И. А. Зимняя педагогикалық психология


§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері



Pdf көрінісі
бет74/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

 
§ 2. Педагогтың субъекттілік қасиеттері 
Жалпы педагогикалық ықпал 
Ғасырдың басында-ақ П.Ф. Каптерев: «оқыту ахуалында мұғалім 
бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалар оқытудың тәрбиелік 
ықпалын жоғарлатады немесе тӛмендетіп отырады, – деп кӛрсеткен 
[83, 595 б.]. Сонда ол педагогтың, ҧстаздың қандай қасиеттерін негізгі 
деп анықтаған? Ең алдымен, ол «арнайы мҧғалімдік қасиеттерді» 
кӛрсеткен, оған «мҧғалімнің ғылыми дайындығын» және «жеке 
мҧғалімдік талантты» жатқызады. 
«Объективті сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің ӛзі оқытып 
отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, туыстас 
пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр; содан кейін
пән әдіснамалығымен, жалпы дидактикалық принциптермен 
таныстықта, және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін 
балалар жаратылысының қасиеттерін білуде жатыр; субьективті 
сипаттың екінші қасиеті – оқытушылық ӛнерде, жеке педагогикалық 
талант пен шығармашылықта жатыр» [83, 595 б.]. Екіншісі 
педгогикалық 
әдепті, 
педагогикалық 
ӛз 
бетіншелікті 
және 
педагогикалық ӛнерді қамтиды. Мҧғалім ҥнемі ізденісте, қозғалыста, 
даму ҥстіндегі дербес, еркін жасампаз тҧлға болуы керек. П.Ф. 
Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мҧғалімді «ӛздігінен білім алу 
мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады», біріктіреді, және де 
олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама-қарсы жағы 
болып табылады» деген пікірі, мҧғалім мен оқушының оқыту 
процесіндегі нағыз оқудағы еңбектестігінің психологиялық табиғаты 
мен қажеттілігін тҥсіну ҥшін негізгі болып табылады.
«Ақыл-ойлық» қасиеттерге жатқызылған «арнайы» мҧғалімдік 
қасиеттермен қатар, П.Ф. Каптерев мҧғалімнің қажетті тҧлғалық 
«адамгершілік–еріктік қасиеттерін» де кӛрсетіп, оларға бейтарапты-


131 
лықты (объективтілік), ілтипаттылықты, сезгіштік (әсіресе, әлсіз 
оқушыларға), адал ниеттілікті, тӛзімділікті, шыдамдылықты, әділетті-
лікті, балаларға деген шынайы сҥйіспеншілікті жатқызады. Бҧл жерде 
«балалар мен жастық шаққа деген сүйіспеншілікті мұғалімдік 
мамандыққа деген сүйіспеншіліктен ажырата білу керек: балаларды 
ӛте жақсы кӛріп, жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік іс-
әрекетке кӛңіл соқпауы мүмкін; керісінше, мұғалімдік іс-әрекетке 
қарсы болмай, тіпті оны басқалардан артық кӛріп, бірақ, балаларға
жастық шаққа мүлдем кӛңіл соқпауы мүмкін» [83, 606 б.]. Сірә, тек 
шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа деген шынайы сҥйіспен-
шіліктің бірігуі ғана мҧғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз ететін болар.
Қазіргі кездеггі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген 
сҥйіспеншілікті ғана мҧғалімнің маңызды тҧлғалық және кәсіби қыры 
деп есептеу керектігін, және де оларсыз тиімді педагогикалық іс-
әрекеттің мҥмкін еместігін кӛрсетеді. В.А. Крутецкий осыған адамның 
балалармен жҧмыс істеуге және араласуға бейімділігін қосады. 
Сонымен қатар, мҧғалім ҥшін ӛзін-ӛзі жетілдіру, ӛзін-ӛзі дамыту 
тілегінің маңыздылығын да атап ӛтейік, себебі, К.Д. Ушинский дәл 
кӛрсеткендей, мҧғалім оқу ҥстінде болса ғана ӛмір сҥреді, ол қалай 
оқуды тоқтатса, оның бойында мҧғалім ӛледі. Осы маңызды ойды П.Ф. 
Каптерев, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және 
тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап кӛрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет