«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты


Атмосфераға шығарылатын газды тазарту



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Атмосфераға шығарылатын газды тазарту 
Атмосфераға өнеркәсіптен шығарылатын газдарды тазарту үшін сүзу, ылғал тазарту, 
электротазарту, адсорбция, абсорбция және катализдік әдістер қолданады. 
Сүзу әдісімен – ірілеу механикалық қатты қоспалардан тазартуға болады. 
Ылғал тазарту - әртүрлі конструкциялы қондырғыда газды жуып шаймалауға және 
қондырғының 
жоғары жағынан суды шашыратып жіберуге негізделген. 
Абсорбция әдістері – газ қоспасының құрамындағы компоненттердің сұйыққа 
ерігіштіліктерінің әртүрлі болуына негізделген. Сіңірілген газ десорбцияланып, еріткіш 
регенерацияланады (бастапқы қалпына келеді). Десорбциялау үшін жалпы қысымды төмендетіп, 
еріткіш арқылы инертті газ үрлейді. Температураны көтеруге немесе аталған әдістерді бірлестіріп 
қолданады. Негізгі ескертілетін жәйт: еріткіштің абсорбциялық сыйымдылығының жоғарылығы және 
абсорбентке таңдамалылығы (селективті), парциалдық қысымның аз болуы, термиялық беріктігі 
жоғары, құны төмен болуы қажет. Еріткіш аппаратты коррозияға ұшырамауы және еріткіш 
құрамында қалатын газ компоненттерімен әрекеттеспеуі керек. Әдістер физикалық және химиялық 
болып екіге бөлінеді. Физикалық абсорбциялау әдісінде абсорбент ретінде: су, органикалық 
еріткіштер, тағы осы еріткіштердің судағы ерітіндісін қолданады. Абсорбциялайтын затпен еріткіш 
арасында реакция жүрмейді. Хемсорбциялау процесінде абсорбцияланған газ молекулалары 
абсорбенттің активті компонентімен реакцияласады. Ерітіндінің сору қабілеті хемсорбциялау 
процесіндегі реакция тепе-теңдігінің константасына тәуелді. 


Адсорбциялау әдістері – қатты сорғыштардың (адсорбенттердің) сыртқа шығатын газ 
құрамындағы компоненттерді талғап адсорбциялануына негізделінген. Адсорбент сыйымдылығы 
сіңірілетін компонент қасиетіне, адсорбенттің беткі қабатының химиялық күйіне, оның 
құрылысының кеуектілігіне, қысымға және температураға тәуелді. Адсорбциялау физикалық және 
химиялық болып екіге бөлінеді. Физикалық адсорбция процесінде молекулалар адсорбенттің беткі 
қабатымен әрекеттесуі дисперсия, индукция және бағытталу күштерімен анықталынады. 
Химиялық адсорбцияда сорбенттің беткі қабаты адсорбтивпен химиялық байланыс түзеді. 
Газдарды адсорбциялау әдісімен тазартуға кеуекті адсорбенттер қолданады: активтелген 
көмір, силикагель, цеолиттер (табиғатта кездесетін алюмосиликаттар) және т.б. Адсорбциялаудың 
активтілігі жоғары және бастапқы күйінен жеңіл келетін заттар. Парциал қысымдары тым аз сыртқа 
шығатын газдарды тазартуға құрылысы микрокеуекті көмірлерді (молекулалық елек) қолданады. 
Адсорбциялау әдісімен сыртқа шығарылатын газдың қалдық құрамынан: бу тәрізді және газ 
тәрізді күкіртті қосылыстар, молекулалық салмақтары үлкен көмірсутектерінің қоспасы, хлор, 
бензол буының қалдығын және басқа уытты компоненттер бөлініп алынады. 
Адсорбциялау процесі үздіксіз және үздік-үздік (периодты) тәсілмен жүреді. Периодты 
адсорбциялау процесінде пайдаланылған адсорбент үздік-үздік жаңартылады немесе бумен, 
ыстық газбен өңделініп, регенерацияланады. Үздіксіз адсорбциялау процесінде, яғни 
гиперсорбциядағы – (таңдамалы адсорбция арқылы газдар қоспасын бөлу) адсорбент және 
тазартылған газ қозғалысының бағыттары қарама-қарсы болады. 
Электротазарту - нәзік дисперсиялы (тонко дисперсных) қатты және сұйық қоспаларды 
(аэрозоль, 
тұман) электродтарда тазартуға негізделген. 
Газдарды химиялық әдістермен тазарту дәрежесі жоғары. Химия өндірістерінің сыртқа 
шығарылатын газдардың құрамындағы уытты компоненттерді тазратуға хемсорбция әдісін 
қолданады. Мысалы, күкірт қышқылының өндірісіндегі технологиялық процестің ең соңында, 
сыртқа шығарылатын газ қоспасындағы SО
2
және SО
3
аммиак суымен сорбцияланады 
(сорылады). Азот қышқылының өндірісіндегі қоспадағы азот оксидтері сода ерітіндісімен, сілті 
ерітіндісімен сорбцияланады. 
Суперфосфаттар және т.б. фосфор тыңайтқыштарын өңдегенде түзілетін SiF
4
– сумен және 
басқа абсорбенттермен абсорбцияланып тазартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет