«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты


Су қағының түрлері, оны тұндыру және тазарту әдістері



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
Дәріс хим тех

Су қағының түрлері, оны тұндыру және тазарту әдістері 
Су қағы деп – кермекті суды қайнатқанда ыдыс қабырғаларына жабысып тұрып қалған 
тұздарды айтады. 
Су қағының өндіріске тигізетін зияны өте көп. Мысалы, аппарат қабырғаларының жылу 
өткізгіштігі төмендейді. Су қозғалысының қалыптасқан ағу бағыты өзгереді, қазандар және түтіктер 
қатты қыздырылғандықтан жарылып кетеді, яғни қауіпті апатқа ұшырауға септігін тигізеді. 
Су қағы химиялық құрамына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді

1. 
Карбонатты қақ – негізінен 50% CaCO
3
, MgCO
3
-
тен құралған аморфты немесе ұсақ 
кристалды тығыз қалпында байланысқан тұздар. 
2. 
Гипсті қақ – негізінен 50%-тен аса CaSO
4
-
тен құралған қатты және тығыз ұсақ кристалды зат. 
3. 
Силикатты қақ – құрамында 20-25% SiO
2
болатын қатты түрдегі, көпшілігі аморфты заттар 
болады. 
4. 
Алюмосиликатты қақ – негізінен SiO
2
және Al
2
O
3
оксидтерден тұратын қатты қоспа. Мұндай 
су қағы жоғары қысымда жұмыс жасайтын қазандарда түзіледі. 
5. 
Аралас қақтар – құрамында кальций және магний карбонаты, кальций сульфаты және 
силикаттары 
бар күрделі қоспалардан құралған қатты 
зат. Су қағының түзілуінің негізгі 
себептері: 
1. 
Аса қаныққан ерітінділерден ерігіштігі аз тұздарының суды қыздырғанда тұнбаға түсуі. 
2. 
Температурасының ерігіштік коэффициенті теріс болатын тұздарды қыздырғанда тұнбаға 
түседі. Мысалы, CaSO
4
, CaSiO
3
және MgSO
4
, MgSiO
3

3. 
Температурасының ерігіштік коэффициенті оң болатын тұздар: кальций және магнийдің 
хлориттері және нитраттарыының ерітінділерін салқындатқанда тұнбаға түседі. 
4. 
Кальций және магнийдің бикарбонаттарының ерітінділерін қыздырғанда тұз ыдырап, 
карбонаттарға айналып, ерігіштігі төмен болғандықтан тұнбаға түседі. 
5. 
Тұздар арасында жүретін алмасу 
реакциясы. Мысалы, CaSO
4

Na
2
СO
3
=CaCO
3
+Na
2
SO
4
Су қағының түзілу жылдамдығы және оның құрылысы кристалдардың өсу заңдылығына 
сәйкес келеді. Мысалы, оған әсер ететін факторлар: ерітінді концентрациясы, температура, 
кристалдардың ұрықтар саны, араластыру жағдайы және коллоидтардың қатысуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет