құны 3-есе арзан. Талшықтың
эластикалық қасиеті өте жоғары, күн сәулесіне, қышқылдарға, микроорганизмдерге төзімді.
№ 15. Дәріс. Мұнайды кешенді түрде өңдеу
Мақсаты:
1.
Мұнай және газды өндіру әдістерін білу
2.
Ректификация туралы білу
3.
Крекинг, риформинг не екенін білу
Қысқаша мазмұны:
Мұнай айдау және одан алынатын өнімдер. Жалпы алғанда мұнай әр түрлі органикалық
қосылыстардың қоспасынан тұрады. Мұнайдың жалпы салмағының 80-95%і сұйық, ал қалғаны
сол сұйық та қатты күйде майлы, аминциклді көмірсутектер және ароматты көмірсутектер,
сонымен бірге еріген газ күйіндегі көмірсутектер болады. Сол сияқты мұнай құрамында қанықпаған
көмірсутектер болады. Осыған орай әр жерлерде кездесетін мұнай құрамы әр түрлі, сапасы да әр
түрлі болады.
Сонымен бірге мұнай құрамында ароматты көмірсутектерінен бензол және оның
туындылары көп ядролы ароматты қосылыстар (нафтамен, антрацен, фенантрен т.б.) олардың
гомологтары да кездеседі. Мұнайдың жылу шығарғыштық қабілеті 10400-11000 ккал кг.
Мұнай ең маңызды энергетикалық, химиялық минералдық шикізат. Қазіргі замандағы іштен
жанатын және реактивтік двигательдердің отындары, түрлі жағар майлар мұнайдан алынады.
Химия өнеркәсібінің көптеген салалары мұнай өнімдерінен мұнай газдарын өңдеуге негізделген.
Мұнай құрамындағы серік газдарды бөліп алу процесінде алдымен мұнай бетіндегі газдар,
содан кейін қысымның төмендеуіне қарай мұнайдағы еріген газдар ажыратылады. Мысалы: 1т
мұнайдан бөлінген газдың м
3
-
нен өлшенген мөлшері газдық фактор деп аталады. Бөлініп алынған
газдар отын және органикалық синтез үшін химия өнеркәсібіне шикізат ретінде қолданылады.
Мұнайды судан айыру мұнайға араласқан су механикалық немесе эмульсия күйінде
болады. Оны бөлу үшін екі әдіс қолданылады. Егер су механикалық қоспа күйінде болса, оны
тұндыру арқылы бөледі. Су мұнайдан ауыр болғандықтан ол мұнайдың астына тұнады.
Тұндырылған су ағызылып жіберіледі. Соңғы кезде деэмульгатор тікелей мұнай құбырына
жіберу тәсілі пайдаланып жүр. Деэмульгатор есебінде көбінесе май қышқылдардың этиленді
тотықтары (R-COO(CH
2
-CH
2
)
n
H Мұндағы R – дың шамасы 20 – көміртегінен, не одан жоғары
болуы мүмкін) алынады.
Мұнай молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары бірдей емес
көмірсутектерінің қоспасы болғандықтан, ол күйінде өндірісте қолданылмайды. Сол себепті оны
әуелі айдау арқылы және фракцияларға (дистиляттарға) бөледі. Мұнайдың құрамында C
5
– C
14
көмірсутектері болатын және 40-200
0
C аралығында қайнайтын бензин, құрамында C
12
– C
18
көмірсутектері болатын және 120-240
0
C аралығында.
Бензин авиацияның және автомобильдердің іштен жанатын двигательдері үшін жанар май
ретінде қолданылады. Авиацияның бензиннің қайнау шегі 40-180
0
C, ал автомобиль бензинінікі
50-200
0
C. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, металды тазартуға т.б.
қолданылады. Лигроин трактор үшін жанар май болып есептеледі.
Керосин трактор, реактивті ұшақтар мен ракеталар үшінижанар май.
Ал газоильден дизель жанар майлары өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: