Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары Дәрістің жоспары


Молекула- заттардың химиялық қасиеттерін бойында сақтайтын ең кіші бөлшегі Атом-



бет6/9
Дата30.04.2023
өлшемі48,78 Kb.
#88567
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Химияны негізгі ымдары мен за дары Д рісті жоспары

Молекула- заттардың химиялық қасиеттерін бойында сақтайтын ең кіші бөлшегі
Атом- жай және күрделі заттардың молекулаларының құрамына кіретін химиялық элементтің ең кіші бөлшегі.
Авагадро заңына мысал ретінде төмендегі кестені (1,1-кесте) ұсынуға болады.

1,1-кесте






Мг

m

М

γ

V

NА

Н2

2



2г/моль

1 моль

22,4 л

6·1023

О2

32

32г

32г/моль

1 моль

22,4 л

6·1023

СО2

44

44г

44г/моль

1 моль

22,4 л

6·1023

m = γ·М m = γ·ρ γ = V/Vm γ = N0 / NА V=m /ρ V= γ·Vm




1-мысал. 1л газдың: а) Н2 б) СО2 в) NН3 қ.ж. массасын табу
Шешуі: а) γ = V/Vm γ (Н2) = 1 л /22,4л/моль = 0,04 моль
m = γ·М m =0,04 моль ·2г/моль= 0,08 г
б) γ (О2) = 1 л /22,4л/моль = 0,04 моль
m = γ·М m =0,04 моль ·44 г/моль= 1,76 г
в) γ (NН3) = 1 л /22,4л/моль = 0,04 моль
m = γ·М m =0,04 моль ·17 г/моль= 0,68 г


2-мысал. Оттегін артық мөлшерде алып сутегінде жағады. Сосын газ қоспасын салқындатқанда оның көлемі 27 мл кемиді. Сутегінің көлемі қандай болған?
2 + О2 = 2 Н2О
2 : 1 = 2
Барлық көлем: 2+1=3; 27: 3 = 9 мл; 2мл · 9 = 18 мл Н2
3-мысал. Метан оттегімен қандай көлемдік қатынаста әрекеттеседі
СН4 + 2О2 = СО2 + 2Н2О
1 : 2 = 1 + 2
Құрам тұрақтылық заңы. 1801 жылы француз ғалымы Пруст заттардың құрам тұрақтылық заңының анықтамасын ұсынады:
«Химиялық қосылыс қандай жолмен алынған болса да, оның құрамы әрдайым тұрақты болады»
Мысалы, көміртек диоксидін мынадай үш жолмен алуға болады:
С + О2 = СО2
2СО + О2 = 2СО2
СаСО3 = СаО + СО2
Әрбір таза көміртек диоксидінің құрамында 27,29 % көміртек пен 72,71 % оттек бар.
Заттың құрамы сапалық, сандық және атомдық болып бөлінеді.
1.Сапалық құрамы: Н2О - элементтер: Н;О ; Nа24- элементтер: Nа ;S;О
2. Атомдық құрамы: Н2О -2:1 ; Nа24- 2:1:4
3. Сандық құрамы: Екі әдіспен өрнектеледі.
а) массалық ара қатынасы: Н2О = 2:16 =1:8
б) проценттік мөлшермен : Н2О w(Н) =2·100 /18= 11,1%; w(О) =88,9%
Еселік қатынас заңы. Ағылшын ғалымы Дальтон 1803 Еселі қатынас заңын ұсынады.
«Екі элемент бір-бірімен бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда , сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне, екіншісінен келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы, кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.»
Мысалы: Екі элементтің өзара түзген бірнеше қосылыстарының қайсысы болса да айырмашылығы үлкен болады. Демек, екі элементтің өз ара түзген қосылыстарын салыстырсақ, олардың құрамы секірмелі түрде өзгереді екен.Мысалы: СО мен СО2 салыстырып қарасақ С мен О мөлшері екі затта екі түрлі болады.
СО – С (42,88%) О (57,12%)
СО2 - С (27,29%) О (72,71%)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет