Химияның негізгі ұғымдары мен заңдары Дәрістің жоспары



бет5/9
Дата30.04.2023
өлшемі48,78 Kb.
#88567
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Химияны негізгі ымдары мен за дары Д рісті жоспары

Тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде заттың эквивалент факторын есептеу үшін электрондық баланс құрып, реакцияға қатысатын электрондар санын анықтау керек. Мысалы:
4 АІ° + 3О2° = 2 АІ2+3 О3-2
АІ° - 3е- → АІ+3 | 4 |
О2° + 4е- →2О-2 | 3 |
Реакцияға қатысатын электрондардың жалпы саны 12, сондықтан:
fэ(АІ) =4/12= 1/3 fэ2) =3/12= 1/4
М(АІ)= 27 г/моль М(О2)= 32 г/моль
Мэ (АІ)= 1/3·27= 9 г/моль Мэ2)= 1/ 4· 32 = 8 г/моль
Эквиваленттік мольдік көлем деп қалыпты жағдайда кез келген газдың бір моль эквивалентіне сәйкес келетін көлемді айтады.
Vэ= fэ · Vm Vэ2) = 1/2 · 22,4 =11,2 л
Vэ2) = 1/4 · 22,4 =5,6л
Алмасу реакциясындағы заттардың эквивалентін анықтау:
а) Н24 + NаОН = NаНSО4 + Н2О
Э(Н24) = 1моль mэ= 98 :1= 98 г
б) Н24 + 2NаОН = Nа24 + 2Н2О
Э(Н24) = 1/2 моль mэ= 98 :1/2 = 49 г
в) Сu(ОН)2 + НСІ = СuОНСІ + Н2О
Э(Сu(ОН)2) = 1моль mэ= 98 :1= 98 г
г) Сu(ОН)2 + 2НСІ = СuСІ2 + 2Н2О
Э(Сu(ОН)2) = ½ моль mэ= 98 :1/2= 49 г
д) АІСІ3 + 2 NаОН = АІ(ОН)2 СІ + 2NаСІ
Э(АІСІ3) = ½ моль mэ= 133,5 :1/2= 66,7 г
Эквивалент заңы: Элементтердің бір-бірімен әрекеттесетін мөлшерлері олардың химиялық эквиваленттеріне пропорционал болады.
Бұл заңды есептер шығаруға қолайлы болу үшін былай айтуға болады.
Әрекеттесетін заттардың массалары олардың эквиваленттік массаларына пропорцционал болады.
m1 / m2 = Э1 / Э2
Жай заттардың эквиваленттін мыны формула арқылы анықтауға болады: Э = А / В
Мысалы: Э(о) = 16/2 = 8 : Э(Мg)= 24/2 = 12
Күрделі заттардың эквивалентін былай табамыз:
Э(Н24) = 98/2 = 49
Э(АІ(ОН)3) = Мг /3= 78/3 = 26
Э(АІ2 (SО4)3 = 342/2•3 = 57
1-мысал. Мыс (ІІ) оксидідегі мыстың эквивалентік массасын анықтау.
m1/m2 = Э12 64/16= х/8 х=32
2-мысал. Мыс (І) оксидідегі мыстың эквивалентік массасын анықтау.
m1/m2 = Э12 128/16= х/8 х=64
3-мысал. Төмендегі тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеуі бойынша заттардың эквиваленттік массасын анықтаңдар.
Мn+4 О2 + НСІ-1 = Мn+2 СІ2 + СІ20 + Н2О
Мn+4 + 2е- = Мn+2 Э(МnО2) = 87:2 =43,5
СІ-1 -1е = СІ0 Э(НСІ) = 36,5:1=36,5
4-мысал. Реакция тендеуі бойынша қышқылдардың эквиваленттік массасын анықтаңдар.
а). 2NаОН + Н23 = Nа23 +2 Н2О
Э(Н23) = 82/2 = 41
б) NаОН + Н23 = NаНSО3 +2 Н2О
Э(Н23) = 82/1 = 82
5-мысал. 0,85 г Fе 0,50 г күкіртпен әрекеттеседі. Күкірттің эквиваленті 16 тең. Темірдің эквиваленттік массасын табыңдар.
m (Fе) / m(S) =0,85 /0,50 0,85 /0,50=Э Fе/ 16
Э Fе = 0,85·16/0,50 = 28
6-мысал. Хром оксидінің құрамы: Сг-68,42%; О- 31,58%. Оксидтегі хромның валентілігін табу.
Э(Сr) = 68,42·8/ 31,58= 17,3 n(Сг)=52/17,3=3
7-мысал. Массасы 0 ,6 г металл қышқылда ерігенде бөлінген сутегінің қ.ж. көлемі V=560 мл тең. Э(Fе)=?
m/Э = V/Vэ Vэ2)= 22,4/2 = 11,2
Эме = 0,6· 11200/ 560 =12,1
8-мысал. 0,402 г таза металдан 0,434 г оксид алынды. Оксидтің эквиваленттік массасын табу керек?
m(О) = 0,434-0,402 =0,032 m(МеО)/ЭМеО=m(О) /Э(О)
Э(МеО)= 0,434·8/0,032=108,5
Гей- Люссак заңы. Француз ғалымы Гей- Люссак 1808 жылы газдардың көлем қатынас заңын ұсынады.
Реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің өз-ара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.
Бұл заң арқылы кейбір ғалымдар атомдық салмақты анықтаудың жолын іздеді. Берцелиус атомдық теорияға сүйеніп, әртүрлі газдардың бірдей көлемдерінде атомдар саны да бірдей болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша газдардың бірдей көлем ішіндегі атомдар саны бірдей болатын болса, онда бір көлем азот пен бір көлем оттегінен түзілетін азот оксидінің де көлемі бірден артық бола алмайды ғой, өйткені оның күрделі атомының құрамы ең кемі азоттың бір атомы мен оттегінің бір атомынан тұру керек. Мысалы:
N + О = NО
Гей- Люссак газдарға тәжірибелер жасап бір көлем азотпен бір көлем оттегін әрекеттестіріп екі көлем азот оксидін алады.
N2 + О2 = 2NО
1 : 1 = 2
Авогадро заңы. Осындай дағдарыстан кейін Италия ғалымы Авагадро өзінің заңын ұсынады. Оның пікірінше газ күйіндегі жай заттардың кіші бөлігі атом емес, екі атомнан түзілген молекула дейді. Ол 1811 жылы өзінің гипотезасын ұсынады.
«Бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалардың саны да бірдей болады. »
Бұл заң ғылымға заттардың ең кіші бөлшегі молекула туралы түсінікті еңгізеді.
Бұған Дальтон мен Берцелиус қарсы болады. Ол уақытта екі элементтердің атомдары қосылуы үшін біреуі оң, ал екіншісі теріс зарядты болу керек деген көз-қарас болған.
Авогадро гипотезасын одан 2әрі қуаттаған – Италия ғалымы Канницарро болды. 1860 жылы Германияның Карлсруэ қаласында барлық елдердің химиктері алғаш жиналған сьезд болды. Жиналғандар екіге бөлініп айтысты. Канницарро бастаған материалист ғалымдар Авогадроның пікірін қуаттаған. Нәтижесінде сьезде молекула мен атомға анықтама береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет