Химиялық элеметтің салыстырмалы атомдық массасы (Аг) - берілген атомның көміртегі атомының 12С 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін масса
Аг(атом) = m(атом) / m(м.а.б.)
Атомдардың массаларын салыстыру үшін алынған масса бірлігін массаның атомдық бірлігі (м.а.б.) деп атайды. Мысалы:
Аг(О) = 2,667•10-26 / 1/12 (1,993•10-26 ) = 15,9994= 16
Заттардың салыстырмалы молекулалық массасы (Мг)
Мг (Н2SО4) = 1•2+32+4•16= 98
Химиялық теңдеу бойынша өнімнің шығымын есептеу барысында заттың массасы емес, оның мөлшері жиі қолданылыды.
Зат мөлшері (ν) – берілген заттың құрылымдық бірлігінің белгілі бір санын смпаттайды. Зат мөлшері бірлігі ретінде 1 моль қабылданған.
Кез келген заттың 1 моль мөлшеріндегі құрылым бірліктерінің саны бірдей және ол - 6,02• 1023 тең. Бұл сан Авогадро тұрақтысы деп аталады және NА деп белгіленеді:
NА =6,02• 1023
NА(С) =m/mс = 0,012 кг / 1,993•10-26 = 12 г/ 1,993•10-23= 6,02• 1023
ν = N/ NА ν = V/ Vm ν = m/ М
2. Химияның стехиометриялық заңдары
Заттар массасының сақталу заңы. 1748 жылы М.В.Ломоносов Заттар массасының сақталу заңын ұсынады: «Реакцияға қатысқан барлық заттардың массаларының қосындысы реакция нәтижесінде түзілген өнімдердің массаларының қосындысына тең».
Бұл заңның екінші жағы бар. Ол энергияның сақталу заңы.
«Энергия жойылмайды, жаңадан да түзілмейді, тек бір түрден екінші түрге эквивалентті молшерде ауыса алады»
Химиялық реакция кезінде жоқтан атомдар пайда болмайды. Сондықтан реакция кезінде барлық атомдар саны өзгермейді.
2 Н2 + О2 = 2 Н2 О
4 + 32 = 36
Осындай есептеу арқылы шыққан заттың массасын анықтауға болады. Ал өндірістерде іс жүзінде көптеген шығындар есебінен шыққан заттың массасы алғашқы заттың массасынан зат массасының сақталу заңына байланысты біршама кем болады. Мұндай есептеулерде шығымдық ұғым пайдаланылады.
η = mпракт. / mтеор ·100
1-мысал. 10 г СиО сутегімен тотықсыздандырғанда неше грамм су түзіледі.
Шешуі: 10 хг
СиО + Н2 = Си + Н2 О
80 18
х =10·18 / 80 = 2,25г (Н2 О)
2-мысал. Массасы 5,60 г СиSО4 ерітіндісіне NаОН ерітіндісі қосылады. Сонда 3,06 г тұңба түзіледі. Тұңбаның шығымының массалық үлесін табу.
Шешуі: 5,60 г хг
СиSО4 + 2 NаОН = Си(ОН)2 + Nа2SО4
160 98
х= 5,60 · 98 / 160= 3,43
η = mпракт./ mтеор·100= 3,06 ·100/ 3,43 = 89,2%
1905 жылы А. Эйнштейн дененің массасы мен оның энергиясының арасындағы байланысты яғни тәуелділікті анықтап, оны мынадай формуламен өрнектейді:
Е = m с2
С- вакумдегі жарықтың жылдамдығы, m- масса, Е-энергия
Химиялық процестердің қайсысын алсақ та онда энергиялық өзгерістер қабат өтеді. Химиялық процесс кезінде бір зат екінші затқа айналады. Соған байланысты атомдардың орналасу реті де өзгереді және жүйенің энергиясы өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |