«Химиялық технология» пәні бойынша дәрістер №1. Дәріс. Жалпы химиялық технологияның теориялық негіздері Мақсаты



Pdf көрінісі
бет51/55
Дата06.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112927
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Дәріс хим тех

Синтетикалық каучуктер 
Көп жылға созылған (1928 ж. бастап) қажырлы еңбектің нәтижесінде С.В.Лебедев каучукты 
синтетикалық әдіспен алу жолын тапты, сөйтіп 1932 жылдан бастап елімізде жасанды каучук 
шығарылады. 
Табиғи каучук – диен көмірсутектерінің полимері болғандықтан, С.В.Лебедев диен 
көмірсутекті, тек оның жай ғана оңай алуға болатын түрін бутадиенді СН
2
=C
Н-СН=СН
2
пайдаланды. Ол үшін бутадиен этил спиртінен алынады. 
С.В.Лебедев әдісі бойынша бутадиенді полимерлеу процесінде натрий металы катализатор 
ретінде қолданылады, 
механизмін ескермей
оңайлатылған 
түрде 
былай
көрсетуге 
болады: 
және т.б. Сонда бутадиен (полибутадиен) каучуктың құрылысы мына формуламен өрнектеледі. 
Бұл әдіспен алынған бутадиенді каучуктың суды және газды өткізбейтін жақсы қасиеті бар. 
Дегенмен оның созылғыштығы және беріктігі табиғи каучуктан аз. 
Бутадиенді С.В.Лебедев әдісімен этил спиртін дегидрлеу және дегидратациялау арқылы 
немесе бутанды дегидрлеу арқылы алуға болады. 
Бутадиен – стирол каучуктары (СКС, СКМС) 
СКС – бутадиен стирол бутадиеннен және стиролдан (С
6
Н
5
ОН=CH
2
), СКМС – бутадиен 
метилстирол бутадиен және метилстиролдан үздіксіз үлгімен эмульсия әдісімен аталған 
мономерлерді сополимерлеу арқылы алынады. Бутадиен-стирол каучуктарының құрамындағы 
стирол процентіне тәуелді каучуктар әр түрлі таңбаланады, мысалы: каучук СКС-10, демек стирол 
-10% 
және бутадиен 90% каучук құрамындағы стирол немесе метилстирол көбейген сайын 
каучуктың желімдегіш қабілеті, эластикалық қасиеті, аязға төзімділігі нашарлайды, беріктілік 
көрсеткіштері жақсарады. Диэлектрикалық қасиеттері табиғи каучуктарына жақсы, молекулалық 
массалары 10 000-нан 100 000-ға дейін артады. 
Бутадиен стирол каучугі СКС-30 универсалды каучук болып есептелінеді, транспортер 
ленталарын және басқа резина бұйымдарын дайындауға қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет