І. Қ Азақ тіл біліміндегі таным теориясының Әдіснамалық негіздері



бет3/14
Дата21.10.2023
өлшемі180,13 Kb.
#120265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Зерттеу әдіс-тәсілдері. А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі және жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі, философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылым салаларындағы адам дүниетанымына және тілтанымға байланысты зерттеулер, пікір-көзқарастар, тұжырымдар алынды.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Таным теориясы мен тілтаным мәселесінің басты ұстанымдары көрнекті ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдарға сүйеніп, жүйелі түрде қарастырылуы тілдік мұраның қазіргі кезеңде де маңызды екенін аңғартады; таным теориясының қалыптасу тарихын лингвистиканың жаңа бағыттарымен сабақтаса меңгертуге мүмкіндік береді. Тіл табиғаты мен адам, ұлт болмысын терең білуге ықпал етеді. Танымы кең, білімі жоғары, білікті маман даярлауға жағдай жасайды. Егер, филология мамандықтарына А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі таным теориясының өзекті мәселелері арнайы оқытылса, онда қазақ тіл біліміндегі таным теориясы, оның ғылыми ұстанымдары және тілтанымдық мәселелері туралы білімдері жетілген мамандар дайындалады. Студенттерге тіл біліміндегі таным мәселелерін, оның басты ұғымдарын, теориясын әлемнің тілдік бейнесін, ұлттық таным, психолингвистикамен байланысты толық меңгерту интеграциялық білім беруге алғышарт жасайды. Ізденістен туындаған жұмыстың шешімдері студенттердің тілдік, қатысымдық, тұлғалық, ұжымдық, шығармашылық – интеллектуалдық-танымдық құзыреттіліктерін дамытуға септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысымның практикалық маңыздылығы. Зерттеу бойынша жасалған тұжырымдарды, ғылыми-практикалық пікір-көзқарастарды жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы курстарымен, қазіргі қазақ тілін оқытумен, когнитивтік лингвистикамен байланыстырып, психолингвистика, лингвомәдениеттаным, әлеуметтік лингвистика бойынша оқылатын дәрістерде, элективті сабақтарда пайдалануға болады. Ғалымдардың таным мәселесіне арналған зерттеулерін оқытуға бағытталған модельді, сабақ үлгілерін, бағдарламаны оқу-әдістемелік кешендер әзірлеуде, оқу құралдарын даярлауда қолдануға болады.

І. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ТАНЫМ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ (А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ БОЙЫНША)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет