аммиак және фосфинді оқығанда ерекшеліктерге душар болады, мұнда химияның диэлектрондық деңгейге дейінгі даму мезгілінен бері сақталып келе жатқан дәстүрі бойынша, бұл ереже бұзылады; 2) бұдан бұрын оқушылар жаттап алған осындай қосылыстардың қазіргі халықаралық номенклатурасын (формулаларды «оңнан солға» «оқу») түсіндіру. Бұл екеуін де оқушыларға өздеріне бұрын белгілі мысалдар арқылы (оксидтер, хлоридтер, бромидтер және басқалар) түсіндіреді, содан кейін оқулықтағы параграфтар соңындағы жаттығудан бірнеше есептер шығару арқылы пысыктайды.
Осы мәселемен химиялық байланыс түрлерін қарастыру аякталады. Шындығында сабақ барлық «Химиялық байланыс» бөлімін қорытындылау болып табылады. Оны тек осылай әрқашан қарастырылатын сұрақтарды талқылаған кезде оқушылар-ды да қатыстыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет