«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты»


Материяның қозғалу нысандары



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі57,04 Kb.
#128156
1   2   3
Материяның қозғалу нысандары - материалдық объектілердің қозғалысы мен әсер етуінің негізгі типтері, олардың толығымен өзгеруін бейнелейді. Әрбір денеге материя қозғалысының бір емес, бір катар нысандары тән. Фридрих Энгельс негізгі бес нысанды бөліп қарастырды: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік
Материя - ол барлық формалардың реалды мүмкіндіктері емес, ол болмыстағы олардың шындығы.
> Әлем және әлемдегі барлық нәрсе – хаос емес, заңды ұйымдасқан жүйе, жүйелер иерархиясы.
> Материяның құрылымы астарында тұтастылықтың ішкі бөлінісі мен тұтастық құрамындағы элементтер байланысының заңды тәртібі жатыр


Қорытынды

Жоғарыда айтылған болмыс туралы ой-пікірлерді жинақтай келе былайша тұжырымдауға болады:


дүние бар, ол шексіз де тұрақты тұтас нәрсе ретінде өмір сүреді;
табиғи және рухани құбылыстар, жеке адамдар мен қоғам – бәрі әр түрлі болғанымен тең өмір сүреді;
дүние – ақиқат және ол адамдардың санасы мен іс-әрекетінен нақты көрініс таба алады.
Уақытында ұлы И. Қант айтып кеткеніндей Құдайдың барлығын, я болмаса жоқтығын ешкім ешқашанда дәлелдей алмайды, ол – ашық сұрақ. Бірақ дүниеде өмір сүріп жатқан тірі адамның жан дүниесі, сана-сезімі, рухы барын ешкім де теріске шығара алмас.

Болмыс ұғымы заттар, процестер, құбылыстар қасиеттерін нақты түрде қамтымайды, өмір сүру фактісін белгілеумен ғана шектелмейді. Керісінше, олардың арасындағы жалпылық сипаттағы күрделі байланыстардың, тұтастығы мен бірлігін талдап қарастыруға мүмкіндік береді. Болмыстың философиялық түсінігі арқылы абстракциялық ойлаудың биік деңгейіне көтерілеміз, табиғат пен адам, адам мен оның жан-дүниесі, рухы, жеке кісі мен қоғам арасындағы айырмашылықтардан оқшауланамыз. Бұдан болмыс, таза ой, идея екен деген пікір тумауға тиіс. Болмыс ұғымы арқылы дүниенің бар екеніне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін неғұрлым ортақ, жалпы әлемдік байланысты іздестіреміз.



Әлемнің сыр-сипаты, дүниенің түп мағынасы, ішкі мәнін, айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігі – «болмыс» деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Большаков А.В., Грехнев В.С., Добрынина В.И. Основы философских знаний. М. Общество "Знание" России, 1997.



  1. Мир философии. Книга для чтения, 1-часть -М., 1991.



  1. Философия: теорияи методология: Учебное пособие под ред. М. Галкина, МЭСИ, 1991.



  1. Философского понимание мира: Учебное пособие под ред. В.В. Терентьева, МИИТ, 1994.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет