Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет14/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

мақсаты  – 

тілді  меңгерудің  халықаралық  стандарттары  негізінде  қарапайым  және  негізгі 

(негізгі  деңгейдің  алғашқы  игерімі)  деңгей  бойынша  қазақ  тілін  қатысымдық 

тұрғыдан  меңгерту;  сөйлесім  әрекетінің  түрлеріне  сай  оқушыны  тілдік  білім 

негізінде  түсінікті  сөйлеуге,  сауатты  жазуға  үйрету  арқылы  дара  тұлғаның 

тілдік қабілетін дамыту. 

Бұл мақсаттан төмендегідей міндеттер туындайды:  

оқушыларға  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  күнделікті  қарым-қатынас 



деңгейінде меңгерту; 

оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту; 



қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту; 

ойын  жағдаяттарында  қазақ  тілін  қолдану  арқылы  оқушыларды  жаңа 



әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру; 

оқушыны  сөйлесімдік  қарым-қатынастың  жаңа  тәсілдеріне  (қазақ 



тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне 

баулу; 


27 

 



  

оқушылардың  оқу  білігін,  шынайы  өмірлік  жағдаяттарда  алған  тілдік 



білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру; 

оқушыларды  қазақ  халқының  балаларға  арналған  әндерімен, 



тақпақтарымен  және  ертегілерімен,  фольклорымен,  көркем  әдебиетімен, 

ойындарымен  таныстыру; 

оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, 



мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу [13].  

Жалпы  білім  беретін  ұйымдардың  бастауыш  білім  беру  деңгейінде 

мемлекеттік  тілді  меңгерту  мақсатында  айқындалған  бұл  міндеттер  «Тіл 

туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары мен «Қазақстан-

2050» 

Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 



Қазақстан  халқына  Жолдауында  белгіленген  міндеттерден  туындап  отыр  [14, 

15,  16].  Елбасы  жүктеген  тапсырма  тілді  оқытудың  ұтымды  әдістері  мен 

тәсілдерін,  тиімді  жолдарын  анықтауды  талап  етеді.  Осыған  байланысты 

Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының  базасында 

республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен қазақ тілін мемлекеттік тіл 

ретінде меңгерту, яғни қазақ тілді емес жалпы білім беретін ұйымдарда жүретін 

«Қазақ тілі» пәнін оқыту бағдарламалары [17] дайындалды. Бұл бағдарламалар 

тілді меңгертудің халықаралық стандарттарына негізделіп, өркениетті елдердің 

тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлерді үйлестіре отырып әзірленді.  

Қазақстан  Республикасындағы  қазақ  тілді  емес  жалпы  білім  беретін 

мектептердің  1-4-сыныптарына  арналған  «Қазақ  тілі»  пәнінің  оқу 

бағдарламасында  әлемдік  білім  кеңістігінде  орныққан  «Шетел  тілдерін 

деңгейлеп  меңгертудің  еуропалық  жүйесінде»  белгіленген  тілді  игерудің 

деңгейлері  мен  олардың  сипаттары  негізге  алынып,  қазақ  тілін  үйретудің  

деңгейлері белгіленген және оқушының білім, білік, дағдылары бастауыш білім 

беру  жүйесінде  тілді  деңгейлік  меңгерту  талаптарына  сәйкестендіріліп, 

жіктелген.  Соған  сәйкес  бастауыш  мектептің  1-3-сыныптарына  қарайым 

деңгейді, ал 4-сыныбына негізгі деңгейді меңгерту көзделеді.  

Қарапайым деңгей (А

1

)  



3 игерімді қамтиды. Олар: 



бастапқы орташа игерім (А

1

)

 

– 1-



сынып;  



бастапқы толық игерім (А

1.1

)

 

– 2-



сынып;  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет