Байланысты: Химияны негізгі ымдары мен за дары Д рісті жоспары
Алмасу реакцияларында сутегінің бір ионына сәйкес келетін шамамен алынған заттың бөлігін көрсететін санды – эквиваленттік фактор дейміз.(fэ) Заттың эквиваленттік факторын табу үшін алмасу реакцияларында стехиометриялық коэффициентті сутегі атамының санына бөліп табады. Мысалы: а) АІ(ОН)2NО3 + 2НNО3 = АІ(NО3)3 +2 Н2О б) 3Са(ОН)2+ 2Н3РО4 = Са3(РО4)2 + 6 Н2О
Мұнда: бірінші теңдеуде (а) реакцияға қатысқан сутегі атомының саны 2, өйткені реакцияға 2 НNО3 қатысады; ал екінші теңдеуде (б) ол 6-ға тең, себебі 2Н3РО4 қатысады. Олай болса эквиваленттік фактор мынаған тен болады:
а) fэ [ АІ(ОН)2NО3] = 1/2 fэ(НNО3) =2/2=1 б) fэ [3Са(ОН)2 ]= 3/6= 1/2 fэ(Н3РО4) = 2/6=1/3
Элемент эквивалентіне сәйкес массасы – эквиваленттің массасы деп аталады (mэ). Эквиваленттік мольдік массасы (mэ) эквиваленттік фактор мен заттың мольдік массасының көбейтіндісіне тең:
mэ = f э · М Жоғарыдағы келтірілген (а және б) реакциялар үшін эквиваленттің мольдік массасын есептеуге болды.
а) реакциясы үшін:
М [ АІ(ОН)2NО3] = 123 г/моль
Мэ [ АІ(ОН)2NО3] = 1/2·123 г/моль = 61,5 г/моль М(НNО3) =Мэ (НNО3) = 63 г/моль б) реакциясы үшін:
М [Са(ОН)2 ] = 74 г/моль
Мэ [Са(ОН)2 ] = 1/2 ·74 =37 г/моль
М(Н3РО4) = 98 г/моль
Мэ(Н3РО4) = 1/3·98 =32,6 г/моль