Химиялық термодинамиканың негізі § термодинамиканың бірінші заңы термодинамикалық түсініктер мен анықтамалар



бет79/79
Дата12.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#81779
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Байланысты:
Микро сож соож

Коллоидтардың өзара ұюы. Егер бір системада екі не одан да көп коллоидты ерітінді болса, онда кейбір коллоидты ерітінді басқаның әсерінен ұйиды екен, яғни коллоидты ерітінділер бірін-бірі ұйытады. Мұндай құбылысты зерттеу XIX ғасырдың аяғында басталды. Тәжірибе кезінде анықталған жайларға қарағанда коллоидты системадағы бөлшектер зарядының қосындысы заряд белгісімен қоса есептегенде нөлге тең болса, онда зольдер біріне-бірі барынша әсер етеді. Ондағы бөлшектердің электрокинетикалық тартылысы зольдердің өзара ұюындағы жалғыз себеп емес. Ионды атмосфера кұрамы мен дисперстік фазаның табиғаты әр түрлі болатын аттас зарядталған зольдердің ұюы мүмкін, сондықтан бөлшектер арасында адсорбциялық және химиялық әрекеттесулер пайда болуы ықтимал.
Сенсибилизация. Қоллоидты системаларды тұрақтандыру мақсатымен оларға жоғары молекулалық қосылыс ерітіндісін, олардың арасындағы активті белокты жиі қосады. Алайда коллоидты ерітіндіге қосылған жоғары молекулалық қосылыс мөлшері аз болса, онда кері құбылыс жүріп кетуі мүмкін, яғни коллоидты ерітінді тұрақсызданады немесе тұрақтылығы төмендейді. Бұл құбылысты Г. Фрейндлих сенсибилизация десе, Н. Песков астабилизация (тұрақсыздану) деп атады. Зольдегі белок бөлшектері мен макроиондары заряд белгісі әртүрлі болған жағдайда сенсибилизация өте айқын байқалады. Мұндайда бөлшектің беткі қабатына адсорбцияланған белок оның зарядын нейтралдап, ондағы ионды атмосфераның пайда болуына байланысты туындайтын тұрақтылықты төмендетеді. Коллоидты ерітіндідегі белоктың азғантай концентрациясы берік қорғаушы қабатты тудыра алмайды. Сондай-ақ, сенсибилизация себебін белоктағы заряды бар ірі иондардың бірден өзімен аттас бірнеше бөлшектерге адсорбцияланатынымен де түсіндіреді. Мұндай адсорбция коллоидты бөлшектерді біріктіріп, желімдеп қоятындай көрінеді.
Пептизация. Пептизация деп ұйыған коллоидты ерітіндінің қайтадан зольге айналуын айтады. Пептизация ұю процесіне кері кұбылыс екен. Ендеше оны тұрақтандырушы ретінде де қарастыруға болады.
Пептизация тек коллоидты ерітінді үйыған кезде, ондағы бөлшектер құрылымын өзгертпейтін және олар бірігіп көбеймейтін жағдайда ғана жүруі мүмкін. Үйыған коллоидты ерітіндіні пептизациялау үшін, әуелі оны ұйытқан электролитті жуу арқылы жойып, сосын оған тұрақтандырғыш қосады. Бөлшектердің беткі қабатында потенциал анықтаушы қызметін орындай алатындай иондары бар электролиттер жиірек тұрақтандырғыш ретінде қолданылады. Оларды пептизациялаушы электролиттер деп атайды. Жаңадан тұнбаға түскен темір гидроксидін хлорлы темір көмегімен пептизациялау нақтылы зерттелген.
Пептизация құбылысын түсіндіру мақсатымен, потенциал қисықтарын өрнектейтін әдісті пайдалануға болады. П. Ребиндер зерттеулері көрсетіп отырғандай, дамыған сольватты немесе адсорбциялы қабаттағы бөлшектер әрекеттескендегі потенциалдың қисықтарында минимум болады (64 – сурет. мұнда дамыған сольватты қабаттағы бөлшектер әрекеттескен кездегі потенциалдық қисықтар келтірілген, яғни осы әрекеттесу энергиясының концентрациясының әр түрлі мәнде болғандағы өзгерісікөрсетілген. Ондағы минимумдардың пайда болуы, бөлшектер аралығыөте қысқарғанда туындайтын тебіліс күшіне байланысты. Сол секілді сольватты немесе адсорбциялық қаббаттар сығылғанда да тебіліс күші пайда болады екен. Сонымен коллоидты ерітінді ұйыған кездегі бөлшектердің күйі суретте көрсетілген потенциал шұңқыры (А) арқылы сипатталады.
Коллоидты ерітіндіні ұйытатын электролит концентрациясы оны жуу салдарынан өте төмендеп кетеді де диффузиялық қабат кеңейеді, ал бұл қосымша тебіліске әкеледі. Егер жылулық қозғалыстың энергиясы бөлшектердің ара қашықтығына қарай өзгеретін потенциал тосқауылынан артық болса, онда осы аралық алыстаған сайын бөлшектекр тарала келіп, пептизация жүреді. Көбінесе, пептизация жақсы жүргізу үшін механикалық жолмен араластыру әдісін де жиі қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет