Химиялық технологияғА ҚЫСҚаша тарихи шолу



бет1/7
Дата10.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#49073
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 лекция ОХТ

Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары. Химия өнеркәсібін ұйымдастыру

Оқытушы: Милисова Н.Б.


С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Казахский Национальный Университет имени С.Д.Асфендиярова
Алматы, 2021
Инженерлік пәндер кафедрасы

Жоспар:

Химиялық технология

  • Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым.
  • Технология гректің «технос» – өнер, шебер немесе шебер кəсіп, «логос» – ғылым деген сөзінен шыққан. Демек, технология – кəсіп туралы ғылым.

Технология
Механикалық – шикізатты өңдегенде бастапқы заттардың құрамы және ішкі құрылыстары өзгермейтін процестерді зерттейді.
Химиялық – шикізатты химиялық өңдегенде жүретін табиғаты жағынан күрделі химиялық және физика-химиялық құбылыстарға негізделген процестерді қарастырады.

Химиялық технологияның пайда болуы және дамуы

  • XV ғасырда Европада қышқылдар, негіздер, тұздар және әр түрлі фармацевтикалық препараттар мен кейбір органикалық заттардың ұсақ өндірістері пайда болды.
  • XVIII ғасырда технология арнайы білім саласы болып бөліне бастады, технология ғылым және оқу пәні ретінде дами бастады. Осы түсінікте «технология» терминін 1772 ж Геттинген университетінің профессоры И.Бекман қолданды, ол химиялық өндірістің көптеген техникасын түсіндіретін алғашқы еңбектерін шығарды және ол химиялық технологиядан алғашқы кітап болды.
  • XIX ғасырда Батыс Европа елдері мен Ресейде химиялық технологиядан кітаптар, басқармалар және ғылыми зерттеулердің көп болуы химиялық өндіріс пен химиялық технологияның ғылыми негіздерінің тез дамуына үлкен үлес қосты. Ең маңызды жағдайлар:
  • 1748 жылы Бирмингемда (Англия) күкірт қышқылының қалайы камерасында өндіретін ең алғашқы зауыт құрылды. 1787—1789 жылдары Н. Леблан ең алғаш рет соданы өндірістік әдіспен алуды ойлап тапты. Өндірістің көп салаларында содаға деген сураныс жоғарлағандықтан Н. Леблан әдісі кең тарала бастады. 1861 жылы соданы алудың аммиакты әдісі пайда болады (Сольве әдісі).
  • XIX ғасырдың ортасында К. Либихтің кең таралған агрохимия жұмыстарынан кейін химиялық өнеркәсіпте жаңа саласы — минералды заттар өндірісі пайда болды.

Химиялық технология
химиялық-технологиялық үдерістерді автоматтандыру жəне модельдеу
химиялық технологияның аппараттары жəне үдерістері
Жалпы химиялық технология
физикалық химия
химиялық термодинамика
химиялық кинетика


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет