4. Химиялық құбылыстар. Реакциялардың жіктелуі
Табиғаттағы барлық өзгерістерді (құбылыстарды) екіге бөлуге болады.
а) Физикалық құбылыс б) Химиялық құбылыс
Физикалық құбылыс . Физикалық құбылыста заттың пішіні мен физикалық күйі өзгереді, бырақ мүлдем басқа затқа айналмайды . Мысалы. Қыздыру, булану, ұсақтау, механикалық қозғалыс т.б.
(судың буға айналуы, мұзға айналуы т.б.)
Химиялық құбылыс.Бір зат бастапқы құрамы, құрылысы және қасиеті жағынан өзгеше екінші бңр затқа айналатын құбылыстар. Мысалы: тотығу, жану, тот басу, ашу және т.б.(темірдің даттануы, ағаштың жануы т.б.)
Химиялық реакциялардың жіктелуі
Қосылу реакциялары
С + О2 = СО2
Айырылу реакциясы
2 НВг → Н2 +Вг2
Орын басу реакциясы
СuSО4 + Fе → Fе SО4 + Сu
4. Алмасу реакциясы
NаСІ + АgNО3 → NаNО3 +АgСІ ↓
Қайтымды реакциялар
Н2 + СІ2 ↔ 2 НСІ
Қайтымсыз реакциялар
СаСО3 + 2НСІ → СаСІ2 + Н2О + СО2 ↑
Экзотермиялық реакциялар
С + О2 → СО2 , Δ Н= - 394 кДж
Эндотермиялық реакциялар
СаСО3→ СаО + СО2, Δ Н= + 180 кДж
Гомогенді реакциялар
2NО(г) + О2(г) → 2 NО2(г)
Гетерогенді реакциялар
2S(қ) + О2(г) → 2 SО2(г)
Катализдік реакциялар
2SО2 + О2 к→ 2 SО3
Катализдік емес реакциялар
4 КСІО3 → КСІ + 3КСІО4
12. Тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар
С° + О2 ° = С+4 О2-2
13. Тотығу дәрежесі өзгеремей жүретін реакциялар
КОН + НNО3→ К NО3 + Н2О
5. Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1.Мыс купоросының салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер
А) 250г; В) 125г; С) 413г; Д) 212г; Е) 310г;
2.КОН толық нетралдау реакциясындағы күкірт қышқылы эквивалентінің молярлық массасы:
А) 49г/моль; 1,98г/моль; В) 1,98г/мол С) 32,6г/моль; Д)24,5г/моль; Е) 19,6г/моль;
3.Мыс (ІІ) оксидінің қандай массасында 128 г мыс бар?
А) 160; В) 32г С) 40,6г; Д) 24,5г Е) 19,6г
4. Алюминий оксидінің 10,2 г массасында қанша алюминий бар?
А) 5,4; В) 9г; С) 2,6г Д) 4,5г; Е) 19,6г;
5.Массасы 40 г оттек газының көлемін (қ.ж) және ондағы молекулалардың санын табыңыздар.
А) 28 л; 7,525 •1023 В) 30 л; 1,525 •1023 ; С) 32л; 4,525 •1023 ;
Д) 24,5л; 6,525 •1023 ; Е) 25л; 3,525 •1023 ;
6.Фосфор қышқылының эквиваленттік факторы:
А) 1/3 моль; В) 1 моль; С) ½ моль; Д) 1/6 моль; Е) 1/7 моль;
7. Натрий карбонатының процентпен алынған сандық құрамы қандай?
А) 43,2; 11,5; 45,3 В) 33,2; 21,5; 55,3 С) 23,2; 41,5; 35,3 Д) 43,2; 11,5; 45,3 Е) 33,2; 21,5; 35,3;
8. 98 г бертоле тұзында қанша оттек бар?
А) 38,4; В) 48г С) 32г; Д) 81г; Е) 62г;
9. 20 % бос жынысы бар 20 т қызыл темір тас рудасында қанша темір болады?
А) 11,2 т; В) 1,8 т; С) 3,2 т; Д) 4,8 т; Е) 12,1 т;
10. Құрамында 32,43 % натрий, 22,55 % күкірт, 45,02 % оттек бар заттың қарапайым формуласы қандай?
А) Nа2SО4; В) NаНSО4; С) Nа2SО3; Д) NаSО4; Е) 2Nа2SО2;
Әдебиеттер.
1. Б!р!мжанов Б.А. Жалпы химия : Окулык / Б.А. Б!р!мжанов. - Алматы : ЖШС РПБК "Дэу!р", 2011. - 752 бет
Достарыңызбен бөлісу: |