Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары Дәрістің жоспары



бет8/9
Дата30.04.2023
өлшемі48,78 Kb.
#88567
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Химияны негізгі ымдары мен за дары Д рісті жоспары

4.

24я73
Б14



2. Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. I- IV том / - Алматы : 2018. - 156 бет
3.Көгісов С.М. Элементтер химиясы : Оқулық / - Ақтөбе, 2015. - 217 бет
4.Нурахметов Н.Н. Бейметалдар химиясы : Окулык / - Алматы "Дэу!р", 2011.- 432 бет
5.Көгісов С.М. Химиядан есептер шығару әдістемесі : Оқулық / - Алматы, 2019. - 217 бет
6. Көгісов С.М. Химия есептертері мен жаттығулар : Оқулық / - Алматы, 2011
7. Көгісов С.М. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері .Ақтөбе-2020 ж

Үйге: ОСӨЖ (СРСП): §1. Атом-молекулалық ілім. Химиялық элементтердің белгілері және химиялық формулалар.
Оқу құралы: Көгісов С.М. Химиядан есептер шығару әдістемесі : Оқулық / - Алматы, 2019. Тестік тапсырмалар: № 1- 30 . 78-81 бет.
§2 Моль. Мольярлық масса. Мольярлық көлем. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.
Оқу құралы: Көгісов С.М. Химиядан есептер шығару әдістемесі : Оқулық / - Алматы, 2019. Тестік тапсырмалар: № 1- 20. 81-83 бет.
§1. Атом- молекулалық ілім. Химиялық элементтердің белгілері және
химиялық формулалар. Аллотропия
1. Қандай қатарда екі күрделі бір жай заттың атаулары көрсетілген?
а) оттегі,азот, су б) хлор,аммиак, көмірқышқыл газы
в) сутегі, бром, көміртегі в) алмаз, кремний оксиді, мыс
2. «Атом» деген ұғымның тұжырымына сәйкес келетін анықтама?
а) элементтердің химиялық қасиеттерін алып жүруші
б) химиялық реакция кезінде бұзылады
в) химиялық бөлінбейтін зат
г)электронейтралды зат
3.Төмендегі жазылған сөздің қайсысы дұрыс айтылған?
а) натрий атомы б) судың молекуласы
в) аммиак атомы г) оттегі молекуласы
4. Молекуланың және атомның массалары қандай өлшем бірлікпен белгіленеді?
а) г б)м.а.б. в)кг г)моль
5. Қандай құбылыс судың қатысында химиялық реакциямен қатар жүреді?
а) судың қатуы б) натрийдің судағы еруі
в) судың булануы г) күкірт оксидінің (ІV) судағы еруі
6. Салыстырмалы молекулалық массаның өлшем бірлігі қандай?
а) г б) г/моль в) м.а.б. г) бұл өлшемсіз бірлік
7. Химиялық элемент- бұл:
а) массалары бірдей атомдар түрі
б) ядро зарядтары бірдей атомдар түрі
в) заттың химиялық бөлінбейтін кіші бөлшегі
г) оң зарядты ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электроннан тұратын элекронейралды бөлшек
8. Молекуланың қасиетіне жатпайтын нәрсе:
а) химиялық реакция кезінде сақталады
б) заттың химиялық қасиетін алып жүруші
в) химиялық реакция кезінде бұзылады
г) сол молекуладан тұратын заттар сияқты молекуланың сапалық құрамы да заттардың сапалық құрамымен бірдей болады
9. Фтор атомының массасы неге тең?
а) 19 б)19 м.а.б. в)19 г г)3,15•10-26 кг
10. Қалыпты жағдайда фосфор молекуласының массасы 1,03•10-22 тең. Фосфор молекуласының құрамына қанша фосфор атомы кіреді?
а) 2 б) 4 в) 3 г) 8
11. Химиялық таңба N –ге сәйкес келмейтін тұжырымдама:
а) азот элементінің бір атомы
б) азот элемент атомының бір мольі
в) азот элементінің салыстырмалы атомдық массасы
г) азот затының салыстырмалы молекулалық массасы
12. Кезкелген химиялық реакция кезінде өзгермейтін нәрсе:
а) молекула саны б) атомдар саны
в) массасы г) заттың табиғаты
13. Оттегінің аллотропиялық түрі- оттегі және озонның бір-біріннен айырмашылығы:
а) молекуланың сапалық құрамы бойынша
б) физикалық қасиеттері бойынша
в) химиялық қасиеттері бойынша
г) молекуланың сандық құрамы бойынша
14. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы туралы ұғымға төмендегі тұжырымдаманың қайсысы дұрыс келеді:
а) шексіз өлшем
б) периодтық жүйеде көрсетілген
в) заттың молекулалық массасы массалық саны 12 тең көміртегі изотопы атомының массасынан қанша есе рет көп екендігін көрсететін өлшем
г) молекуланың құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының қосындысына тең болатын өлшем
15. Су молекуласының құрамы туралы айтылған дұрыс емес тұжырым :
а) екі атом Н және бір атом О
б) Н2 молекуласы және О атомы
в) әртүрлі химиялық элементтердің атомдары
г) массалық ара қатынасы 1:8 тең Н және О атомы кіреді
16. Химиялық бөлінбейтін бөлшекті көрсетіңіз:
а) судың молекуласы б) оттегі атомы
в) гелий атомының ядросы г) аммиак молекуласы
17. Молекуланы қандай қасиеттері бойынша сипаттауға бола алады:
а) сапалық құрамы б) құрылысы бойынша
в) сандық құрамы г) электр өткізгіштігі бойынша
18. НСІ және НВг молекуласы үшін не нәрсе бірдей бола алады?
а) масса б) сутегінің массалық үлесі
в) сапалық құрамы г) молекуладағы атомдар саны
19. Хлор оксидідегі хлордың массалық үлесі 59,66 % тең. Оксидтің формуласын анықтаңдар:
а) СІ2О б) СІ2О3 в) СІ2О5 г) СІ2О7
20. Калий нитратының қандай массасында оттегінің 6,0 г бола алады?
а) 11,6 г б)37,9 г в) 12,6 г г)18,9 г
21.Төмендегі жазылған тұжырымдаманың қайсысында оттегіні элемент ретінде емес, жай зат ретінде айтқан сөзді көрсетіңіз?
а) оттегі судың құрамына кіреді
б) оттегі суда нашар ериді
в) мыс оксидінде(ІІ) оттегінің массалық үлесі 20%
г) оттегі түссіз және иіссіз газ
22. Элементтің салыстырмалы атомдық массасы:
а) өлшем бірлігі – г/моль
б) атомдық массаның қатынасы 1м.а.б.тең
в) шексіз өлшем
г) атомдық массаның қатынасы массалық саны 12 тең көміртегі нуклида атомының массасына тең
23. Н24 химиялық формуласы нені көрсетеді:
а) күкірт қышқылының бір молекуласы
б) күкірт қышқылының салыстырмалы атомдық массасы
в) күкірт қышқылының сапалық құрамы
г) күкірт қышқылы молекуласының кеңістіктегі құрылысы
24. Құрамдары бірдей молекула және зат деген ұғымының қасиетін сипаттай алатын қасиет:
а) сапалық құрамы б) электр өткізгіштігі
в) химиялық қасиеті г) агрегаттық жағдайы
25. Қандай элемент атомының массасы 2,66•10-23 г. тең болады?
а) күкірт б) оттегі в) азот г) неон
26. «Жай зат» деген ұғымға сәйкес келетін анықтама:
а) химиялық элементтің табиғаттағы өмір сұру формасы
б) химиялық қосылыстың құрамына кіреді
в) бірдей атомдардың түрінен тұрады
г) химиялық элементке қарағанда жай заттар көп
27. Химиялық құбылысты өрнектейтін реакциялардың тізбе нұсқасын көрсетіңіздер:
а) І2(к)→ І2(г) б) S + О2→ SО2
в) Fе + Сu2+ → Fе2+ + Сu г) Н2О(г) →Н2О(с)
28. Белгісіз заттың құрамындағы элементтердің мөлшері: Nа- 29,1%; S-40,5%; О- 30,4% . Заттың қарапайым формуласын анықтаңдар:
а) Nа23 б) Nа24 в) Nа2S2О3 г) Nа2S2О7
29. О3 молекуланың массасы:
а)16 м.а.б. б) 32 м.а.б. в) 48 г) 7,97•10-23
30. Темір оксидінің формуласы қандай, егер ондағы темірдің массалық үлесі оттегінің массалық үлесіне қарағанда 2,333 есе артық болса?
а) FеО б) Fе2О3 в) Fе3О4 г) FеО3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет