қоспада полимерленеді. Полиэтиленнің қасиеттері алу әдістеріне байланысты әр түрлі болады.
Стабилизатор ретінде фенил-нафтиламиннен және дифенил- фенилендиамин қоспаларын
және т.б. қоспаларды қолданады. Этиленнің конверсиялану дәрежесі бір айналғанда 8-12%,
бірнеше рет газ айналғанда 95-97%-ке дейін жетеді.
Полиэтилен термопластикалық полимер, органикалық еріткіштерде ерімейді, бірақ ісінеді,
70
0
С температурадан бастап хлорланған көмірсутектерінде ериді, концентрлі қышқылдар, сілтілер,
тұздар ерітінділерінің тигізетін әсеріне төзімді, бірақ тотықтырғыштарда, әсіресе қыздырғанда
бұзылады.
Полиэтилен ауасыз ортада 290
0
С-ға дейін бұзылмайды да, 350-400
0
С температурада ыдырап,
сұйық және газ қалпындағы заттарды түзеді.
Полиэтиленді қажетті заттарға өңдеудің негізгі әдістері: қысымда құю, экструзия (арнаулы
машинамен қысып ығыстыру) және престеу.
Полиэтиленнен өндірілген заттарды дәнекерлеуге болады. Полиэтиленді жұқа қабықшақтар
(пленка) және құбыр, желілерді изоляциялауға және басқа бұйымдарды қоршауға қолданады.
Металдардан жасалған бұйымдарды коррозиядан сақтау үшін қолданатын полиэтилен маңызды
орын алады.
Полистирол - өте көп таралған термопластикалық полимер. Өндірісте стиролды массалы,
эмульсиялы, және суспензиялы полимерлеу әдісімен алынды:
Полистиролдың молекулалық массасы 200 000-400 000 қатты аморфты өнім. Шикізат ретінде
қолданылатын этибензолды стирол катализаторының қатысуымен дегидрлеп алады.
Әр секцияда температура белгілі шамада сақталынады. Температура: І-ші секцияда - 100-
105
0
С; 2-ші секцияда-110-120
0
С; 3-ші секцияда-150
0
С; 4-ші секцияда - 180
0
С; 5-ші секцияда -200
0
С.
Колонна диаметрі 600-1500 мм, биіктігі -5-11м. Жылу тасығыш ретінде динил деп аталынатын
(26,5%
дифенил және 73,5%
дифенилоксид) қоспаны қолданады. Стирол колонна бойынша жоғарыдан төмен қарай жылжи-
жылжи соңғы
секцияда полимерлену аяқталады. Реактор және колоннада стирол бу тоңазытқышта
конденсацияланып, колоннаның жоғары шетіне кұйылады. Ауа құрамындағы оттек пен стирол
тотықпау үшін полимерлену процесін азот ортасында жүргізеді. Балқыған полистирол колоннаның
төменгі шетінен шнек-преске түседі, шыбық түрінде салқындатылады, салқындаған қалпында
шыбық күйіндегі полистирол өңдеуге түседі.
Полистирол – мөлдір, тығыздығы төмен (1,05 г/см
3
), химиялық әсері берік және диэлектрик,
оптикалық қасиеттері жоғары полимер, жақсы боялады. Полистиролдан әр түрлі бұйымдар
дайындауға жоғары қысымда құю және экструзия әдістерін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: