И. А. Зимняя педагогикалық психология


§ 2. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны



Pdf көрінісі
бет100/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

§ 2. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны 
 
Оқу іс-әрекетінің пәні 
Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмҧнын талдау, кез-келген басқа іс-
әрекет сияқты, оның пәнін анықтаудан, яғни іс-әрекеттің неге 
бағытталғанын анықтаудан басталады: бҧл жерде – білімдерді игеруге, 
әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игеруге, әрекет тәсілдері мен 
амалдарын, 
оның 
бағдарламаларын, 
алгоритмдерін 
ӛңдеуге 
бағытталған, осы ҥрдіс барысында ҥйренушілердің ӛзі де дамиды. Оның 
мазмҧны, пәні осы болып табылады. 
Д.Б. Эльконин бойынша, оқу іс-әрекеті игеруге тепе-тең емес – ол 
оның негізгі мазмҧны болып табылады және игеруді қамтитын оның 
даму деңгейі мен қҧрылымы арқылы анықталады. Сонымен бірге, оқу 
іс-әрекеті субъектінің ӛзінің ӛзгеруіне бағытталғандықтан, (ол оқу іс-
әрекеті жетекші болып табылатын кіші мектеп жасында елеулі 
мӛлшерде, тіпті іс жҥзінде кез-келген жаста кӛрінеді) игеру субъекттілік 
ӛзгерісті интеллектуалдық, тҧлғалық тҧрғыда жанамаланады, бҧл да 
оқу іс-әрекетінің пәніне жатады.
Оқу іс-әрекетінің құрал мен тәсілдері 
Оқу іс-әрекетінің жҥзеге асуына кӛмектесетін қҧралдарды ҥш 
тҧрғыдан қарастырған жӛн. Біріншіден, бҧл оқу іс-әрекетінің танымдық 
және зерттеушілік қызметтерінің негізінде жатқан интеллектуалдық 
(С.Л. Рубинштейн терминдерінде – ойлау операциялары) әрекеттер: 
талдау, синтез, жалпылау, жіктеу және т.б. Екіншіден, бҧл белгілік
тілдік, вербалдық қҧралдар, осылардың формасында білім игеріледі, 
рефлексияланады және даралық тәжірибе ӛндіріледі. Ҥшіншіден, бҧл 
негізгі білімдер, оларға жаңа білімдер қосылуы арқылы оқушының 
даралық тәжірибесі, тезаурусы қҧрылымданады.
Осы ҥш қҧралдардың бірігуі жайлы С.Л. Рубинштейннің жалпы 
оқу теориясында неғҧрлым толығырақ айтылған. Бҧл теория бойынша 
«проблеманы шешу немесе шешуге тырысу әдетте бұрыннан бар 
білімдерден қандай да бір жағдайларды, шешу әдістері немесе 
құралдары ретінде алуды ұйғарады» [194, 1 т., 375 б.]. 
Осыған сәйкес, мектептегі оқу ҥрдісінде, әсіресе кіші мектеп 
жасында оқу іс-әрекетке араласу бір мезгілде оның қҧралдарымен де 
жҧмыс істеуді ҧйғарады.


186 
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері қайта жаңғыртушы, проблемалық-
шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттерді қосатын кӛпқыр-
лы болуы мҥмкін (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов). Оқу іс-әрекетінің 
тәсілдері – бҧл қалай оқу керек, қандай тәсілдермен білім алу керек 
деген сҧрақтарға жауап. Тәсілдердің неғҧрлым толық және кең тҥрдегі 
сипаттауы ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасуы теориясында 
берілген (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина). Мҧнда бағдарлану принципі, 
сыртқы, заттық әрекеттен ішкі, ақыл-ой әрекетіне кӛшу және осы 
кӛшудің оқушының ӛзі қалай жасағанына қатысты сатылылығы оқу іс-
әрекетінің тәсілдерін толықтай ашып кӛрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет