І. Қ Азақ тіл біліміндегі таным теориясының Әдіснамалық негіздері



бет2/14
Дата21.10.2023
өлшемі180,13 Kb.
#120265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Зерттеудің мақсаты. А.Байтұрсынұлы еңбектері бойынша таным теориясының ғылыми және әдістемелік негіздемесін талдай отырып, зерттеу нысанының қазіргі тіл біліміндегі таным мәселесімен сабақтастығын анықтау. Көрнекті ғалымның таным теориясына қатысты ұстанымдары мен пікір-көзқарастарын, тұжырымдарын жүйелей келіп, жоғары оқу орнында оқитын студенттерге таным теориясын меңгертудің әдістемесін ұсыну.
Зерттеудің міндеттері.
- қазақ тіл біліміндегі таным теориясының қалыптасу тарихы мен даму бағытын айқындау;
-аса көрнекті ғалымның еңбектеріндегі танымдық бағыттар мен тұжырымдарды анықтау;
-тілші-ғалым зерттеулеріндегі таным теориясының ғылыми негіздерін жүйелеу;
- А.Байтұрсынұлы пікір- көзқарастары бойынша қазақ тіл біліміндегі таным теориясының әдіснамалық негізін дәйектеу;
-А.Байтұрсынұлы зерттеулеріндегі таным теориясының ұстанымдарын айқындау және олардың бүгінгі күнмен сабақтастығын көрсету;
-жоғары оқу орнында А.Байтұрсынұлы еңбектері негізінде таным теориясын оқытудың лингводидактикалық қағидасын белгілеу;
-тілші-ғалымның еңбектеріне сәйкес таным теориясын игерту барысында іске асырылатын жаңашыл технологияларды анықтау;
- ЖОО тілдік таным мәселелерін оқытуға арналған эксперимент нәтижесін сараптау.
Зерттеу нысаны. А.Байтұрсынұлы еңбектеріне негізделген тіл біліміндегі таным теориясының қалыптасуы мен дамуы және оны оқытудың әдістемелік негізін зерттеу.
Зерттеудің дерек көздері. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі танымдық көзқарастары мен тұжырымдары назарға алынды. Зерттеу тақырыбының педагогикалық аспектісін анықтау үшін М. Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жарықбаев сынды ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Тіл білімінің зерттеушілері, соның ішінде отандық ғалымдар: Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Н.Оралбаева, Ж.Манкеева, Уәлиев Н., Б.Қалиев, Ф.Оразбаева, Б.Хасанұлы, Г.Қосымова, Г.Смағұлова, О. Жұбаева, Б.Сағынова, Ж. Дәулетбекова, М.Абаева, шетелдік зерттеушілер: С.Каплан, Г.Кегел, М.Арбиб, Х.Янковски және т.б. авторлардың ғылыми еңбектері пайдаланылды. Біздің ғылыми зерттеуімізге психологиялық аспектіде арқау болған авторлар: Ж. Аймауытов, Ж. Пиаже, Ж. Намазбаева, С. Жақыпов, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет