Химиялық термодинамиканың негізі § термодинамиканың бірінші заңы термодинамикалық түсініктер мен анықтамалар



бет78/79
Дата12.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#81779
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
§ 4. ҰЮДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Тұрақтылық зонасының кезектесуі. Коллоидты ерітінділерге кейбір электролитті қосқанда тұрақты екі облыстың пайда болуы байқалады, олардың біреуі төменгі, ал екіншісі одан жоғары кон-центрацияға сәйкес келеді. Бұл құбылысты көбінесе «дұрыс емес қатарлар» деп атайды. Тұрақтылық зонасынын, кезектесуі ұйытушы иондары көпвалентті болып келетін элеткролиттерге тән. Тұрақтылық зонасының кезектесу себебін түсіну үшін зольдердің тұрақтылығы, бөлшектегі зарядтың шамасы мен белгісін сипаттайтын электрофорез жылдамдығын салыстыру керек (62-сурет). Мұндағы С — электролит концентрациясы, оның мәні абсцисса осінде, V — электрофорез жылдамдығы ордината осінде өрнектеледі, 1-тұрақтылық зоналары, 2-ұю облыстары (торланған). Осы суреттен байқалатындай, бөлшек зарядының


24
абсолюттік шамасының азаюы ұюдың бірінші облысына тура келеді. Сонан соң бөлшек қайтадан заряд ала бастайды, бірақ та оның мәні кері болғандықтан, оған екінші тұрактылық зонасы сәйкес келеді. Электролит концентрациясын онан әрі жоғарылату бөлшектегі заряд шамасының кемуіне әкеледі және осы тұста золь де ұйиды. Тұрақтылык, пен зарядты салыстыру «дұрыс емес қатарлар» құбылысының беткі қабаттың қайта зарядталуынан екенін көрсетеді.
Потенциал анықтаушы иондарды алмастыру нәтижесінде де беткі қабаттың заряды өзгеруі мүмкін. Мысалы, теріс зарядталған иодты күміс золіне аз мөлшермен азот қышқылды күміс ёрітіндісін ақырын қосу арқылы, ондағы кристалл торына күміс катионын енгізуге болады; мұнда электролит концентрациясы жоғарылаған сайын бөлшектегі зарядттың абсолюттік шамасы кемиді екен; сонан соң кристалл торын толықтыратын күміс катионының енуі салдарынан беткі қабат оң зарядталып, зарядтың нөлдік нүктесі аркылы өтеді. Зонаның кезектесуіне екінші себеп — зарядталған беткі қабатқа кері иондардың адсорбциялануы. Көпвалентті иондардың әсерін жан-жақты зерттеу көпвалентті металл иондары адсорбция-ланғанда беткі қабаттағы қайта зарядталу құбылысының жүрмейтінін көрсетті.
Электролиттердің біріккен әсері. Зольге электролиттердің бірігіп әсер етуін тәжірибе кезінде зерттеп, оның нәтижесін 25-суреттегі график көмегімен сипаттауға болады. Ондағы екі координаттық оське екі электролит концентрациясы орналасқан. Осы графиктегі әрбір нүкте өзіне сәйкес орналасқан осьтегі электролит концентрациясы мәніне лайықты ұю табалдырығын көрсетеді. Сол секілді γ1 және γ2 нүктелері екі электролиттің әрқайсысын жеке және таза күйінде алғандағы табалдырықты концентрациясын көр-сетеді. Егер график түрі γ1 және γ2 нүктелерін түзу арқылы қосатындай болса, онда мұндай түзу (1) осы екі электролиттің бірігіп әсер етуін көрсетеді және және оны аддитивтілік немесе тепе-теңдік деп атайды. Мұндай тепе-теңдік қасиет әдетте бірдей валенттіліктегі және жалпы сипаты ұқсас иондарға тән, оған мысал ретінде калий мен натрий, хлор мен бром, кальций мен магний сияқты ұқсас иондарды келтіруге болады. Графиктегі 2-қисық электролиттердің антогонизмі деп аталатын құбылысты кескіндейді. Кейде электролит антогонизмінің салдарынан электролит қоспасындағы әрбір электролит өзінің жеке табалдырықты концентрацияларынан асып кететіндей мөлшерде кездесуі де мүмкін. Антогонизм электролиттерді араластырғандағы иондардың термодинамикалық активтілігінің өзгеруі, комплексті
25
қосылыстардың түзілуі және адсорбциялық әсерлер салдарынан туындайды. Мысалы, антагонизм иодты күміс золін А1(NO3)3 және К24, ТҺ(NО3)4 және Nа24 қоспаларымен ұйытқанда байқалады. Осы айтылған құбылыстармен қатар, қоспадағы электролиттің бірі, ондағы екінші электролиттің ұйыту қабілетін күшейтетін құбылысты электролиттердің синергизмі (3-қисық) дейді. Электролиттердің біріккен әсері жайлы теориялық көзқарас физикалық теорияға сүйене дамуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет